10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Қараусыз қалған балалар ыстан уланып, мерт болды

Өткен демалыс күндері елімізде балаларға қатысты 8 қайғылы жағдай тіркеліп, оның үшеуі өліммен аяқталды. Төтеншеліктер соңғы уақытта бүлдіршіндерді қараусыз қалдыру жиілегенін айтуда. Салдарынан оқыс жағдайлар да көбейген. 22 тамыз күні елорда шетіндегі тұрғын үйдің пешінен ақау шығып, екі балаға иіс тиген. «Осылайша, мұржаның жүйелі түрде тазартылмауы көбіне адам шығынына алып келеді», — дейді мамандар.

Подробнее...

Қаржы пирамидасына алданғандар кемі 180 мың теңгеден құйған

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы анықталды. Бұл жолы жеңіл ақшаның соңынан жүгіріп, алданғандардың әрқайсысы кемі 180 мың теңгеден құйған екен. Бұл туралы қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, әзірге алаяқтардың арбауына түсіп, опық жеген отандастарымыздың нақты саны белгісіз. Дегенмен, аталған дерек бойынша, Қылмыстық Кодекстің 217 бабының 1 бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталыпты. Кінәлі тұлғалар анықталып жатыр.

Подробнее...

Педофилдердің дені бұрын сотталмаған, орта арнаулы білімі бар жандар

Ішкі істер министрлігі педофилдердің әлеуметтік портретін жасап шығарды. Ведомствоның зерттеуіне қарағанда, азғындыққа баратын еркектердің дені 18 бен 29 жас аралығындағылар екен. Бұған дейін сотталмаған, орта арнаулы білімі бар, құқық қорғау органдарында да бұрын-соңды тіркеуде тұрмаған жандар. Балаларға келгенде ешқашан дөрекі сөйлемейді, керісінше өзіне барынша жақын тартуға тырысады. Ал құрығына әсіресе жағдайы жақсы отбасынан шыққан, бірақ ата-анасы көп көңіл бөлмейтін 14 …

Подробнее...

Арзан жер аламыз дегендер тақырға отырды

Арзан жер аламыз деп тақырға отырды. Алматы облысының отызға тарта тұрғыны не ақшасын, не жер телімін ала алмай жүр. Полицияға шағым түсіргенімен, қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Ал біраз отбасын сан соқтырған келіншек өзім де алданып қалдым деп отыр.

Подробнее...

Беларусь үкіметі әскери күшке жүгінбек

Беларусь үкіметі тәртіп пен тыныштықты бұзғандарға әскери күшпен жауап қатпақ. Аталмыш елдің Қорғаныс министрі алаңға шығып, ұрандатқандар заңға қарсы қимыл жасап бүлік шығарса, алдымызға келгенді аямаймыз дейді. Алайда Александр Лукашенконы президент санамайтындар қатары күннен күнге көбейіп келеді. Осы демалыс күндері де бірнеше қалада ондаған мың адам мемлекет басшысының орнынан кетуін талап етіп, тағы көшеге шықты.

Подробнее...

Психолог: Бизнес-тренерлер сіздің баюыңызды ойламайды!

Бай болғың келе ме? Үйретеміз! Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, тренерлер мен мотивация беретін мамандардан көз сүрінеді. Дені бизнесте бір күн жүріп көрмесе де, қаржылық жағдайыңды түзеуге септігімізді тигіземіз деп жатады. Расымен тренингке қатысып, дәулетті болуға бола ма?

Подробнее...

Өз әйелін балталаған ер адам 11 жылға сотталды

Түркістан облысында өз әйелін балталап тастаған ер адам абақтыға жабылды. Облыстық соттың шешімімен ол 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қасым Қалмағанбетов мәлімдеді. Оның сөзінше, күдікті Қылмыстық кодекстің 24-ші және 99-шы баптарымен айыпты деп танылған. Тергеп-тексеру кезінде оның барлық кінәсі делелденген. Іс материалдарын жан-жақты зерделеп шыққан сот оның жасаған кінәсінің …

Подробнее...

Шетелге жұмыс іздеп барған отандастарымыз тақырға отырды

Шетелге жұмыс іздеп кеткен бір топ шымкенттік сан соғып қалды. Жоғары жалақы мен тұрақты жұмыс орнын дәметіп барғандарды басқа емес, өз жерлестері тақырға отырғызыпты. Енді олар кінәлі адамды сыбайласымен бірге жауапқа тартпақшы. Прокуратура мен полицияға арыз түсіріпті. Ал, бұларды шетелге жіберген жанның заңды өкілі, клиент пен компания арасындағы келісім орындалды деп отыр. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?

Подробнее...

Қос жеткіншек селфи жасаймын деп, ажал құшты!

Соңғы сурет! Алматы облысында сәтті селфи жасамақшы болған екі жеткіншек көз жұмды. Тағы біреуі түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр. Періштесі қағып, аман қалған баланың жағдайы қалай? Есте қалсын деп суретке түспек болған оқушылардың өмірден ерте кетуіне не себеп?

Подробнее...

Ақшаңызды 2 сағатта 15 есеге көбейтіп береміз!

Ақшаңызды 2 сағаттың ішінде 15 есеге көбейтіп беремін! Алматылық келіншектің атынан белгісіз біреулер әлеуметтік желіден аккаунт ашып, тұрғындарды 1,5 жылдан бері алдап келеді екен. Алаяқтың әрекетінен сан соққан жандар енді жоқ жерден жексұрын болған Гүлнар Әбдіғазиеваның басқан ізін аңдып, тіпті «ақшаны қайтармасаң, басыңды кесіп аламыз» деп қорқытады екен. Құзырлы органдарға бірнеше мәрте шағым түсіргенімен, нәтиже шамалы. Өзі мен қызының басына …

Подробнее...
X