Медициналық қауіпті қалдықтар тұрғын үйлердің ауласына тасталады! Осындай сорақылыққа куә болған тұрғындардың бірі ол жайтты фотоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жариялап жіберді. Куәгердің айтуынша, еліміздегі коронавирусқа сынама қабылдайтын ірі лабораторияның қызметкерлері зиянды қоқыстарды тұрмыстық қалдықтармен бірге төккен. Мүмкін емес деп зерттеу жүргіздік. Сонда анықтағанымыз ол қалдықтарды өңдейтін, залалсыздандыратын мекеме карантинге жабылып жатыр екен. Бұл нені білдіреді? Инесі бар, дәрісі бар, …
Подробнее...Новости
Президентке бір жылда 30 мыңға жуық хат келіп түскен
Президент әкімшілігіне ай сайын тұрғындардан 2,5 мыңға жуық өтінім келіп түседі екен. Өйткені халықтың өз мәселесін жылдар бойы шеше алмай қалатын кездері болады. Осыған орай былтыр Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен президент әкімшілігінің қасында тұрғындардың шағымын тыңдайтын арнайы бөлім құрылған еді. Бір жылда оған 30 мыңға жуық хат түсіпті. Бұқараның мәселесі шешілді ме?
Подробнее...Ұлттық қорды қор қылмау керек
Ұлттық қордағы қаржыға ие болмасақ, 4 жылда ту-талақайы шығады! Экономист сарапшылардың пайымы осы. Эпидемия, пандемия жоқ кезде де ысырап болған қаржы осындай кезде мүлде бақылаусыз кете ме деген қауіп бар. Оны болдырмау үшін не істеу керектігін де мамандардан сұрадық. Кейінге ұрпақ үшін жасақталған қорды қадағалау кімінің қолынан келеді?
Подробнее...Тегін берілетін құжаттарды ақшаға сатуда
Тегін берілетін құжатты қыруар қаржыға сатып, жоқ жерден пайда көріп жүргендер бар. Ондай пысықайлардың бір сыпырасы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын айналшықтап жүр. Кезекте тұрғандарды алдап-арбап, көлік рәсімдеуге қатысты қызметтің түр-түрін заңсыз ұсынады. Бағасы да арзан емес. Ондайлардың бірқатарын құзырлы органдар бүгін қолға түсірді. Арнайы операцияға біздің тілшілер де қатысып келген еді.
Подробнее...Су орнына у ішіп отырмыз!
Су орнына — у. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Байкенже ауылының тұрғындары басқа-басқа емес, уранның уыты жайылған тіршілік нәірн тұтынуға мәжбүр. Мың жарым халқы бар ауыл отыз жылдан бері таза ауыз суға зәру. Мемлекеттік бағдарлама аясында қосылуға тиіс су торабы бірнеше жылдан бері бекерге тұр? Радиоактивті, ең зиян элементтер ауылдағы ағайынның асына неге араласып кетті? Аймақтағы тілшіміз айтсын.
Подробнее...Талдықорғандық дәрігерлер жаппай жұмыстан кетпекші
Елде індет өршіп тұрғанда Талдықорғандағы көпсалалы аурухананың дәрігерлері жаппай жұмыстан кетпекші. Тіпті, арыздарын да жазып қойған. Ақ халаттылардың бұлай шешім қабылдауына «бас дәрігер қызметтен босатылады» деген сыбыс себеп болған екен. Ұжымдағылардың айтуынша, Сәуле Құсмолданованың орнына осы күнге дейін жаңа басшыны да таңдап қойған көрінеді.
Подробнее...Алакөл карантинге жабылды
Бүгіннен бастап Алакөл де карантинге жабылды. Үржар ауданының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысындағы туристік аймаққа кіретін жолдарда блокбекеттер қайта қойылатын болды. Алайда Алакөлде демалыс орындарын ашып, бизнесін дөңгелетіп жүргендерге бұл жаңалық жаға қоймаған сыңайлы. Бір топ кәсіпкер облыс әкімі Даниал Ахметовке үндеу жариялады. Олар аймақ басшысынан 30 тамызға дейін жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрап отыр.
Подробнее...Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек көрсетеді
Қазақстан Үкіметі Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұған қатысты қаулыға Үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойған. Жәрдем ретінде Ауған еліне: көрпе қаптар, қыстық шатырлар, төсек, матрастар, жастық тыстары, көрпеше, күртеше, шалбар мен бас киімдер жіберіледі. Ал Өзбекстанға азық-түлік өнімдерін: жоғары сортты ұн, қарақұмық жармасы, өсімдік майы мен сүт өнімдері жіберіледі. Еске салайық, осыған дейін біздің үкімет жалпы …
Подробнее...Соңғы 20 күнде 63 491 адам пневмониямен ауруханаға түскен
Соңғы 20 күнде 63 491 адам пневмония дертімен ауруханаға жатқызылды. Олардың 45 мыңы ем-дом қабылдауда. Ал, коронавирус жұқтырғандар саны қазір 76 мыңның үстіне шығыпты. 63 проценті немесе 48 мыңнан астамы емделіп шыққан. Тәулік сайын 1600-1700 отандасымыз дертке душар болып жатқаны белгілі. Өкінішке қарай, көз жұмғандар саны да тоқтар емес. Ресми дерекке қарағанда, вирустан 610 азамат бақилық болды. Еліміздің Бас санитар …
Подробнее...Депутаттар демалып жатыр
Депутаттар карантинде қысқа қамданып, варенье қайнатып жатыр. Мәжілістегі кейбір ханымдар осылай деді. Аңсап жеткен екі айлық каникулында халық қалаулылары шетелге демалысқа шыға алмай, үйлерінде отырған көрінеді. Ел-жұртты залға жинап, өңірлерге сапарламай-ақ, әлеуметтік желіде кездесу өткізуге бола ма?
Подробнее...






