14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Қырық градус ыстықта ауызсусыз отырмыз!

Аңқамыз кеуіп тұр! Қырық градус аптапта шөліркеген ақтөбеліктер ауызсуды сатып ішіп отыр. Қырсыққанда, қаталаған қалың бұқараға құдайдың қара суы да қат көрінеді. Басқа-басқа, шіліңгір шілдеде дәл тіршілік нәрінен тарығу — тірі адам үшін тозақ екенін түсіндірмей-ақ қояйық. Сусап отырған Бауырластар тұрғын алабына

Подробнее...

«СК-Фармацияның» жаңа басшысы кешірім сұрады

Бір апта бұрын «СК Фармация» басшысы қызметіне келген Ерхат Есқалиев жұртшылықтан кешірім сұрады. Тағайындалғалы бері ел алдына шықпаған бірыңғай дистрибьютор басшысы қалыптасқан проблеманы жоюға бел шеше кірістім дейді. Ең алдымен дәрі тапшылығына сеп болған факторларды анықтап, алдағы жоспарын айқындапты.

Подробнее...

Үкімет отставкаға кете ме?

Әкімдер аса күрделі жағдайда жұмыс істей алмайды. Өзекті проблемаларды шұғыл шешу былай тұрсын, азаматтарға мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіруді білмейді. Күні кеше Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қатысты селекторлық отырыста Үкімет пен әкім-қараларды тағы сынға алды. Естеріңізде болса, жағдайды тұрақтандыру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев оларға екі апта уақыт берген еді. Соның бір жетісі көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Енді атқарушы биліктің 7 күндей …

Подробнее...

Сарапшылар: COVID-19 жұқтырғандар саны үш миллион болуы мүмкін

Елімізде ковид жұқтырған науқастар саны үш миллион болуы мүмкін. Сарапшылар мен қоғам белсенділері осындай пайым жасап отыр. Олар халыққа жарияланып отырған ресми деректердің дұрыстығына күмәнмен қарауда. Себебі ПТР тест тапсырғандардың саны небары 1 миллион 700 мыңның айналасында. Дәрігерлер мен полицейлердің бірнеше мәрте тестен өтетінін ескерсек, нәтиженің көңіл көншітпесі анық. Көңілді күпті еткен тағы бір дерек. Бір аптада 210 отандасымыз індеттен …

Подробнее...

Мүгедектерге берілген баспананың қабырғасы сөгіліп, жертөлесін сасық су басқан

Елорда әкімдігі әлеуметтік аз қамтылған жандарға ескі-құсқы баспана берген. Былтыр ғана жарнамасы жер жарған бағдарлама арқылы берілген үй құлаудың сәл ақ алдында тұр екен. Қабырғасы сөгіліп, жертөлесін сасық су басқан. Мүгедек жандар мұнда тұру мүмкін емес, — дейді. Одан бөлек, әр шаршы метріне ақысын кешіктірмей санап беріп отырған жұрт, коммуналдық қызметке де қымбат тарифпен ақша төлейді екен.

Подробнее...

42 500: Портал жұмыс істемей тұр

«Орынсыз мақтау — орға жығады» демекші, кеше ғана министр жатып кеп мақтаған сайт істен шықты. Карантин кезінде қазақстандықтарға 42500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алу туралы өтініш қабылдайтын портал дұрыс жұмыс істемей тұр. Сервердің жұмысына жауапты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жақында ғана оның толықтай жұмысқа дайын десе де, портал қолданушылары қиыншылыққа тап болды. Парақшаның жүргізетін ресми мамандардың …

Подробнее...

Коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар статистикасы біріктіріледі

Еліміздегі коронавирус пен пневмония шалдыққан науқастар статистикасы біріктірілетін болды. Бұл туралы арнайы брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Ведомство басшысының сөзінше, қаңтар айынан бері 237 мың отандасымызға пневмония диагнозы қойылған.

Подробнее...

Қызылордалық дәрігерлер сексендегі қарияны емдемей, сенделтті

Сексендегі қарияны әбден сенделтті. Қапан ата Нағашыбаевтың қызылордалық дәрігерлерге өкпесі қара қазандай. Ковидке сынама тапсырам деп, көп итке таландым дейді ақсақал. Тест нәтижесі оң болды деп, дәрігерлер ары-бері құр таси беріпті. Әуелі стационарға апарып 4 күн қамап тастаған. Ол жерде не дәрі, не дәрігер көрмеген қария үйіне әрең жеткенде, тағы әкетіп, қайта қараусыз қалдырған. Содан бері ақсақал далада жатыр. Өйткені …

Подробнее...

Ханның қызы халықтың жолын жаппасын!

«Ханның қызы халықтың жолын жаппасын!» деп әлеуметтік желіні шулатқан Жаңақорған ауданының тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбекова көпшілікке үндеу жасады. Баз біреулер оған қысым көрсетіп жатқан көрінеді. Мен тек шындықты айттым деп шырылдаған ол Гүлшара Әбдіхалықоваға қатысты даулы видеоны өшіруден бас тартып отыр. Осыған дейін де сан мәселені көтеріп келген Сандуғаш Тұрлыбекова кім? Және «Әкім келді» деп қараша халықтың жолын жөнсіз бөгеген адам …

Подробнее...

Саумалға сұраныс артты

https://youtu.be/F72HMUKhMt4 Індет тарағалы елімізде биебаудың басынан саумал ішетіндер көбейіпті. Тіпті, ұлттық сусынға сұраныстың артқаны сонша, жұрт кезекке таңғы сағат бестен тұрып алатын көрінеді. Алайда дертке дауа іздегендер нені білуі керек? Биенің сүті әлемді жайлаған індетке ем бола ала ма?

Подробнее...
X