18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Балалар мен қарттар үйлерінде індетпен қалай күресіп жатыр?

Мемлекет қарамағындағы әлеуметтік мекемелердегі коронавирус жайындағы ресми ақпарат қаншалықты рас? Мысалы, апта басында Оралдағы қарттар үйінде бір мезетте 18 жанның қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Директоры еңбек демалысына кетіп, ұзақ уақыттан бері сұмдық жайтты жасырған орталықта қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Осы орайда біздің арнаның түсірілім тобы да өз бетінше зерттеу жүргізді. Сонымен, Нұр-Сұлтандағы балалар мен қарттар үйінде және қаңғыбастарды …

Подробнее...

Емдеу протоколы 12-ші рет өзгереді

Осыған дейін де қырық құбылған вирусты емдеу тәсілі жуырда тағы өзгереді. 12-ші протоколға сәйкес, жаңадан 5 дәріні енгізу көзделіп отыр. Ол бойынша індетке шалдыққандар дәрігердің бақылауымен үй жағдайында емделе алады екен. Ал үйдегі ем-домнан шипа көрмегендер қайда барады? Қандай жағдайда бірден жедел жәрдем шақыру керек?

Подробнее...

Үйіне жете алмаған кейуана кіреберісте түнеп жүр

Үйі, бала-шағасы бола тұра, кейуана кіреберісте түнеп жүр. Қолында екі бірдей мемлекетте тұрғандығын растайтын құжаты бола тұра, ол өз үйіне орала алмайды. Бюрократияның былығынан барынан айрылған азаматша екі елдің президентіне бірдей үндеу жолдап, көмек сұрады. Нұрия Усманованы самайын ақ шалғанда сергелдеңге түсірген кім? Қызы мен баласы қол ұшын соза ала ма? Ресей азаматының Ақтөбеге қанадй қатысы бар?

Подробнее...

Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілмек

Індет өршіген тұста елімізде жұмысы тоқтап, жан бағуы қиындаған тұрғындардың саны артпаса, кеміген жоқ. Баспанасына қамалып, күнделікті тұтынар азық-түлікке зәру болғандары қаншама. Осындай тұрымысы төмен отбасыларға жомарт жандар бірігіп қол ұшын беру акциясының тағы бір эстафетасын бастады. Қазіргі уақытта миллиондар тұратын мегаполисте 200 қорап әзірленіп мұқтаж жандарға таратылмақ.

Подробнее...

Алматыда жезөкшелер ұясы әшкереленді

Алматыда шетелдік жезөкшелер жұмыс істеген притон әшкереленді. Бұл жерде Моңғолияның екі азаматшасы әкімші болып қызмет еткен. Олардың басшылығымен интим-кәсіппен жеңіл жүрісті 10 қыз жұмыс жасаған. Мекеме сыртында боди-массаж жасайтындары туралы жарнама ілініп тұр. Сырттан қарағанда қарапайым үш қабатты тұрғын үй, ал ішінде жеке кушеткалары бар, сауна, бассейн басқа да тематикалық бөлмелері болған. Қарантин кезінде қызметкерлер тек тексерістен өткен клиенттерді қабылдапты. …

Подробнее...

Ақтөбелік саудагерлер дүрлікті

Ақтөбеде базар саудагерлері тағы да дүрлікті. Олар аймақтың бас санитар дәрігерінің соңғы жариялаған қаулысымен мүлде келіспей отыр. Кейбіреулері араша сұрап, Президентке үндеу тастаған. Базардағы бұған мәжбүрлеген не жағдай?

Подробнее...

«5-10-20» бойынша өтініш қабылдау басталады

Келесі аптада «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы өтініш қабылдау басталады. Алғашқы легінде Сонау 1986 жылдан бастап үй кезегінде тұрғандарды пәтермен қамту көзделіп отыр. «Әкімдік дайындаған арнайы тізім негізінде азаматтарға СМС хабарлама жолданады», дейді жауапты мамандар. Жылжымайтын мүлік нарығында тағы қандай өзгерістер бар? Пандемия пәтер бағасына әсере етті ме?

Подробнее...

Күзге қарай балалар арасында індет өршуі мүмкін

Жүкті әйел коронавирус жұқтырса, нәресте де міндетті түрде инфекциямен туады деген сөз емес. Кесел келгелі денесін дерт дендеген 167 ана өмірге дені сау бала әкелген. Вирус жабысқан 21 шарананы ақ халаттылар емдеп шығыпты. Ал қазір ауруханаларда осы аты жаман вирустан емделіп 100-ден астам сәби жатыр екен. Оларға вирус жүре біткен. Ел болса енді есін жиғанда қауіп қайта күшееді деп дүрлігуде. …

Подробнее...

42 500-ге әншілер де өтінім беруде

Үкіметтің жәрдемақысына әркімнің ақ бар таласы. Мейлі ол айлығы шайлығынан артылмайтын отбасы болсын, не концерті мен тойы тоқтаған өнер адамдары болсын, бәрі 42 500 теңгеге қарап отыр. Өйткені бұл төлем табысынан қағылғандарға тиесілі. Рас. Алайда 30 минуттық өнері үшін 10 мың долларлап олжа табатын жұлдыздардың әлеуметтік жәрдемақыға жармасқаны қара халықтың ашуына тиіп отыр. Өйткені кей шын мұқтаж адамдардың өзі үкіметтің …

Подробнее...

«Әліппе» қайтарылады

Сауат ашудың орнына әліппе қайтарылады. Кешелі бері қазақтілді қоғам Білім министрінің мәлімдемесін естіп, бөріктерін аспанға атып, қиқулап қуанып жатыр. Енді ше, соңғы 5 жыл ішінде Сағадиевтің жаңашылдығын сынамаған адам жоқ. Депутаттардан бастап, ата-аналарға дейін айтты, жазды, ұрысты. Келесі жылы бірінші сынып оқушылары жаңартылған әліппемен оқымақ. Оның қандай артықшылығы болады?

Подробнее...
X