«Қазақфильмді» әдейі өртеген! Бір ғасырлық тарихы бар киностудияның су жаңа басшысы Ақан Сатаев көпке осындай мәлімдеме жасады. Өйткені отқа оранған екі ошақтың арасы 400 метр екен. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Дегенмен үлкен аумақты шарпыған өрт тарихи кино түсіруге арналған құнды декорацияларды әп-сәтте күл-қоқысқа айналдырыпты.
Подробнее...Новости
Карантин жеңілдеді: қандай талаптар күшінде қалды?
Бүгін елімізде карантин алынып, тұрғындар бұрынғы тірліктері қайта орала бастады. Бірақ бұл санитарлық талаптар осымен толықтай жеңілдейді деген сөз емес. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері осылай деп мәлімдеді. Ведомство басшысы кәсіпкерлерді жауапкершілік танытуға шақырды. Ал санитар мамандар бүгіннен есігін ашқан нысандарды бір шолып шығып, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Подробнее...600 пәтерлі тұрғын үй қыста жылусыз қалмақ
Нұр-Сұлтанда 600-ден астам пәтерлі тұрғын үй кешені қыста жылусыз қалуы мүмкін. Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында орналасқан үйдің тұрғындары бұған өз «Жайлы үйлер» деген атаулы пәтер иелері кооперативін кінәлайды. Коммуналдық қызмет көрсететін компанияға өзге де көппәтерлі үйді мекендейтіндердің айтары бар.
Подробнее...Коронавирус індетінің таралу өсімі төмендеді
Елде коронавирус індетінің таралу өсімі төмендеді. Дәлірек айтқанда, қатаң карантин шараларының арқасында бір айда бірден 1,5 есеге азайған екен. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері мәлім етті. Айжан Есмағамбетованың сөзінше, республика бойынша госпитальдегі төсек-орындар қазірде 64 пайызға дейін босаған. Осыдан бір-екі апта бұрын ғана тәулігіне кемі мың жарым жаңа науқастан тіркелсе, бүгін бұл сандар үш есеге дейін қысқарған. Мәселен соңғы …
Подробнее...Коронавирус індетінің таралу өсімі төмендеді
Елде коронавирус індетінің таралу өсімі төмендеді. Дәлірек айтқанда, қатаң карантин шараларының арқасында бір айда бірден 1,5 есеге азайған екен. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері мәлім етті. Айжан Есмағамбетованың сөзінше, республика бойынша госпитальдегі төсек-орындар қазірде 64 пайызға дейін босаған. Осыдан бір-екі апта бұрын ғана тәулігіне кемі мың жарым жаңа науқастан тіркелсе, бүгін бұл сандар үш есеге дейін қысқарған. Мәселен соңғы …
Подробнее...Кәмелет жасына толмаған үш бала қаңғып жүрген жерінен табылды
Алматылық полицейлер көшеде қаңғып жүрген кәмелет жасына толмаған үш баланы тауып алды. Қыздардың жасы 12-де болса, ұл бала сегізде. Олар өздері мен туғандары жайлы ешқандай ақпарат білмейді. Белгілісі, Алматыда жүргендеріне көп уақыт болмапты. Мектепте оқымаған. Әзірге жасөспірімдер кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.
Подробнее...COVID-19-дың кесірінен аяғынан айырылды
Ауруы асқынып, аяғынан айрылды! Ақтөбелік дәрігерлер індет қаупі сейілді деп арқаны кеңге салмау керектігін ескертеді. Әсіресе, коронавирус созылмалы ауруы барларға оңай тимей тұр. Дерттің үстіне тағы біреуін жамап, аурухана төсегіне таңылғандар бар. Егде тартқан ересектер ғана емес, балалар да талапты орындап,сақтық шараларын мұқият сақтағаны жөн. Коронавирус қандай ауруларды асқындырады? Дәрігерлердің кеңесін тыңдап қайтқан Ақбаян Сұлтанмұратованың сюжетін көріңіз!
Подробнее...4 бала дезинфекциядан уланып қалды
Шымкентте белгісіз заттың иісінен 4 бала уланып, ауруханаға түсті. Түн ішінде жедел жәрдеммен жеткізілгендердің арасында үш жасар бүлдіршін де бар. Перзентінің уланып қалғанын анасы көршісінен көріп отыр. Себебі, ол сол күні пәтерін дезинфекциялаған екен. Алайда, бұл туралы ешкімге ескертпеген көрінеді. Енді осының салдарынан екі жақ бір-бірін түсінісе алмай, айтысып-тартысуда.
Подробнее...Мойнына 45 млрд теңге қарыз ілініп кеткен әйел әділдікке қол жеткізді
45 миллиард теңгеге қатысым жоқ деп шырылдаған Алматы тұрғыны ақыры жеңіске жетті. Келісімшартта қолы болмаса да, судьялар төлеуге міндеттісің деп шешім шығарғаннан кейін, өзін ақтау үшін бірталай есікті қағып, құжаттар жинап сегіз айға жуық әуремен жүрген. Тіпті, есеп-шоттарының барлығы бұғатталып, ипотекаға алған баспанасынан да сәл болмағанда айырылып қала жаздаған.
Подробнее...Барлығы балалар үшін!
Барлығы балалар үшін! Алматы облысының әкімі Амандық Баталов биыл бюджеттен білімге деп бөлінген қаржының көлемімен ерекше көзге түсті. Аймақ басшысы өңірін жаңа оқу жылына дайындау үшін қазынадан 314 млрд теңге қарастырып отыр екен. Бір облыс үшін бұл аз сомма емес. Сонда мұндай қомақты қаражат қайда жұмсалғалы тұр?
Подробнее...






