Шылымды байқап шегіңіз! Елімізде темекі тартуға тыйым салынған орындардың тізімі көбейді. Бұдан былай балалар алаңында, жабық аялдамалар мен метрода және жерасты өткелдерінде темекінің кез-келген түрін шегуге болмайды. Бұл сигарет, электронды темекі және кальянға да қатысты. Осының бәрі «Халық денсаулығы туралы кодекстің» жаңа нұсқасында қаралған. Мамандардың айтуныша, соңғы кезде жастар темекі былай тұрсын, қоғамдық орындарда қорқорды жиі тартатын болыпты. Заңға бағынбай, …
Подробнее...Новости
Әйелін сабаған ерлер, баласына қатігез ата-ана көбейді
Коронавирус індеті кезінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға артып кетті. Бұған күн сайын әлеуметтік желілерге жарияланып жатқан жанжалға толы видеолар да дәлел. Әйелін сабайтын ер, ұл-қызына қоқан-лоққы көрсететін әке, баласына қатігездік танытатын аналар да азаймай отыр. Мамандар бұған карантиннің әсері бар дейді.
Подробнее...Ақтау су астында қалды
Ақтаудағы аномалия қаланың астаң-кестеңін шығарды. Түнде басталған нөсер жауын салдарынан қаладағы жолдар, көпқабатты және жеке үйлер су астында қалған. Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік желілерге жариялаған видеоларында сұмдық картинаны көруге болады. Лифттер мен подъездердің өзі лай суға толып қалған. «Төтеншеліктер» мұндай коллапсқа дайын болмай шыққан. Оның үстіне бір күнде жаңбырдың жеті айлық нормасы жауған екен.
Подробнее...Бейруттегі жарылысты тергеу жұмыстары қызды
Берекесі қашқан Бейрутте тергеу жұмыстары қызған. Жарылыс болған порттың біраз басшысы абақтыға қамалыпты. Бірақ апатқа нақты не себеп болғаны әлі айтылмай отыр. Көпшілік мұны қасқаана шабуылға балайды. Қарапайым қауіпсіздік техникасының сақталмауы да себеп болуы мүмкін екені айтылуда. Отандық сарапшылар тағы біраз жайттарды ортаға салып жатыр.
Подробнее...Асырап алған баласына тамақ бермей, қамап ұстағаны рас па?
Аштан өлмейін деп қашып кетті. Жамбыл облысында болған жаға ұстатарлық жайт күллі Тараз жұртының төбе шашын тік тұрғызды. 10 жасар баланы қамқорына алған отбасы жеткіншекке бірнеше тәулік бойы тамақ бермей, бөлмесінде қамап ұстаған. Сөйтіп төрт қабырғада әбден зеріккен бала амалсыздан терезеден секіріпті. Ауыр дене жарақатын алса да, ата-анасының қаһарынан қорқып, 12 сағат бойы көршісінің ауласында тығылып отырған екен.
Подробнее...Жанармайға қолы жетпеген диқандар егін ора алмай отыр
Ақтөбенің саудагерлерінен соң іле-шала шаруалары шу шығарды. Нағыз егін орағы қызған шақта жұмыстары тоқтап тұр. Арпа мен мал азығын дәл қазір жинап алмасақ, ала жазғы еңбек далаға кетіп, жер сипап қаламыз деп алаңдаулы. Диқаншыларды қол жайып, қарыз сұрауға итермелеген не жағдай?
Подробнее...Әкімдерді жиі ауыстыру жемқорлыққа жол ашады
Әкімдерді жиі ауыстыру жемқорлыққа жол ашады. Сондай-ақ, бюджет қаржысын негізсіз шашуға алып келеді. Елдегі экономистер осылай дейді. Ауқымды жобалардағы салғырттықтың салдарын халық тартып жатыр. Елордадағы Ұлы дала даңғылының бойында тұратындар 3 жылға созылған жөндеу жұмыстарынан әбден мезі болдық дейді. Өйткені, алдыңғы жобадағы ағаттықтың кесірінен сап-сау көше сүріліп, тасжол қайта төселіп жатыр.
Подробнее...Елордалық үлескерлер құрылыс алаңын басып кірді
Бас қалада тағы да баспана дауы! Бұл жолы «Бағыстан» тұрғын үй кешенінен пәтер алғандардың бағы ашылмай отыр. Былтыр беріледі деген баспаналары әлі дайын емес. Ал мердігер компания құрылыс жүргізуде жайбасарлыққа салынған. Бұған ашынған үлескерлер әй-шайға қарамай, құрылыс алаңын басып кіріп, айқай шығарды.
Подробнее...Балаларға коронавирус қауіпті ме?
Ел аумағында коронавирустан қазір 27 мыңға жуық отандамысыз емделіп жатыр. Оның 144-і — балалар. Бүгінде бұл вирустың ересектерге қандай зияны мен әсері бар екенін әлем дәрігерлеріне шамалы болса да белгілі. Алайда денсаулық сақтау саласының мамандары жеткіншектерге бұл індеттің қалай әсер ететін бірауызды шешімге келер емес. Дегенмен, жаһандағы ғалымдар «КОВИД-19» инфекциясын жеткіншектер мен жасөспірімдер ең көп таратады деген жаңалық ашыпты.
Подробнее...Індетке қарсы отандық екпе дайын
Індетке қарсы екпе дайын болды. Әлем елдері жедел түрде жарыса әзірлеп жатқан вакцинаны алғашқылардың бірі болып біздің ғалымдар ұсынуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мамыр айында мақұлданған екпе бірінші сынақтан сәтті өтіпті. Енді екінші тестілеу қыркүйек айында басталады екен. Алайда бұл жаңалықты естіген жұрттың жүзінде қуаныш байқалмайды. Керісінше дені бұл вакцинаға күмәнмен қарап отыр. Неге?
Подробнее...






