2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Коронавирус жеңіліп барады

Коронавирустан жеті күнде тағы 146 отандасымыз келмеске кетті. Өлім дерегі ең көп Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Мұнда бір аптада бірден 27 пациент бақилық болыпты. Дегенмен өткен аптамен салыстырғанда елде вирустың таралу өсімі айтарлықтай төмендеген. Сондай-ақ , соңғы науқасын емдеп шығарып, жұмсысын тоқтатып жатқан стационарлар да күннен-күнге көбейіп барады.

Подробнее...

Елімізде жұмыссыздар саны 8 есеге артты

Елімізде ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны 8 есеге артқан. Бұл жөнінде өзге емес, Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті. Екі қолға бір күрек таппай жүргендерге қандай жәрдем жасалып жатыр? Жыл сайын жүздеген меморандумға қол қоятын әкімдіктегілер неге жұртты жұмыспен қамти алмай отыр?

Подробнее...

Күйеуі өз әйеліне қару кезеніп, кепілге алған

Кепілге алғанның арқасында аман жүрмін. Әйтпесе, қазір тірі жүруім екіталай еді. Дәл жұмыс орнында күйеуі қарумен күштеп ұстаған келіншек арнамызға эксклюзивті сұхбат берді. Оқиға Оралда болған еді. Қолына қару, гранат ұстаған ер адам нотариус боп қызмет істейтін әйелін кепілге алып, тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған болатын.

Подробнее...

«Қазақфильмге» өрттен келген шығын 49 млн теңге

Алапат өрт «Қазақфильмді» 49 миллон теңгеге жуық шығынға батырды. Бұл жайлы алдын-ала есептің қорытындысын жариялаған киностудияның өкілдері айтты. Олардың сөзінше, өрт шыққан қоймаларда фильмдерге арналған ерекше декорациялар болыпты. Бет қаратпаған тілсіз жау оның бәрін күлге айналдырған. Төтенше оқиғадан кейін басшылығы күзетті күшейтіп, маңайға бейнабақылау камералын орнатуды жөн көріпті. Ал, өрт ағаш қоймасында басталыпты. Содан соң шамамен 20 минуттан кейін тарихи …

Подробнее...

Құтқарушылар екі адамды аман алып қалды

https://youtu.be/aayhJX0v46Y Шымкентте балық аулап жүрген ер адам өлім аузынан аман қалды. Қайығы аударылып, су астына кеткен азаматты төтенше жағдай қызметінің мамандары құтқарып қалған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң ол үйіне жіберілді. Сондай-ақ, дәл осы күні тауға шыққан турист бағытынан адасып, өздігінен жерге түсе алмай қалған. Сөйтіп, құтқарушыларды шақыртуға тура келіпті.

Подробнее...

Құтқарушылар екі адамды аман алып қалды

Шымкентте балық аулап жүрген ер адам өлім аузынан аман қалды. Қайығы аударылып, су астына кеткен азаматты төтенше жағдай қызметінің мамандары құтқарып қалған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң ол үйіне жіберілді. Сондай-ақ, дәл осы күні тауға шыққан турист бағытынан адасып, өздігінен жерге түсе алмай қалған. Сөйтіп, құтқарушыларды шақыртуға тура келіпті.

Подробнее...

«5-10-20»: Өтініш қабылдау басталды

«Шаңырақ: 5-10-20» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» хабарлауынша, оны іске асыруға биыл 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінбек. Осы қаржы есебінен 8 мыңдай отбасыны баспанамен қамту жоспарлануда. Бағдарламаның басты ерекшілігі, несиенің жылдың мөшерлемесі 5 процент. Ал, жеңілдетілген заемды алу үшін әкімдікте пәтер кезегінде тұруыңыз керек. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» 10 пайыз …

Подробнее...

Коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны күн сайын азайып келеді. Мәселен, өткен апталарда екі мыңға жуық адам қауіпті кеселдің құрығына іліксе, бүгінде бұл көрсеткіш едәуір кеміген. Өткен тәулікте 337 отандасымыздан осы вирус анықталыпты. Олардың тең жарымынан астамы симтомсыз. Осылайша, Қазақстанда әлемді әбігерге салып жатқан жұқтырғандар қарасы 103 мыңнан асты. Өкінішке қарай, кооронавирус бір күнде 18 адамның өмірін қиған. Бұдан бөлек, коронавирус инфекциясының …

Подробнее...

Төрт рет қастандық жасалып, бесінші рет пышақтап өлтірген

Алматы облысында бірнеше рет қастандық жасалған кәсіпкерді пышақтап өлтірді. Бұған дейінгі оқиға кезінде де қаскөйлердің анықталмағандығына наразы жұрт жергілікті билік өкілдерінен әділ шешімнің шығуын талап етуде. Жақындарды қыр соңынан қалмай бірнеше әрекетке барған қылмыскердің біреу екендігін алға тартуда.

Подробнее...

Жауын жауса, елорда көшелері көлге айналады

Нөсерлеп жаңбыр жауса, астанамыз неге Венецияға айналады? Бұл сұрақтың жауабы араға 6-7 жыл салып табылғандай. Елорда халқын әбігерге қылып, қала ішіндегі көлік қозғалысына кедергі келтіретін судың жиналуына жауапсыз қала тұрғындары мен кей бизнес өкілдері кінәлі екен.

Подробнее...
X