3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Ішерге тамағымыз жоқ, жұмыс істеуге рұқсат беріңдер!

«Ішерге тамағымыз жоқ, жұмыс істеуге рұқсат беріңдер!» Ақтөбеде карантин кезінде табысынан айырылғандарға берілетін 42500 теңгені ала алмаған жүздеген адам айқай шығарды. Шыдамы шегіне жеткендер шенеуніктерден көмек сұрайды. Күнкөрісі қиындаған тұрғындардың талабы қандай?

Подробнее...

Қош бол, чемпион!

70 жасына қараған шағында өмірден өткен Жақсылық Үшкемпіровтің жерлеу рәсімі ертең, 4 тамызда өтеді. Тұңғыш Олимпиада чемпионын ақтық сапарға шығарып салуға қазіргі пандемияға байланысты тек отбасы мен жақын туыстары ғана қатысады. Даңқты балуан, арда туған азаматтың денесі Алматыдағы Кеңсай зиратына қойылады.

Подробнее...

Карантин талаптары сақталмауда

Республика бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келе жатса да, осының өзін артық көріп жүргендер бар. Бірі топтасып алып десантшылар күнін тойласа, екіншілері сауна жағалап, боди массажға баруда. Өзгелері топ болып жиналып алып, футбол көреді. Бұл демалыс күндері анықталған карантин талаптарын бұзу фактілерінің бір парасы ғана. Жұрттың көбі жанын шүберекке түйіп жүгенде, талапқа бағынбағандардың мұндай әрекекеттері карантинді тағы да созуға әкелмей ме?

Подробнее...

Күздегі толқынға дайынбыз ба?

Бірінен соң бірі жалғасқан карантиннен соң коронавирус жұқтырғандар саны азайып, ауруханалардағы орын тапшылығы жойыла бастаған. Бүгін денсаулық сақтау министрі осындай мәлімдеме жасады. Бірақ, жаман айтпай жақсы жоқ, алдағы күзде ауру тағы асқынса, бұған Үкімет дайын ба? Аталған министрлік уәде еткен 1,2 миллион тест неге сатып алынбаған? Қыркүйекте тұрғындар тағы дәрі іздеп, емхана жағалап кетпей ме? Кезекті толқынға қатысты Алексей Цой …

Подробнее...

Коронавирус: елдегі жағдай

https://youtu.be/o7fdZCRQ6m0 Елде COVID-19 жұқтырғандардың нақты саны қандай? «Ресми» деген аты бар ақпараттың өзі бір-біріне ұқсамайтын үш түрлі статистиканы көрсетіп отыр. «Халықты әбден шатастырып біттіңдер» деп жауапты министрге базынасын жеткізген журналистер бүгін арнайы брифинг өткізген Алексей Цойды сұрақ астында қалдырды. Ал бір тәулікте қызыл тізімге бірден 6400-ден астам адам тіркелгенде, елде жағдай тұрақталып келеді деп ведомствосына шаң жуытпаған минитср басқа не …

Подробнее...

Жайылым жерді жыртып тастаған

Алматы облысына қарасты Ақсу ауданында жайылымдық жерге қатысты дау шықты. Алтынарық ауылындағы 40 гектар алқаптың заңды иесі барын жұрт енді ғана білген. Аумақты осыдан 8 жыл бұрын иелігіне алған инвестор оны игеруге кешелі бері бел шеше кірісіпті. Тіпті жерді жыртып та тастаған. Бұған ашуланған тұрғындар техникалардың алдын кес-кестеп әрең тоқтатыпты. Даудың немен аяқталғанын тілшіміз айтсын.

Подробнее...

Жолдар жөнделе ме?

https://youtu.be/hCZ27GLk9h8 Министрлер мен депутаттардың жүретін жолы, тақтайдай болса да, тағы жөнделіп жатыр. Ал қала шетінде тұратын қарашаның қамын кім ойлайды? Қазір бас қалада талқыланып жатқан басты тақырыптардың бірі — осы жол мәселесі. Сол жағалаудағы жақсы асфальтты жылда аударып, жаңасын төсей бергенше, көліктің дөңгелегі тұтас кіріп кететін шұңқырлары бар шеттегі көшелерді неге дұрыстап салмайды дейді ел. Жөн. Әкімдік жөндеу жұмыстарына 12 …

Подробнее...

Астыртын сатылған спирттен 27 адам көз жұмды

Пандемия кезінде антисептикті сылтау етіп, этил спиртін тонналап жеткізіп жатқандар бар. Бірақ, олардың барлығы бірдей емдік мақсатта пайдаланылмайды екен. 5 литрлік пластикалық құтыға құйып көпшілікке көлеңкелі кәсіппен сатып жатқан көрінеді. Құрамы белгісіз ащы судан бүгінде елімізде 27 адам көз жұмыпты.

Подробнее...

Ақтөбелік кәсіпкер дәрігерлерге демалыс орнына жолдама сыйлады

Олар кез келген құрметке лайық! Ақтөбелік кәсіпкер дәрігерлерге тосын сый жасады. Тәулік бойы көз ілмей, науқастарға көмек көрсетіп, күндіз-түні шақыртулардан қолы босамайтын жедел жәрдем бекетіндегілер мұндай қошеметті жоғары бағалады. Атымтай жомарттық танытқан кәсіпкердің тосын сыйы не?

Подробнее...

Бір миллиард теңге жұмсалған саябақ әлі ашылмаған

Бір миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалған орын әлі қолданысқа берілмеген. Жаз мезгілінің жартысы өтіп кетсе де, Семей тұрғындары орталық саябақ әйтеуір бір ашылатын шығар деп күтуде. Жұртшылық «осымен екінші жыл жабық тұрған нысанда диснейленд салып жатыр ма?» деп келеке ететін болыпты. Абайдың мерейтойын атап өтуге 10 күндей қалды. 365 күнде бір ыңғайланбаған нысандар екі аптада шаруаны шыттай қыла ала ма?

Подробнее...
X