Коронавируспен ауырып шыққан алматылықтарға 50 мың теңгеден төленуі мүмкін. Мұндай ұсынысты мегополистегі Маслихат депутаттары айтып отыр. Одан бөлек, әлем елдері асыға күтіп жүрген жұқпалы індетке қарсы екпе де дайын болыпты. Ресейлік вакцинаны алғашқылардың бірі болып біздің отандастырмыз алуы үшін, еліміздің бас дәрігері жұмыс сапарымен Мәскеуге аттаныпты. Сонымен екі ел келісімге келді ме? Жалпы республика бойынша эпид ахуал қалай?
Подробнее...Новости
1 қыркүйекте президент халыққа жолдау жасайды
1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жасайды. Қасым-Жомарт Тоқаев оны Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияламақ. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады. Айта кетейін, 2019 жылдың 20 наурызында Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт …
Подробнее...Екі турист құздан құлап, біреуі оқиға орнында жан тапсырды
https://youtu.be/kyHwE5FS66k Сайрам су шатқалына демалуға барған екі кісі құздан құлап, әйел адам оқиға орнында жан тапсырған. Ал ер адамның жағдайы ауыр, қабырғасы сынып, дене мүшелері үсіп қалған, тыныс алуы қиын. Оқыс жағдай Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы «Сайрам-Өгем» Ұлттық паркінің аумағында болған. Бес турист кешкі уақытта теңіз деңгейінен 4236 шақырым биікте орналасқан «Сайрам» мұздығына қарай көтерілген. Олар жолда таудан түсіп …
Подробнее...Ақмола облысында 13 жастағы қыз жоғалып кетті
Ақмола облысында 13 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті. Жасөспірімді полиция қызметкерлері, еріктілер, туған-туыстары осымен 5 күн бойы үздіксіз іздестіріп жатыр. Қыз бала отбасымен бірге Щучинск қаласында тұрады. Алайда, жоғалар күні ол Көкшетау маңындағы Нұрлы көш ауылында тұратын туыстарының үйіне қонаққа барған. Әйгерім Хайдарова 20 тамыз күні шашын боятпақ болып туыстарының үйіне 1-2 шақырым жердегі Красный Ярдағы шаштаразға кеткен. Салонға барған …
Подробнее...Алматыда арықтан жаңа туған сәби табылды
Арықта бала жата ма? Алматыда жаға туған нәрестені анасы көшеге тастап кеткен. Абырой болғанда куәгерлердің бірі баланың жылаған дауысын естіп, сәбиді бір ажалдан құтқарып қалды. Дүниеге есігін ашпай жатып тастанды болған бүлдіршіннің кіндігін шала кесілген және жұқа жөргекке оралған екен. Әлсіреген бала даңғыл бойында түнімен жатқан.
Подробнее...Елордада үлескерлер бас көтерді
Жүздеген адам далада қалды! Мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйді соңғы ақшаларына сатып алған тұрғындар, енді құрылысы әлдеқашан бітіп қойған баспананың кілтін ала алмай жатыр. Тұрғын үй кешенінің төрайымы оларды пәтер иелері тізімінен шығарып тастаған көрінеді. Енді үйсіз-күйсіз қалған астаналықтар әкімдіктің алдында жиналып, базынасын айтуға мәжбүр болды. Бас қаладағы даудың ортасына біздің түсіріліп тобы да барып қайтқан еді.
Подробнее...Коронавирус: Күзгі сценарий
Елімізде қара күзде 50 мың адам коронавирус жұқтырып, күніне 100-ге жуық жан көз жұмады деген рас па? Вирусолог ғалымдар түрлі сценарийлерді қарастырып жатыр. Соның ең ауыры осы. Ғалым Алмаз Шарманның жазбасы қоғамды бір үркітіп алды.
Подробнее...Бала зорлау ісінде жалған ақпарат бергендер жазасыз жүр
Сотқа жалған ақпарат берген куәгерлер жазасыз қалмауы керек. Түркістан облысында бұрынғы полиция қызметкері зорлаған баланың ісі толықтай ашылған жоқ. Танымал адвокат Айман Омарова осылай деп мәлімдеді. Сұмдық жағдай 7 жыл бұрын болса да, күдіктіге әділ жаза енді ғана тағайындалды. Ал жалған куәлік етіп, істі бұрмалағандар әлі де бостандықта жүр екен.
Подробнее...Қазығұрт тауында пирамида салынып жатыр
Түркістан облысында таңғажайып нысанның құрылысы табылды. Өзін Ресей ғылым академиясының профессоры деп таныстырған Бералы Артықәлиев киелі Қазығұрт тауында ежелгі пирамиданы салып жатыр. Оған кез-келген адам қолына ала бермейтін «жобаны» іске асыруға Мұхаммед пайғамбардың өзі жол сілтеген көрінеді. Әрі орналасу орнын да Алла Елшісі нақтылап берді дейді. Сондықтан, Берәлі Артықәлиев еш ойланбастан құрылысты бастап жібергенін айтады.
Подробнее...Үш Өзбекстан азаматы жанармай бекетіне шабуыл жасады
Алматыда бетперде киген үш Өзбекстан азаматы жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасады. Анықталғандай, ғимаратқа баса көктеп кірген қаскөйлер кассирді тапаншамен қорқытып, 52 мың теңгені алып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер екі ер адамды қолға түсіріпті. Біреуі бұрын істі болған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, үшінші сезіктіні іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Подробнее...






