Анайы ойын ойнаған ақтаулық жеткіншектердің аты-жөні анықталды. Облыстық полиция басқармасының мәліметінше, эротикаға еліктеген ұлдардың жасы небәрі 10-да екен. Қазір олардың ата-аналарына қатысты тергеу амалдары басталыпты. Ал, білетіндер болашақта мұның салдары қауіпті болуы мүмкін деген пікірде. Оған қоса, ерсі қылығымен көзге түсіп жүрген жеткіншектердің де қарасы азаяр емес.
Подробнее...Новости
Коронавирусты қайта жұқтыруға бола ма?
Коронавирустан жазылып шыққан адам, оны екінші рет жұқтыруы мүмкін! Себебі, науқастың иммунитеті төмендеп, Covid-19 инфекциясы ғана емес, өзге де кеселдерге шалдығуы ықтимал. Мұндай пікірді шетелдік ғалымдар айтуда. Ал, елімізде жазылып шыққан науқастың сынамасы қайтадан оң нәтиже көрсеткен ресми дерек әлі тіркелген жоқ. Бірақ, әлеуметтік желіде вирустан сауыққан тұрғындар, иіс пен дәмді сезбей жатқандарын мәлімдеп, қайтадан ауыруға шалдыққанын жазуда. Бұл жөнінде …
Подробнее...Карантин бітетін күн қашан?
Отставка? Жоқ естімедік! Мамин бастаған министрлер кабинеті бүгін түк болмағандай Үкіметтің кезекті отырысын өткізді. Бұрынғы құрамда бас қосқандарына қуанған шенеуніктер өткен аптада не тыңдырғандарын жіпке тізді. Елдегі ахуалдың тұрақталғанын сүйінші сұрағандай жеткізіп, карантин талаптарын да біртіндеп жеңілдетуге болатынын сөз етті. Алайда күніне кемі мың жарым науқас тіркеліп жатқанда пандемияны ауыздықтадық деу қаншалықты орынды? Карантин талаптары кімдер үшін жеңілдетіледі?
Подробнее...Талдыкөл табиғи саябаққа айналмақ
Нұр-Сұлтандағы қолқаны қабатын иісі бар Талдыкөл көлі табиғи саябаққа айналмақ. Елорда әкімдігі сол жағалаудағы тұрғындарды біраз әбігерге салған су айдынын алдағы уақытта адам танымастай өзгертпек. Ғылыми орталық, флорасы мен фаунасы сақталған парк небәрі екі-үш жылда бой көтермек. Бастамаға қанша қаржы жұмсалады? Игі бастама болса неліктен қоршаған ортаға жауапты мамандар дабыл қағуда?
Подробнее...Биыл құрбандықты онлайн шалуға болады
Биыл жылдағыдай әркім өз ауласында құрбан шала алмайды. Пандемияға байланысты Діни басқарма бұл міндетті өз мойнына алды. Құрбандық шалуға ниеттілер Құрбан 2020.кз сайтына еніп, өтініш қалдырады. Ұсақ не ірі қара малды сатып алып, қаражатын төлеп, одан арғысын жауапты мамандарға аманаттайды. 23 маусымнан бері сайт арқылы құрбан шалғандар саны 1500-ден асып түсіпті.
Подробнее...Ақтөбеліктер тұншығып жатыр!
Ақтөбеліктер тұншығып жатыр! Тұрғындар таза ауа емес нәжіс иісін жұтып жүргендеріне наразы. «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайдының» күйін кешкен жұрт енді Президенттен көмек сұрауға мәжбүр. Өйткені, атқамінерлерге айтқанымен нәтиже шықпапты. Ақтөбенің ауасын кім бүлдіріп жатыр? Қолқаны қабатын иістен әбден басы айналған жұртқа билік қалай көмектеспекші?
Подробнее...Депутат: Мені сайлаған сендер емес!
«Сендерге есеп беруге міндетті емеспін! Мені сайлаған сендер емес!». Қоғам белсенділерінің «демалыс кезінде немен айналысып жатырсыз?» — деген сауалына Мәжіліс депутаты Владимир Божко осылай жауап берген. Әлеуметтік желіде азаматтар «ханның баласы» болса да, қараша халыққа дұрыстап жауап берсін деп сын айтуда. Иә, халық қалаулылары қазір демалыста. Десе де өз уақытын қиып, қоғамдағы өзекті мәселелердің басы қасынан табылып жүргендер де жоқ …
Подробнее...Отандық ғалымдар әзірлеген дәрі қолданысқа қашан енеді?
Өзімізге сенуден қалдық па? Отандық ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрі ойлап шығарды. Бұл әрине қуанышты жаңалық. Алайда шет елдік баламасынан екі-үш есе арзанға түсетін вирусқа қарсы препаратты еліміздің денсаулық сақтау министрілігі қолданысқа енгізуге асығар емес. 16 жылын сарп етіп, емге шипа болар дәріні шығарған ғалымдардың еңбегі қазір еш кеткендей болып тұр. Науқастарға беріп тиімділігі дәлелденсе де, жұқпалы дертке шалдыққарды емдеуге оның …
Подробнее...Медсақтандыру қорының қатысушылары ПЦР-тестті тегін тапсыра алады
Енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ақша аударып жүрген кез-келген азамат коронавирусқа тестті тегін тапсыра алады. Бұл туралы бүгінгі брифингте айтылды. Қазір аталған сынаманың құны 11 мың 555 теңге. Ақысыз өту үшін тұрғындар тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға жүгінуі қажет.
Подробнее...Бір пациентке – 1,5 млн теңге!
Бір пациентке – 1,5 млн теңге! Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы енді науқастардың еміне «ковид-19» инфекциясын жұқтыру деңгейіне қарай қаржы бөлінетінін мәлімдеді. Атап айтқанда, індет жеңіл формада өтіп жатқан науқасқа қордан 262 мың, орта деңгейдегісіне 446 мың, ауыр формадағы пациентке 1,5 млн, ал жағдайы өте ауыр науқастарға 1 млн 700 мың теңге төленетінін жеткізді.
Подробнее...






