14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Алматылық аруды зорлаған прокуратураның экс-қызметкері бостандықта жүр

Алматыда қыз зорлады деген күдікке ілінген прокуратураның экс-қызметкері бостандықта жүр. Досымен бірге аруды алты сағат бойы қорлаған азғынның арыздан да қорқатын түрі жоқ. Өйткені іс қозғалған күннен бақандай 9 ай өтсе де, бұрынғы мемлекеттік қызметші тамыр-танысының арқасында әлі де жазаланбай келеді. Өкініштісі, елде осындай арам пиғылды еркектердің тарапынан әр оныншы бойжеткеннің ары тапталады екен.

Подробнее...

Мектепте коронавирус жұқтырған мұғалімге өтемақы төленбейді

Мектепте жүріп, вирус жұқтырып алған мұғалімге өтемақы төленбейді. Ал оқушы індетке шалдықса, сыныптастары мен ұстаздары да оқшауланады. Осылай деген Білім және ғылым министрі жаңа оқу жылына дайындық барысын тағы бір пысықтады. Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, өткен онлайн оқудағы олқылықтар биыл қайталанбайды. Компьютерге де тапшылық туындамайды. Ал кезекші топтар вирусқа тест тапсыруы қажет пе? Ата-аналар мен оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Подробнее...

5 жасар баланың өліміне жауапты жазаланды

«Салғырттық кесірінен баламыздан айырылдық». Қостанай облысының Арқалық қаласында бес жасар бала құдық суына батып кетті. Қайғылы оқиға өткен жылы болса да, күні бүгінге дейін кәріз жүйесіне жауапты Арқалық жылу-энергетикалық компаниясынан ешкім жазаланбапты. Жалғыз ұлынан айырылған отбасы тіпті, қалалық сотқа да жүгінген. Алайда жергілікті Фемида «жығылғанға жұдырық» демекші, коммуналдық компанияның басшыларын ақтап шығарған. Мұнымен келіспеген бес жасар бүлдіршіннің жақындары облыстық сотқа …

Подробнее...

6 мың теңге үшін ауылдастарының итін өлтіріп, сойып жеген

Солтүстік Қазақстан облысында үш тұрғын итті ұрып өлтіріп, сойып, отқа қақтап жеген. Жаға ұстатарлық жағдай Большая Малышка елді мекенінде болды. Осы оқиғаға қатысты жеті қазынаның қожайыны полицияға арызданған. Айтуынша, үш ауылдасы оның итін жеп қойған. Ол үшеудің біреуіне 6 мың теңге қарыз болған. Соның өтеуі ретінде итін берген. Алайда ауылдастары ол итті үй күзету үшін емес, жеу үшін алған екен. …

Подробнее...

Арықтан табылған баланы құтқару сәті жарияланды

Алматыда арықтан табылған баланы құтқару сәтінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видео авторының айтуынша, нәрестенің шырылдап жылап жатқанын естіген көпшілік оны дереу іздестіруге кіріскен. Мына кадрдан бірнеше адамның арыққа қарай бет алғаны байқалады. Ер адам арық ішінен нәресте…

Подробнее...

БҚО: Той жасағандар жайлы хабарлағандарға сыйақы беріледі

Карантинге қарамастан той өткізіп, ас бергендер жайлы хабарлағандарға сыйақы беріледі. Батыс Қазақстан облысының басшылығы өңірде індеттің таралуын тежеу үшін осындай тың әдісті қолға алмақ. Аймақ әкімі Ғали Есқалиевтің сөзінше, өңірде осындай жағдайды қадағалайтын 130 бақылау тобы бар. Алайда, олар таңнан кешке дейін елді мекендерді араласа да бәрін бірдей анықтай алмайды екен. Сондықтан мұндай оқиғарды білген әрі жақындары мен таныстарының денсаулығына …

Подробнее...

Шатыры бітпеген үйді жауын суы шайып кетті

Табиғаттың тосын мінезі тараздықтарды әбден әбігерге салды. Таңда басталған нөсер жауыннан тұрғын үйлердің іргетасы үгітіліп, қабырғалары сөгілуде. Шатырдан сорғалап аққан жаңбыр суы жөндеу жүріп жатқан ғимараттардың да тас-талқанын шығарды. Жиған-тергендері бүлініп, берекесі қашқан тұрғындар өз күштерімен амалдауға мәжбүр. Ал әкімдіктегілердің біреуі де төбе көрсетпеді деп ашынған олар кеткен шығынның өтеуін кімнен сұрарын білмей дал.

Подробнее...

Түркістан облысында автобус аударылып, 25 адам ауруханаға түсті

Түркістан облысында жолаушылар мінген автобус аударылып қалды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол шетіндегі 3 метр тереңдікке құлап кеткен. Салдарынан 25 адам ауруханаға түскен. Оның үшеуінің жағдайы тым ауыр дейді дәрігерлер. Ал, тәртіп сақшылары болса, жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.

Подробнее...

Үйімізді құрт-құмырсқа басты!

«Үйімізді құрт-құмырсқа жайлап кетті». Елорданың Орталық парк аумағына енетін Әзірбайжан Мәмбетов көшесіндегі тоғыз үйдің тұрғындары біздің арнадан көмек сұрады. Қаланың ең көрікті жерінде тұратындар онға жуық үйдің «сырты бүтін, іші түтін», дейді. Тоз-тозы шыққаны соншалық, үйлерді құрт-құмырсқа жайлаған. Шағымданушылар бұған пәтер иелері кооперативіндегілер кінәлі дейді.

Подробнее...

Саясаттанушы: Мәслихат депутаттары бюджетті бірге мүжиді

Мәслихат депутаттары халықтың көзі, құлағы һәм тілі болғанның орнына әкімдердің сойылын соғып, айтқанынан шықпайды. Олардың көбі жергілікті бизнесмендер мен белсенділер. Бұл тенденцияны жою үшін мәслихаттардың құрамын жаңартып, оған ойы азат жастарды көбірек тарту керек. Саясаттанушы Ерлан Сайыровтың әлеуметтік желідегі жазбасы осыған саяды. Жергілікті жерлдердегі халық қалаулылары расымен «ләппай тақсыр» деп атқарушы биліктің алдында зыр жүгіре ме, әлде бас көтеріп қарашаның …

Подробнее...
X