10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Елордада кафе мен караоке жасырын жұмыс істеген

Елордада карантинге қарамай, түнде жасырын жұмыс істеген кафе мен караоке әшкереленді. Тәртіпке бағындағандардың әрекетін кезекті рейд жүргізген полицейлер мен әкімдік қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ анықтаған.

Подробнее...

Зорлық көрген әйел әділдік іздеуде

Алматы облысында екі жігіт айуандықпен зорлаған әйел әділдікке мұқтаж. Қылмыскерлер жазадан сытылып кете ме деп алаудауда. Оқиға өткен жылы болса да сот үкімі әлі күнге дейін шықпаған. Оқиғаға қатысы бар азаматтың бірі көршісі болғандықтан, енді өмірі үшін алаңдаулы.

Подробнее...

Мүгедектер: Бізге қарайтын әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысын жеп жатыр

Карантин аяқ-қолы сау тұрғындарға қарағанда, зағип жандарға ауыр тиіп жатыр. Мәселен семейлік мүгедектер осы шектеулердің кесірінен тіпті дүкенге барудан қалған. Себебі біреудің сүйемелдеуінсіз жүріп тұра алмайды. Ал, жағдайын жасау үшін бекітілген әлеуметтік қызметкердің еңбекақысын да әкімдіктегілер жырымшылап, дұрыс төлемейді екен. Сондықтан мамандар ақшасын ала алмай жұмыстан кетіп жатқан көрінеді.

Подробнее...

Үйлерін жөндеуден өткізген тұрғындар алданып қалды

Мәссаған, мен алдандым! Бұл кезекті ойын-сауық бағдарламасы емес, қарапайым халықтың жанайқайы. Қызылордада 70-тен астам пәтер иесі жергілікті биліктен алданғандарын айтып, налиды. Шахардың Шанхай ықшам ауданында биыл қыста 18 пәтерлі 4 үйге модернизация жұмыстары жүргізіліпті. Алайда, «үйлеріңді тиімді бағаға күрделі жөндеуден өткізіп береміз» деген әкім-қаралар енді сөздерінен айнып қалған.

Подробнее...

Үкімет үмітті ақтады ма?

Президент айтқан екі апта өтіп, үшінші жұмыс аптасы басталды. Үкімет отставкаға кете ме, жоқ па, астанада сол жағалауда қандай жаңалық бар. Қасым-Жомарт Тоқаев тек қана цифрлық дамуға жауапты бір министрді ғана ауыстырды. Қалғандары тағы уақыт сұрады ма, әлде жұмыстарын көрсетті ме? Ал әкімдер не істеп жатыр.

Подробнее...

Педофилдерге қатысты жаза қандай болмақ?

Сәтбаев қалалық соты бес жасар қызды ұрлап, зорлық көрсетті деп күдікке іліккен тұрғынды екі ай қамауға алды. Тергеу аяқталғаннан кейін оның ісі сотқа жіберіледі. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Кезекті сұмдық жайттан кейін қоғамда педофилдерге жазаны өзгерту мәселесі қызу талқылануда. Кей белсенділер өлім жазасын енгізетін кез келді десе, заң өкілдері бұл шешімнен кейін қылмыстың азаярына күдікпен қарап …

Подробнее...

Дезинфекция – адамға қарсы жасалған қылмыс!

Алматылық адвокат Жангелді Сүлейменов қаладағы дезинфекция жұмыстарына жауаптыларды сотқа бермек. Өйткені вирусқа қарсы шашылған дәрі-дәрмектен ондаған мың қазақстандық зардап шегуде. Заң маманының сөзінше, дезинфекция халыққа жасалған қастандық. Бұған қала тұрғындары мен шенеуніктер не дейді? Шынымен дезинфекция қауіпті ме?

Подробнее...

Тегіңді қазақшалау қиын ба?

Көршіге қарап бой түзеген дұрыс па? Тәжікстан парламенті өз халқының тегін ұлттық негізде жазу туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл мәселенің біздің елде талқыланып келе жатқанына 30 жылға жуықтапты. Бірі фамилиясына жалғанған «ов», «ова»-дан бас тартса, екіншілері құжаттың машақатын ойлап бұл істі кейінге шегеріп келеді. Рухани жаңғыру дейміз. Аты жөніміздің өзі дұрыс жазылмай келе жатқанда, өзгесіне не қайыр?

Подробнее...

Ішкі істер министрі мәлімдеме жасады

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласындағы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгін ішкі істер министрі онлайн брифинг өткізіп, осы мәселе бойынша мәлімдеме жасады. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, 5 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталған. Айта кетейік, қала тұрғындары кішкентай қызды зорлады деген күдіктіні өз қолымызбен жазалаймыз деп, жанжал шығарған болатын. Қоғамдық тәртіпті реттеп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция күштері тартылған.

Подробнее...

Ақтөбеде түрмеден шыққан қаскөй 10 жасар қызды зорлады

Ақтөбеде қаскөй 10 жасар қызды зорлады. Сұмдық жайт қаланың шетіндегі аудандардың бірінде кешқұрым болған. Дүкеннен шыққан бүлдіршінді көрген күдікті артынан еріп отырыпты. Көршілерінің айтуынша сай жаққа апарып балаға білгенін істеп, қорлаған. Оқушы қыз педофилдің қолынан сытылып кетіп, қашқан дейді. Күдікті қамауға алынғанымен, көрші-қолаң, ауыл-аймақ қорқып отыр. Өйткені, ол бұған дейін де істі болып, жақында ғана абақтыдан босап шыққан екен.

Подробнее...
X