Әуелі төтенше жағдай, кейін карантин дегелі біраз қызметтің онлайн форматқа өткенін білеміз. Сан салаға шектеу қойылғанымен азаматтар арасындағы дау тыйылған жоқ. Сондықтан сот процесстері де қашықтан өткізіліп жатыр. 4 айдай уақыт ішінде тек Елордада әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, аппеляциялық істерді қоса айтқанда, 22 мыңнан аса іс қаралған екен. Сапасына көңілі толмай жатқандары да бар. Маңызды куәгерлер де нақты жауаптан жалтарып жатыр …
Подробнее...Новости
Жерлеу құны – бір миллион теңге!
Жерлеу құны – бір миллион теңге! Алматыда ақымын қазып, ақтық сапарға шығару үшін әкесінің құнын сұрайтындар көбейген сыңайлы. Себебі, соңғы екі аптаның ішінде 8 адам полицияға алдандық деп шағымданыпты. Жақынының жаназасын шығарып, жер қойнына тапсыруды ойлаған тұрғындар қиын жағдайда сұрағанын беріп, салттан жаңылмауға тырысып баққан. Кейіннен бұл қызмет үшін мұнша қаражат кетпейтіндігін аңғарыпты.
Подробнее...Бурабай ұлттық паркі карантинге жабылды
Халық тыңдамаған соң жаптық! Ақмола облысының әкімдігі Бурабай ұлттық табиғи паркі мен Зерендіде карантин енгізді. Жергілікті биліктің шешімі бойынша, 24 шілдеден 3 тамызға дейін аталған екі демалыс орны келушілерді қабылдамайды. Шектеу аясында қос туристік аймақтың айналасына блокбекеттер қойылып, қонақүйлерге адамдарды тіркеуге тыйым салынады. Ал карантиннен бұрын келіп қойғандар маска тағып, әлеуметтік арақашықты сақтап, демалысын жалғастыра бермек.
Подробнее...Перзентханада босанған ана сәбиімен еденде жатыр!
Перзентханада босанған ана сәбиімен еденде жатыр! Елорда тұрғыны әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандағы периниталдық орталықтың біріндегі былықты әшкереледі. Аты-жөнін атамаған әйелдің айтуынша, оның сіңлісі қалалық нөмірі бірінші көпбейінді ауруханада 18-шілде күні босанған. Бірақ акушерлік бөлімде жас анаға орын жетпей, кейін ол сәбиімен бірге дәлізде түнепті. Сондай-ақ шағымданушы ауруханада нәрестені орайтын жаялық пен арнайы медициналық бесіктің де аз екенін айтады. Сөзінің растығын ол …
Подробнее...Карантин кезінде сайт арқылы танысу көбейді
Анасын емес, авасын көріп, қызын ал! Пандемия кезінде онлайн таныстық белең алыпты. Жасы да, жасамысы да карантинге жабылып, артық жүріс-тұрыс шектелгенде, бойдақтар қайтсін?! Ғаламтордағы бір ғана танысу сайты 70 жұптың бағын ашыпты деген ақпар бар. Қыр астында қызды ауыл бар десе, құнанына қамшы басатын қазағым қазір сәйгүлігін емес, смартфонын ерттейтін болған. Жорғаның емес, желінің жалына жармасып, атқа емес, чатқа қонғандар …
Подробнее...42 500-дің жырына 5500 қосылды
42500-дің дастанына 5500 теңгенің дүрбелеңі қосылды. Үкімет үлестіретін сома мардымсыз болса да, ысқырығы жер жарып тұр. Әлеуметтік әлсіз топ өкілдері көмектің мөлшерін естіп, қапаланып отырмыз дейді. 2 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі көмек қашан және кімдерге беріледі?
Подробнее...Денсаулық сақтау министрлігі тағы қаржы сұрады
Біртановтың ізінше жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да Үкіметке алақан жайды. ПТР тестілеуге деп бас дәрігер бюджеттен 42 млрд теңге сұрап отыр. Бүгінгі өткен Үкімет отырысында қызметке кіріскеніне бір ай да болмаған шенеунік берілетін көмектің қайда жұмсалатынын тиынына дейін есептеп қойыпты. Айтпақшы, Цойдың ұсынысымен енгізілген еліміздегі локдаунның көмегімен вируспен ауырғандар саны 4-тен 2 %-ке дейін төмендеп, жедел жәрдем …
Подробнее...Көбейтұз жалға беріледі
Жылдар бойы елеусіз жатқан Көбейтұз көлі енді саудаға қойылды. Әлемнің бірнеше елінде ғана кездесетін ерекше көлді сақтау мақсатында жергілікті әкімдік осындай шешімге келіпті. Өйткені тұзын қаппен, құмын құтымен тасып бітіретін болды ел. Түрлі дертке ем екен деп, ағылып жатқан жұрттың қарасы көбеймесе, азаймай тұр. Салдарынан көлдің қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін, дейді білетіндер. Сонымен табиғаттың таңғажайып туындысын талқандап жатқандар кімдер? …
Подробнее...Орташа жалақы 200 мың теңге
Қазақстандықтар орта есеппен айына 200 мың теңгенің көлемінде жалақы алады. Бұл — Ұлттық экономика министрлігі жариялаған ақпарат. Және бұл тек маусым айының көрсеткіші екен. Ал іс жүзінде қалай? Қараша халықтың айлығы шайлығына жете ме? Әріптесім Айбек Қосан экономистерді әңгімеге тартып, халықтың пікірін сұрады.
Подробнее...Халыққа Көбейтұз көліне баруға тыйым салынды
Көбейтұз көлі коронавирустың артуына сеп болуы мүмкін. Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы әсемдігі көз тартар қызғылт түсті суға баруға тыйым салынды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, ағылған адамдардан кейін аймақта індет өрши түскен. Демалушыларға қанша ескерту жасалса да, олар ара-қашықтықты сақтамайды, санитарлық талаптарға құлақ аспайды. Сондай-ақ соңғы кезде көлдің құрамы да күрт бұзылған. Алғашында сұлу табиғаттың аясында тек суретке түсеміз дегендер, судағы …
Подробнее...






