20:55 Тікелей эфир Многосерийный фильм «ЮРОЧКА»
0:30 Эфирде әрі қарай Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»

Новости

ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҚОРҚЫНЫШТЫ МЕКТЕПТЕ ОҚИДЫ

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының оқушылары үйінді астында қалуы мүмкін. Олар оқитын мектеп қирайын деп тұр. Ақбастау ауылындағы білім ордасы үш ғимараттан тұрады. Алғашқы бөлігін тұрғындар 60 жыл бұрын өздері тұрғызған.

Подробнее...

КӘСІПКЕРЛЕР ҚАРЫЗЫН ТӨЛЕМЕУ ҮШІН БЛОГЕРЛЕРДІ ЖАЛДАҒАН

Алматыда кәсіпкерлер қарызын төлемеу үшін блогерлерді жалдап, мердігер мекемеге қысым көрсеткен. Өзіне ғана емес, оның туыстарына да жала жауып, небір құйтырқылықты жасапты. Сот алдында бопсалаушыға айналған блогерлер мен екі кәсіпкер жауап беруде. Басы дауға қалған кім?

Подробнее...

АЙЫНА МИЛЛИОН ТАПҚЫҢЫЗ КЕЛСЕ…

Айына миллион тапқыңыз келе ме? Бүгінгі балалардың бәрі блогер боламын деп, әлеум желінің жетегіне еріп кеткенде, нағыз пысық жастар жұмысшы мамандықтарды таңдап жатыр. Елордалық студенттер арасында үздік ұста жарысы өтті.

Подробнее...

Тараздағы перзентханада жаңа туған сәби шетінеп кетті

Айы-күні жетіп, кесарь тілігімен босануы тиіс болған 35 жастағы келіншектің туған-туыстары бұған дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп отыр. Олардың айтуынша, жаны қиналған жанға жәрдем бермей, аккушерлер босандыру үшін 20 мың теңге сұраған көрінеді. Бірақ, жақындары бұл соманы бере алмапты. Ал қан кетіп, жансақтау бөлімінде жатқан ана әзірге нәрестесінен айырылып қалғанын білмейді. Денсаулық сақтау басқармасы осы жағдайға қатысты тексеру жұмыстары басталғанын …

Подробнее...

Ақтөбеде мұғалімдер тегін жұмыс істеп жүр

Аты ерекше дардай смарт-мектеп деп айдар таққан, мемлекеттік тапсырыспен бала оқытатын білім ордасы 4 айдан бері жалақы төлемеген. Кредиті, ипотекасы бар қызметкерлердің соңғы екі айдағы қарызының өзі 1,5 млрд теңгеден асып кетіпті. Ал білім басқармасындағылар жағдайды жеке мектептерді қаржыландыруға енгізілген жаңа тәртіппен байланыстырды. Бұрын қаржы республикадан бөлінсе, енді жерглікті бюджетке ауысқан.

Подробнее...

Жөтелге қарсы шәрбаттан балалар қырылып қалды

Қайғылы оқиға млрд халқы бар Үндістанда болды. Соңғы деректер бойынша 24 бала көз жұмыпты. Қазір, елдің фармацевт мамандары шәрбатты жабылып зерттеп, дәріхана сөрелерінен улы препараттарды алдырып жатыр. Жаһандағы осы және өзге де ақпарат келесі топтамада толығырақ!

Подробнее...

Әр 10 минут сайын бір әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болады

БҰҰ есебіне сәйкес, 2024 жылы әлемде 83 мың әйел мен қыз бала әдейі өлтірілген. Мұндай фактілердің санын азайту үшін жылда әлемде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы өтеді. Бұған Қазақстан да атсалысып жүр. Науқан кезінде жәбір көрген жандарға тығырықтан шығу жолдары айтылады.

Подробнее...

46 АДАМ ӨРТЕНІП КЕТКЕН

Жылыту маусымындағы оқиғалар әзірге ешкімді жылытпай тұр. 2 айдың өзінде еліміз бойынша 200-ден астам үй өртенген. Тілсіз жаудан 46 адам келмеске кетіпті. Оның 11-і бала. Жаға ұстатарлық статистиканы құтқарушылар жариялады. Ал, халық түсіндіру шараларын тіпті тыңдағысы да келмейді екен. Мамандардың жұмысына кедергі келтіріп, есіктерін ашпай, қоқан-лоқы көрсететін жандар да жетерлік көрінеді.

Подробнее...

ЖОҒАРҒЫ СОТТАН ЖӘРДЕМ КҮТЕДІ

Әлдебіреулердің арбауына түскен көпбалалы отбасы далада қалды. Тірнектеп жиған 15 миллион теңгесін санап беріп, келісімшартқа отырып онысын тағы видеоға да түсірген. Енді не үй жоқ, не ақша жоқ. Жүрек жұтқандар оны да пысқырмай отыр. Өйткені, Шымкенттік азамат алдағандардың құзырлы органмен ым-жымы бір дейді. Себебі, мың жерден дәлел болса да, шешімді солардың еншісіне қалдырған.

Подробнее...

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕСИЕ БЕРЕДІ

Бұдан былай елге кередит беру-бермеуді де жасанды интеллект шешеді. Екінші деңгейлі банктер несие алатын азаматтарды ақылды алгоритм арқылы іріктемекші. Мемлекет басшысы өз жолдауында Қазақстанды алдағы үш жылда цифрлы мемлекетке айналдыру қажет деген еді. Бұл тапсырма аясында елімізде жаңа технологияларды енгізу басталып кетті. Бірақ, нейрожүйенің қателеспесіне кім кепіл? Компьютер жаңылысса жауапкершілікті кімге жүктейміз?

Подробнее...
X