10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Таразда маска өндіретін зауыт жұмыс істеп тұр

Шикізат бар, өндіріс толықтай жұмыс істеп тұр. Тараз қаласындағы «Суперфарм» компаниясы еліміздің төрт бірдей ірі қаласына медициналық маска және басқа да қажетті бұйымдарды өндіріп, жеткізіп береді. Күні кеше зауытқа 11 жүк көлігімен 100 тонна шикізат жеткізілген. Енді 300-ге жуық маман бірден іске кірісіп, халыққа қажетті заттарды жинақтауды бастады. Компания өкілдері көпшілікке бір ғана масканың үш түрін ұсынамыз деп уәде беріп …

Подробнее...

Бұрынғы әйелін 8 жерден пышақтаған

Елордада ер адам бұрынғы әйелін пышақтап тастады. Ол келіншегінің жұмыс орнына барып, далаға шығуын талап еткен. Әйел сыртқа шыққан кезде күштеп көлікке отырғызып алып кеткен. Қарағанды тасжолына бара жатқан жолда әйелін ұрып, қарсылық танытқаны үшін 8 рет пышақ салып, кейін оны далаға тастап, ізін суытқан. Мұны көрген куәгерлер полиция мен жедел-жәрдем қызметін шақыртқан. Қазір зардап шеккен әйел ауруханада. Бұл дерекке …

Подробнее...

Медсақтандыру: Аты бар да, заты жоқ

Медициналық сақтандыру қорының жұмысынан кінарат табылды. Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет тергеу шараларын жүргізуде. Аталған қордың айналасындағы әңгіме әуелден жағымды болмағаны белгілі. Соңғы айда тіптен өрши түсті. Елде пандемия күшейіп, халық ішерге дәрі таппай отырғанда медсақтандыру қорының немен айналысқанын тілшіміз баяндасын.

Подробнее...

Коронавируспен күрестегі өңірлер рейтингісі

Халық қаласа да, қаламаса да «Халық қалаулысы» деген атқа ие болғандар қайда қазір? Сұрақ тек депутаттар жайлы емес. Атқамінерлердің бәрі неге атқа қонбайды осындайда? Елге етене жақын болуға уәде еткен ақ жағалылар етігімен су кешіп көрді ме? Дәріхана мен ауруханаларды аралады ма? Мамин бастаған министрлер кабинеті кабинеттерінен шықты ма? Әлде аурудан аулақ деп өз ауласында ғана жүр ме? Көкейді тескен …

Подробнее...

Тәжікстанға 100 тыныс алу аппаратын жөнелтеміз

Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсететініміз рас. Ол жаққа өкпені жасанды желдету аппараттарын апармыз. Денсаулық сақтау мнистрлігі кешелі бері дау туғызған мәліметке қатысты мәлімдеме жасады. Бұл әлемдік үрдіс екенін атап өтті. Ал бізге жеткен көмек діттеген жеріне жетіп жатыр ма, екі ортада саудаға түсіп жатқан жоқ па? Оны тексеру үшін жемқорлыққа қарсы агенттік пен қоғамдық ұйымдар шықты.

Подробнее...

Вирусы бар маскалар таратылуда: жалған ақпарат көбейді

Елімізде ковидтен де тез таралып, қауіптілігінен бір сәт кем түспейтін тағы бір індеттің барын біліп пе едіңіз? Ғалымдар оны «инфадемия» деп атап кеткен. Ауа арқылы жұқпайды, бірақ жалған ақпаратпен санаңызды улайды. Иә, қазір әсіресе уатсап арқылы небір фейк жаңалықтар өріп жүр. Бірі вирустан иттің еті, өзгесі құйрықтың майы көмектеседі дейді. Жалған ақпараттың көптігі сонша, халық тіпті ненің дұрыс, ненің бұрыс …

Подробнее...

Өкпені КТ-ға түсіре беру зиян!

Елімізде коронавирусты анықтайтын тест таусылған соң, жұрт жаппай компьютерлік томография мен рентген аппараттарын жағалап кетті. Артық ультросәулені денеге өткізу арқылы өкпенің зақымданғанын көрсететін құрылғылардың қызметі қазір шарықтап тұр. Елордада ең арзаны 20 мыңнан басталады. Бірақ, пульмонолог мамандар өкпені қайта қайта аппараттарға түсірген зиян дейді.

Подробнее...

Үш жыл бойы не су, не газ жоқ!

Ақтөбеде жылдар бойы кезекте тұрып, әрең дегенде он сотық жеріне қол жеткізген тұрғындардың көңілдері су сепкендей басылды. Өйткені, жер телімі берілген «Думан» тұрғын үй алабы коммуникациялық желі атаулыдан жұрдай болып шыққан. Көгілдір отын былай тұрсын, халық ауыз судың өзін күн сайын қаладан тасып ішіп отыр. Мәселе қашан шешіледі?

Подробнее...

83 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

Алматыда 83 жастарғы қарт коронавирустан жазылып шықты. Қария 2 шілде күні жағдайы ауырлап жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліпті. Туыстарының айтуынша алдымен жөтел пайда болып, артынша тынысы тарылып, алқына бастаған. Дәрігерлер коронавирустан қарияның екі өкпесі бірдей қабынғанын жеткізді. Соның салдарынан өкпесіне ауа жетпей қалыпты. Қарт кісінің жағдайы өте ауыр әрі өзге созылмалы аурулары болғандықтан дәрігерлер өмірін сақтап қала аламыз ба деп қауіптенгендерін …

Подробнее...

Жаңа оқу жылының басын оқушылар қашықтықтан оқиды

Жаңа оқу жылының бірінші тоқсанын оқушылар қашықтан оқиды. Білім және ғылым министрінің айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша 3,5 млн бала үйде білім алады. Асхат Аймағамбетов бұл форматқа тыңғылықты дайындалғанын айтып отыр. Себебі, 1-2 тоқсанда мектепте өтетін оқу бағдарламалары интернет платформаларына жүктелген. Сонымен қатар, министрлік қашықтан оқыту үшін мұқтаж балаларға деп 36 мың компьютер сатып алыпты. Бұл техникалар алдағы уақытта үлестірілмек. …

Подробнее...
X