10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Балалар арасында Кавасаки синдромы тарап жатыр

Ата-аналардың назарына! Елде балалар арасында ковидтен де қауіпті Кавасаки синдромы тарап жатыр. Белгісіз дерт ресми түрде тек үш бүлдіршінде ғана расталса да, шын мәнісінде сандар мүлдем басқа болуы мүмкін дейді білетіндер. Десе де, дәрігерлер Жапониядан тараған салдары қиын індеттің адамнан адамға жұқпайтынын айтып отыр. Сонда ата-аналар нені білуі керек?

Подробнее...

Сотталған полицейлер ісі

Ақтөбеде экс-полицейлердің туыстары шу шығарды. Олар соттан қамауда отырған ағайындарын бостауын талап етіп отыр. Бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы олар үшін тым қатал деп санайды. Ағайын біткен ақтап, адал еді деген тәртіп сақшылары қай жерде сүрінді?

Подробнее...

Кальян орталықтарының жұмысына тыйым салынды

Бұдан былай будақтатып қорқор, яғни кальян шеккенді ұнататындар қоғамдық орындардардан бұл бұйымды таба алмайды. Себебі, заң шеңберінде тыйым салынды. Тек үйлерінде отырып түтіндетулеріне болады. Аталған өзгеріс кальян орталықтары иелерінің наразылығын туғызды. Кәсіпкерлер темекіні әр бұрышта сатқызып, қорқор саудасын қысып тастағанына таңданып отыр. Аталған өзгеріс көлеңкелі бизнестің өршуіне сепші болмай ма?

Подробнее...

Бестөбе шатқалын ластауда

«Көбейтұз тағдырын қайталауы мүмкін». Ақмола облысындағы Бестөбе шатқалының болашағына қоршаған ортаға жауапты шенеуніктер алаңдап, дабыл қағуда. Сілеті өзені бойымен 10 шақырымға созылған әсем табиғат соңғы уақытта қоқысқа толып, кей жерлерде келушілер өртке себепші болуда екен. Осы себепті еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстары министрілігі арнайы рейд жасады. Оған біздің түсірілім тобы да барды.

Подробнее...

Асырап алған отбасының озбырлығына шыдамаған бала тың деректер айтты

Жамбыл облысында қамқоршылардың озбырлығына шыдамай, екінші қабаттан секіріп кеткен 10 жастағы баланың оқиғасына қатысты тың деректер шықты. Асырап алушылардың жеткіншекке тәулік бойы тамақ бермей, бөлмесінде қамап ұстағаны былай тұрсын, оған жасаған сорақылықтары көп көрінеді. Мұның бәрін Даниил өзі айтып беріпті.

Подробнее...

Медбикелер мен санитарлар шу шығарды

Алматы облысындағы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың медбикелері мен санитарлары шу шығарды. Жүйкесі ауыратындар емделетін мекемедегілер жаңа басшы жалақыға жарытпайтын болды дейді. Карантин кезінде көрпе-жастықтарымызды үйден алып келіп, қонып істеуге мәжбүр болдық дегендер оның өздерін адам құрлы санамайтынын айтады. Ол аздай нәзік жандарға қырындап, мазаларын алатын көрінеді. Бұған қатысты мекеме басшысы не дейді?

Подробнее...

Тегін ота жасалып жатыр

Шымкентте көз ауруларын емдеу орталығы карантин талаптарын сақтап, үзілістен кейін өз жұмысын қайта бастады. Тамыздың үшінші жұлдызынан бері мұнда науқастарға медициналық қызметтің алуан түрі тегін көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, арнайы шақыртумен Алматыдан барған білікті мамандар кеңес беріп қана қоймай, күрделі операцияны да жасауда.

Подробнее...

Коронавирус: қиын кезең артта қалды

Біздің еліміз коронавирус індетінің таралуы бойынша қиын кезеңді артта қалдырды. Жағымды жаңалықты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жеткізді. Ал бас қалада коронавирус ең ауыр формада өткен науқастарға арнайы ашылған провизорлық орталықта бірде-бір науқас қалмады. Енді бір жарым айдан бері жақындарын көрмеген дәрігерлер екі апталық карантиннен соң үйлеріне оралады. Республика бойынша да эпид ахуал тұрақталып келеді. Десе де, жауапты …

Подробнее...

Беларусь: 3 мыңға жуық адам ұсталды

https://youtu.be/GQjA0tnt0Lo 3 мыңға жуық адам ұсталып, 100-ге жуығы жарақат алды. Белурсьтегі сайлаудан кейін елде жаппай тәртіпсіздіктер болып, күш құрылымдары демонстранттарға қарсы күш қолданды. Мемлекеттің қазіргі Президенті Александр Лукашенко мұны сырттан жасалған арандату әрекеті деп отыр. Алдын ала нәтижелер бойынша Лукашенко бұл жолғы сайлауды да сенімді түрде жеңіп келеді.

Подробнее...

10 тамыз – Абай күні

10 тамыз – Абай күні. Бұл мереке республика бойынша бірінші рет аталып өтуде. Бүгін Мемлекет басшысы өзінің мақаласында Абай Құнанбайұлы рухани реформатор деп атап өтті. Ақынның мерейтойы қарсаңында өзге мемлекеттің елшіліктері де аталған шарадан тысқары қалған жоқ. Мерейтойға әсіресе Семей жұрты дән риза.

Подробнее...
X