Соңғы екі тәулікте елімізде коронавирустық пневмонияға шалдыққандар саны 15 есеге өсті. Өткен аптаның соңында ауруханаларға осындай диагнозбен 67 адам келіп қаралса, айналдырған екі күнде сырқаттардың саны бірден 1081ге дейін өскен. Бұған үкіметтің каранатиндік шараларды әлсіретуі себеп пе? Адам шошытарлық статистиканың салдарынан халық тағы да үйқамақта отырмай ма? Дерттің кенеттен дендеуіне не себеп?
Подробнее...Новости
Дәрігерлерге қол көтерді
Алматыдағы емханалардың бірінде әлдекімдер медицина қызметкеріне шабуыл жасады. Базбұзардың екі адам екені белгілі: Күдіктілердің мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Қос қаскөй де бірден қолға түскен. Біреуі тіпті халықтанк ешірім сұрап та үлгерді.
Подробнее...Жазда суды тасимыз, қыста қарды ерітіп ішеміз!
«Ішерге жарар су жоқ. Жазда тасимыз, қыста қарды ерітіп ішеміз». Қарағандыда 20 жылдан бері Октябрь ауданының халқы ауыз сусыз өмір сүріп келеді. 220 мыңнан астам тұрғыны бар аудандағылар әкімдіктен күдер үзген. Енді мұндағылар өз беттерінше су желісін тартпақшы. Бірақ, осы мәселенің өзін жергілікті билік шешіп бере алмайды дейді. Ауданға неліктен әлі инфрақұрылым жетпеген? Су желісін тартуға не кедергі болды?
Подробнее...Бақытты елдер қатарында екенбіз
Елімізде шешілмеген әлеуметтік мәселелер шаш-етектен болса да, қазақстандықтар өздерін бақытты сезінеді екен. Мәселен, 153 бақытты елдің қатарында 50 орынға тұрақтаппыз. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ішінде, тіпті, 1-ші орынға шығып алғанбыз. Ресей, Қырғыз Республикасы, Беларусь, Армения біздің соңымызда қалған. Жақсы жаңалық әрине. Бірақ, бұл статистикаға қаншалықты сенуге болады? Бақыт немен өлшенеді?
Подробнее...Жаңа бьюти-тренд: «Tүлкі көз»
Қабан мүйіз, шайтан ерін, толқын қас. Иә, небір дарақылықтың төресін, тренд құмар қыздардың бетінен көретініміз рас. Қоғам жақтыртпаса да, үлкендер қарсы шықса да, инста-арулар үшін арзан атақтың құны қымбатырақ. Биыл кезек көзге жеткен тәрізді. Нәзік жандар жаппай жанарын өзгертіп әлек. Сонда бұл не қылған тренд? Оның көзге қауіпті екені рас па?
Подробнее...Өзен жағасына мал өлекселері мен қоқысты тастайды
Алматы маңындағы өзен жағасы қоқыс полигонына айналды. Бірнеше айдан бері шашылып жатқан тұрмыстық заттар иістеніп, сол жердегі саяжай тұрғындарының мазасын қашыруда. Мал өлекселері мен құрылыс заттары суға ағып, табиғатты да талқандап жатқан көрінеді. Бауыржан Жақсымбет оқиға орнына барып қайтқан болатын.
Подробнее...Жиһаз жасап берем деп, елдің миллиондаған ақшасын жинап алған
Енесі келінінің қолын қол, бұтын бұт қылып жұлуды талап етіп отыр. Семейлік Айман апайдың айтуынша, келіні Анар жер-көкті жеп біткен. Күні кеше тағы бір өтірігінің арты ашылды. 100-ге жуық жаннан жиһаз жасап беремін деп миллиондарды жиып алып, алдап кеткен. Сан соғып қалған ағайын күдікті әйелді ортаға салып, түсініктеме беруін талап етті.
Подробнее...Бейбіт күннің батырлары
Бүгін бейбіт күннің тыныштығын күзетіп, маңайды қырағылықпен барлап жүретін Әуе қорғанысы күштерінің кәсіби мерекесі. Әуедегі кез-келген нысананы жоюға қабілетті техникамен тынбай жаттығу жасайтын жауынгерлер үшін бұл күннің орны ерекше. Көктен келетін қауіптің бұлтын сейілтіп, күні-түні барлап жүргендердің тыныс-тіршілігі туралы келесі сюжетте.
Подробнее...Туберкулезге қарсы санаторий қызметкерлері 4 айдан бері жалақы алмаған
Жалақымыз қайда? Қызылорда қаласындағы туберкулезге қарсы санаторий қызметкерлері осылай деп шу шығарды. Олар адал еңбектері үшін соңғы төрт ай бойы соқыр тиын да алмапты. Жалпы қарыз 30 миллион теңгеден асып кеткен. Басшылардың жалған уәдесінен шаршаған шипажай жұмысшылары аймақ басшысынан көмек сұрап әкімдік алдына жиналды. Ал шенеуніктер болса олардың шағымын тыңдаудан бас тартты.
Подробнее...Қатерлі ісікке әкеп соғуы мүмкін күлді жұтып отырмыз!
«Бізді уламаңдар». Семейде бүтін бір ыұшамаудан тұрғындарына қолдарына плакат ұстап, көшеге шықты. Олар қалалық қазандықтан ұшқан күлге күні-түні тұншығып отырғандықтан осындай қадамға баруға мәжбүр болыпты. Қалдықтың кесірінен алдағы екі-үш жылда қатерлік ісікке шалдығып, түрлі індет таралады деп қорыққан жандар көшеге шығудан қалдық дейді. Ал химиялық қоспалар жаңбыр суымен бақшаға ағып, көкөністер бүлініп жатыр екен.
Подробнее...






