10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Алаяққа алданған тұрғындардың үйлері кепілде кетті

Шымкентте бір топ отбасы далада қалғалы тұр. Үйлерін кепілге қойып, несие алмақшы болғанда, алаяққа алданып қалған екен. Енді баспаналарын несие ұйымы тартып алмақшы. Сотқа барып сазайын беруді сұрағанда, олар да сандалтып қойған. Қара қылды қақ жарады-ау деп барған қазылары қайта қарашаны қапа қылғанға ұқсайды. Амалы таусылған ағайын біздің арнадан көмек сұрады.

Подробнее...

Қайырымды күзетшілер жетім жігітке үй алып берді

Жомарттық деп осыны айт. Ақтөбелік жігіттер өздеріне жетпей жатса да, мұқтаж әріптесіне үй алып берді. Қайырымды азаматтар ел танитын бай да емес, би де емес, қазіргінің меценаты да емес. Қарапайым күзетшілер. Иә, жалақыдан жалақыға жармасып жүрсе де, бірнеше жылдан бері әрқайсысы айына 500 теңгеден бөлек алып қоя беріпті. Баспананың бағасы жиналғанда жетім жігітке жәрдем болды. Көп түкірсе көл деген осы. …

Подробнее...

Ертеңнен бастап 42 500 теңгеге өтініш қабылданады

Ертеңнен бастап 42500 теңгеге өтініштерді қабылдау басталады. Азаматтар өтінімді бұрынғыша 42500enbek.kz, электронды үкімет және телеграмм-боттар арқылы жолдай алады. Біржан Нұрымбетовтың сөзінше, осыған дейін талайды сан соқтырған порталдардың дайындығы қазір сақадай сай деп отыр. Егер ешқандай ақау шықпаса, жәрдемақы дүйсенбіден бастап үлестіріледі. Ал бұл көмектен кімдер қағылатыны жайлы жауапты министр жауап берді.

Подробнее...

51 дәрігер көз жұмды: уәделі өтемақы төлене ме?

Елде коронавируспен күрес барысында көз жұмған дәрігерлердің саны 51-ге жетті. Басым бөлігі мемлекеттік наградаға ие болды. Оны марқұмдарының туыстары алып еді. Естеріңізде болса, қызмет бабында науқастанған, көз жұмған ақ халаттыларға өтемақы қарастырылады делінген болатын. Бірақ күні бүгінге дейін әлі төленбегенге ұқсайды. Неге?

Подробнее...

Ақтөбе тұрғындары: Қорада отырған сияқтымыз!

Үйде емес, қорада өмір сүретін сияқтымыз. Ақтөбедегі көпқабатты үйдің дәл алдынан ашылған мал бордақылау алаңына наразы жұрт жанайқайын жеткізді. Айтуларынша қаланың қақ ортасынан қасапхана ашылғалы айналаның бәрі тезек сасиды. Аулаға шықпақ түгілі терезесін аша алмайтын ағайын атқамінерлерге талай атыпты. Алайда тұрғындардың тынысын тарылтқан кәсіпкердің көкесі мықты болса керек. Ешкімге құлақ асар емес.

Подробнее...

Өгей әкесі 8 жасар баланың қолын пешке басып, аяғын сындырған

Биылғы жылдың 6 айында елімізде 125 бала зорланып, 14 бүлдіршін көз жұмған. Көбі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары. Мәселен, Ақмола облысында өгей әкесі баласының қолын пешке басып, аяғын сындырған. Озбырлыққа шыдай алмаған бүлдіршін бар шындықты мамандарға айтып берді. Неліктен, болашақ ұрпақтарымызға жасалып жатқан аяуандық әрекеттер азаяр емес?

Подробнее...

Бетпердесіз жүргендер 83 мың теңге айыппұл төлейді

Карантин талаптарын сақтамасаңыз, күйдім дей беріңіз. Билік енді бұқараға ескерту айтумен ғана шектелмейді. Тәртіпке бағынбаған тұрғындарды аса ірі айыппұлдармен құдаламақ. Тыйымға құлақ аспай, жасырын той өткізіп, бетпердесіз жүріп, жағажайларда шомылып, тыйым салынған жерде демалатындар бұдан былай «Тест жоқ, дәрі жоқ, ауруханалар дайын емес» деп өкпелемесін деген әңгіме ғой. Алайда атқамінерлердің өзі салют атып, мәз-мейрам болғанда халыққа қалай тойлама дейсің? Қайткен …

Подробнее...

Атыраулық ерікті облыстық ауруханада жұмыс дұрыс ұйымдастырылмағанын айтты

«Жұмыс ұйымдастыру деңгейі нөл!». Атыраудағы облыстық ауруханада мамандарға көмектесіп жүрген ерікті осылай деп дабыл қақты. Оның айтуынша, вирус жұқтырудан көш бастап тұрған аймақта оттегі баллонын облыстық деңгейдегі мекемеге жеткізу жолы дұрыс қарастырылмаған. Тіпті, салғырттық соңы адам өмірін қия жаздапты.

Подробнее...

Абайдың 175 жылдығына орай еріктілер қызметіне 16 млн теңге бөлінбекші

Абайдың 175 жылдығында еріктілер қызметін ұйымдастыруға 16 миллион теңгеге тендер жарияланды. Бұл лотты Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ұсынып отыр. Қомақты қаражатты алған ұйым өңірдегі студенттердің басын қосып, еріктілер тобын жасақтауы керек екен. Волонтерлер жылы деп жарияланғалы 7 ай болды. Осы уақыт аралығында Мемлекет басшысының берген тапсырмалары орындалып жатыр ма?

Подробнее...

8 банкке айыппұл салынды

Еліміздегі сегіз банкке 47,6 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы BasNews.kz ақпарат порталы хабарлады. Қаржылық ұйымдар көп жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормаларды сақтамаған. Олар негізінен ақша аударымдары бойынша нұсқаулықтарды орындау мерзімдерін бұзған. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы …

Подробнее...
X