Ал Қызылордада екі бала суға батып кетті. Кеше кешкі 7-лер шамасында құтқарушыларға Қараөзек ауылы Сауранбай каналы мен Сырдария өзенінің түйіскен жерінде 2007 және 2010 жылғы туған екі ер жеткіншектің суға ағып кеткендігі жайында хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына төтенше жағдай департаментінің 10 қызметкері мен 3 арнайы техника жеткізілген. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері балаларды кешкі 10-ға дейін іздеген, алайда таппаған. Іздестіру …
Подробнее...Новости
Ағын судың азабы
Түркістан облысында қос бірдей елдімекен ағын судың азабын тартып отыр. Түлкібас ауданына қарасты Ынтымақ және Састөбе ауылының жұрты соңғы бірнеше жылдан бері суға жете алмай, зарығып жүр. Су тапшы болғандықтан, есік алдындағы бау-бақшаны көгерте алмай отыр екен. Амалы таусылғандықтан көкөністі құбыр арқылы келетін ауыз сумен суғаруға мәжбүр. Ауылға ағын су қашан келеді? Жұрт еккен өнімдерін жинай ала ма?
Подробнее...Тағы бір орталық коронавируспен ауырған соңғы науқасын емдеп шығарды
Тағы бір жеңіс! Елде Ковид жұқтырғандарға арналған тағы бір провизорлық орталық жабылды. Бүгін ақ халаттылар соңғы пациентті қошеметпен үйіне шығарып салды. Осыдан бір ай бұрын ғана, науқастары палаталарға сыймай, амалдың жоқтығынан дәліздерде жатқан стационарлардың іші де 60 пайызға дейін босаған.
Подробнее...Беларусь: Бір адам көз жұмып, 200-ден астам адам жараланды
Бір адам көз жұмып, 200-ден аса жан жараланды. 3 күннен бері Беларусь жеріндегі қақтығыстар тыйылмай тұр. Жұрт сайлау нәтижелеріне наразылық білдіруде. Ел Президенті Александр Лукашенко мұны сырттан ұйымдастырылып отырған арандату әрекеті деп баға берді. Тіпті, қай елдерден ондай хабар келіп жатқанын ашық айтты. Кей ақпарат көздері Лукашенконың Түркияға аттанғанын айтуда.
Подробнее...Ректор, бизнесмен, әкім: Жаңа сенат депутаттары сайланды
Ректор, бизнесмен, әкім. Су жаңа сенатор атанғандардың қызметі көбіне осындай. Бүгін елімізде Сенат сайлауы өтіп, мәслихат депутаттары алдағы алты жылда Жоғары палатадан жұрттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайды-ау деген жандарды таңдады. Сонымен, санаулы сағаттарда-ақ алдағы алты жылғы қызметтері белгілі болғандар кімдер? Оларды жұрт біле ме?
Подробнее...Тұрғындар жылыту қазандығының құрылысына қарсы шықты
Алматы облысында жылыту қазандығына байланысты даудың созылғанына бір жылдан асты. Әкімдіктегілер құрылысты бастау үшін барын салса, қарапайым тұрғындар керек емес деп қарсы шығып жатыр. Өйткені, әрбірінің үйінде газға қосылған қазандық бар екен.
Подробнее...Карантин талаптары жеңілдетіледі
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асты. 25 мыңнан астам адам ем қабылдау үстінде. Өкінішке орай, 1 291 адам дерт салдарынан ажал құшқан. Бұл деректерді Денсаулық сақтау министрі келтірді. Жалпы көрсеткіштер қорқынышты көрінгенімен, науқастану деңгейі бірте-бірте азайып келе жатқаны байқалады екен.
Подробнее...42 500 теңгені төлеу ережесі өзгерді
42 500 теңгені төлеу ережесі тағы өзгертілді. Карантин кезінде табысын жоғалтқандар енді бұл көмекті электронды әмиянына ала алады. Ал, операторлар әмиянның шын мәнінде мұқтаж азаматқа тиесілі екенін анықтауға міндетті. Бұл санатқа тек банктер ғана емес, сондай-ақ ақпаратты жинауды, өңдеуді және жеткізуді қоса алғанда, электронды ақша жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін төлем ұйымдары да кіреді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осындай …
Подробнее...Шымкентте мейрамханада болған атыстан бір адам көз жұмды
Шымкентте қымбат мейрамхананың бірінде атыс болып, бір адам көз жұмды. Тағы бір ер кісі ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр дейді. Қазір осы оқиға бойынша тергеу амалдары басталып кетті. Бірақ, тәртіп сақшылары тілшілерге тіс жарып ештеңе айтар емес. Бейресми ақпарат бойынша, қарудан оқ атқан және жарақат алған адамдар екі қылмыстық топтың мүшелері екен.
Подробнее...Жаңадәуір жұртының базынасы
Атына мен заты бөлек ауыл! Алматы облысындағы Жаңадәуір елдімекенінің тұрғындары интернет пен суық су тапшылығын тартып отыр. Карантиннің алғашқы күндері балалар үйдің шатырына шығып, сабақ оқыған екен. Ал тіршілік нәріне тартылған құбыр екі жылдан асса да іске қосылмаған. Неге?
Подробнее...






