Бүгін Семейде шу шықты. Бірнеше айдан бері тиісті төлемдерін ала алмай жүрген автобус паркінің жүргізушілері жұмысқа шықпай қалды. Ашынған халықтың алдына келген қала әкімі де басынған парк директорынан жұмысшыларды қорғай алмады. 1 жылға жуық уәде беріп келген SemeyBus мекемесінің басшысы мәселені шешуге тағы 10 күн сұрады.
Подробнее...Новости
Әйелінің қабырғасын сындырып, баласының басын унитазға батырды
Әйелінің қабырғасын сындырып, баласының басын унитазға батырды. Елімізде тағы бір озбыр әкенің әрекеті әшкере болды. Бұл жолы сұмдық жайт Алматы облысында тіркелген. «Полицияға барсаң, жақындарыңды өлтіремін» деп қоқан-лоққы көрсеткен күйеуінен қорыққан келіншек қорлыққа бір жылдан бері төзіп келген екен. Алайда анасының өміріне алаңдаған балалары әкелеріне өздері шағымданыпты.
Подробнее...Коронавирусқа қарсы екпе ең алдымен кімдерге егіледі?
Коронавирусқа қарсы вакцина елімізде ең алдымен кімдерге егілетіні белгілі болды. Екпе бірінші созылмалы дерті бар отандастарымызға салынады. Бұл процедура Қазақстанның немесе басқа елдің коронавирусқа қарсы жасап жатқан екпелері сынақтың барлық фазаларынан сәтті өтсе және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рұқсатын алғаннан кейін жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың сөзінше, қазір вакцина жасап жатқан өндірушілердің бірнешеуі ғана клиникалық сынақтың үшінші сатысына …
Подробнее...«СК-Фармация» басшысы баспасөз мәслихатында жауап берді
Атышулы «СК-Фармация» компаниясының басшысы бірінші рет баспасөз мәслихатында жауап берді. Өзінің алатын жалақысын әлі нақты білмейді екен. Ал карантин қызған шақта Ксения Собчакпен түскен суреті туралы сөз басталғанда, дене салмағы жөнінде де айта жөнелді. Денсаулық саласына қатысты өткен мәслихатта маска бағасының арзандауы мүмкін бе, сақтандыру қорының қолданылмаған қаражаты қайда кететіні туралы да сұралды.
Подробнее...Damumed-ке жалған деректі ең көп тіркеген өңірлер белгілі болды
Damumed жүйесіндегі жалған тіркеуді көп жасап, пайды көрген аймақтар белгілі болды. Азаматтардың жеке мәліметін пайдаланып, ойларына келгенін істегендердің дені Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматыдан екен. Қосымшадағы жазбаларды тексеріп жатқан қазақстандықтар тіпті, кішкентай балаларының өзі сан түрлі дәрігерге «қаралып» үлгергенін көріп, аң-таң болуда. Сонымен талан-таражға түскен 75 миллион теңгені кім қайтарады?
Подробнее...Семейден неге бас тартты?
Астананың 20 жылдығына саябақ, веложол, тіпті көпір салып берген өңірлер енді Абайдың мерейтойына келгенде сөздерінен тайқып шықты. Семейге сыйға тартамыз деген нысандардың құрылысынан бас тартып жатқан көрінеді. Осы айдың соңына дейін ел игілігіне тапсырылуы тиіс алаңдар неге кешігіп жатыр?
Подробнее...Түтінге тұншыққандар: Масканы карантинге дейін де киіп келеміз!
Түтінге тұншыққан тұрғындар! Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің халқы 15 жылдан бері асфальт зауытының будақтаған қара түтіннен арыла алмай келеді. Бетпердені киюді карантинге дейін әдетке айналдырған кент тұрғындары зауыт жұмысын тоқтату керек деген талап айтуда. Өндіріс басшылығы болса бұл жағдайға жергілікті билік кінәлі дегенді айтады. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс келесі бейнематериалда.
Подробнее...Пандемия өнер саласын дағдарысқа ұшыратты
Бүкіләлемдік дағдарыс өнер әлеміне де едәуір нұқсан келтірді. Қазақстандық эстрада осыған дейінгі деңгейіне қайта келуі үшін кемі 2 жылдай уақыт керек екен. Карантин талаптары той жасатпай, концерт өткіздірмеді. Осы кезең біраз шығармашылық адамдарын басқа мамандыққа ойыстыруы мүмкін деген де болжам бар. Әншілерге қайтсе керек?
Подробнее...Жанармай бекетіндегі жарылыс
Алматыда алапат жарылыс. Жанармай бекетіндегі оқыс жайт кезінде екі адамның зардап шеккені анықталды. Абырой болғанда құрбан болғандар жоқ. Оқиғаны камераға түсіріп, видеосын әлеуметтік желіге жариялағандар дүмпудің қатты болғанын айтып, шошып қалғандарын жеткізуде. Апат болған жерге менің әріптесім Бауыржан жақсымбет жедел жетіп, жарылыстың жай-жапсарын біліп қайтты.
Подробнее...Елімізде COVID-19 бен пневмониядан бір тәулікте 50 адам көз жұмды
Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 50 адам көз жұмды. Оның 34-ті осы індеттен, 16-сы коронавирус белгісі бар пневмониядан қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда 25912 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 139 бала бар. Жалпы науқастардың арасында 170 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 36-сының жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.Елімізде …
Подробнее...






