0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Аналары 2 ай бұрын көз жұмған жетімдердің үйін банк тартып алмақшы

Жетімдер далада қалмақ! Қызылорда қаласында екі бауырына қамқоршы болып отырған 18 жастағы бойжеткен елден көмек сұрап отыр. Екі ай бұрын Базаркиндар отбасы орны толмас қайғыға душар болған. Балалардың анасы жүрек ауруынан дүниеден озған. Сол уақыттан бері Евгения 16 жастағы сіңілісі мен 2 жасар інісін заң жүзінде өз қамқорына алыпты. Отбасы соңғы 15 жылдан бері апатты үйде тұрып келеді. Бірақ жақын …

Подробнее...

Ақын: Ұрпағым не болады деп, ұйқым келмейді

Қазақтың ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева үлкен үрей үстінде жүр. Ақжайық өңірінде жүрген қаламгерге не болды? Ақын-жазушылар үрейленіп жүргенде бизнес-тренерлер, тележүргізушілер неше түрлі кітап шығарып, рухани әлемді жаулап алып барады. Қазір кімдердің шығармасы сұраныста?

Подробнее...

990 теңгелік білім тарифы

Оқушылар мен ұстаздарға арналған 990 теңгелік білім тарифі бүгіннен бастап іске қосылды. Бар болғаны байланыс операторының желідегі ресми парақшасына өтіп, «қосыламын» деген батырманы бассаңыз жеткілікті. Оңай. Демек кез-келген, тіпті оқуға қатысы жоқ адамдар да тарифті жүктей алады деген сөз емес пе? Жауапты министрлік бұған қатысты не дейді? Ал ведомствоның сүйінші сұрағандай ұсынған 1 гб интернет пакеті қайда жетеді? Ата-аналар неге …

Подробнее...

Апатты үй тұрғындарының талабы

Түркістан облысында бірнеше отбасы апатты жағдайдағы үйде тұрып жатыр. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған тұрғын үй әлдеқашан ескіріп, тозып кеткен. Тіпті, бұл ғимаратта тұру қауіпті екенін осыдан он жыл бұрын мамандар анықтап, қорытынды да берген екен. Алайда, соған қарамастан, пәтер иелері әлі күнге тіршілік етіп келеді. Басқа барар жер, басар тауы жоқ. Ал, әкімдік болса, бұл мәселені рет-ретімен шешілетінін айтумен …

Подробнее...

Әкімдік ауызсу кіргізіп беру үшін 1 млн 800 мың теңге сұрады

«Нормальный колонка керек болса, 1 миллион 800 мың теңге беріңдер». Семейде әкімдік ауыз су өткізіп беруді сұрағандардан қаржы талап еткен. Бұл жауапқа наразы болған семейліктер бүгін жиналып, президентке үндеу жасады. Олар ауданымыз қала аумағына кірсе де, 30 жылдан бері ішуге жарар судан жұрдаймыз, дейді.

Подробнее...

Спортқа неге грант аз?

Жастайынан спортпен шұғылданып, талай жетістіктерге жеткен түлектер білім грантына мұқтаж. Өйткені, министрліктен тым аз бөлінеді екен. Осылайша халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің өзі оқуын ары қарай қалай жалғастыратынын білмей дал. Ұл-қыздарының мәселесін көтереп, оқуын жалғастырсын деген ата-аналар бүгін спорт және туриз академиясының алдына жиналды.

Подробнее...

Жемқорлық үшін сотталғандар шартты түрде босап шықпауы тиіс!

12 жыл жылдық жазаның жартысын өтеп, шартты түрде мерзімінен бұрын шыққан экс- шенеунік қайта ұсталды. Батыс Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысын арнайы жасақ сарбаздары үйінде отырған жерінен қолын бұрап, алып кеткен. Мүсілім Оңдағанов 2014 жылы 200 миллион теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталған еді. Тақырыпқа тұздық. Күні кеше Мемлекет басшысы қазына қаржысын опырып, сосын сотталып, …

Подробнее...

Коронавирусқа қарсы отандық екпенің клиникаға дейінгі зерттеуі аяқталды

Қазақстан ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаның клиникаға дейінгі зерттеуін аяқтады. Демек, енді екпені ерікті адамдарға салып, сынақтан өткізе алады. Мұны Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы хабарлады. Барлық жұмыстар аталған мекеменің Алматыдағы аймақтық филиалының фармакологиялық сынақ зертханасында жүргізілген.

Подробнее...

Алматы қонақүйінде өлтірілген екі жасар сәбиге қатысты жаңа дерек

Алматы қонақүйінде азаппен өлтірілген екі жастағы сәбидің ісіне қатысты жаңа деректер шығуда. Өзінің қызының өмірін қиды деген күдікпен ұсталған Ұлыбритания азаматының адвокаттары мәлімдеме жасады. Айтуларынша, Мохамед Баракатқа тағылып отырған айып шындыққа жанаспайды.

Подробнее...
X