Балалар жақсы көретін «Маша мен аю» мультфильміндегі жедел жәрдем көлігі естеріңізде ме? Қазақстанның көшелерінен қызметте жүрген сондай ескі УАЗикті көріп, күліп едік қой. Әлеуметтік желіге «қырдағы қасқырлардан тартып алыпты» деп тозығы жетіп шіри бастаған жедел жәрдем көлігінің суретін жүктеді ғой. Олардікі қайта Қызылорда облысымен салыстырғанда жақсы екен. Шиелі ауданында шұғыл бригада шақыртуларға велосипедпен баруға мәжбүр. Тартоғай ауылының ақ халаттылары нағыз …
Подробнее...Новости
Қабір саны көбейді
«Қазақ елі жердің астына үдере көшіп жатқан сияқты». Әлеуметтік желіде осындай атаумен жарияланған зираттың видеосы қараша халықты бір шошытты. Шошымай қайтеміз? Қаз-қатар жаңа қазылған көрлерді көргенде. Жан-жақта жаңадан қазылған төмпешіктер толып барады. Коронавирустың өзі кетсе де, кейін көзі боп қалып қалады. Рас, қаралы хабар естіп, жақынын жерлеп жатқандардың саны көбейді ғой. Қабір қазушылардың қызметі де, құны да артып кетті осы …
Подробнее...42 500 үшінші рет беріледі
Үшінші мәрте берілетін 42 500 теңгені кімдердің алатыны белгілі болды. Президент пәрменінен соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақының ендігі жырын былайша түсіндірді. Алдыңғы екі айда 42500 алғандарға төлем автоматты түрде аударылмайды. Осы жолы да шынайы мұқтаж тұрғындар өздері өтініш беруі тиіс. Және олар бырыңғай жиындық төлемді қайтадан жасамайды. Оған қоса, карантинның ұзартылуына байланысты өзге де әлеуметтік көмектер қайта …
Подробнее...Былыққа толы «СҚ-Фармация»
Қалың бұқараның қарғысына ұшыраған «СҚ-Фармация». Қоймаға дәріні тығып, елге уақытылы таратпаған да «СҚ-Фармация». Дәрі-дәрмекке жауапты бірыңғай дистрибьютордың соңына жемқорлыққа қарсы қызмет түсті. Ай соңына дейін олардың қандай да бір экономикалық қылмысқа қатысы бары анықталады. Кезінде Елбасының өзі фармация саласын мафия басқарады деп шүйліккен еді. Енді міне, Тоқаев та ерекше тоқталды. Бәлкім, коронавирус келіп қыспаққа алмағанда, қарапайым парацетамол бар саланың артын …
Подробнее...Есеп бергенде бар дәрі іс жүзінде неге жоқ?
Бізде дәрі де, бәрі де жетеді. Үкіметтегілер осылай деп сендіреді. Шетелден гуманитарлық көмек келіп жатыр, тұрғындардың өздері де импорттап алып жатыр. Қап-қаппен. Бірақ шынында сөз бен іс сәйкес келе ме? Қағаз жүзінде қатырып қойған мәселелер енді жүзеге қашан асады? Қазір вокзалға барсаңыз да, әуежайға кірсеңіз де, Қазпоштаны көрсеңіз де, бір көрініс. Құшағы дәріге толған қараша. Бірі салып жатыр, бірі күтіп …
Подробнее...Қызыл ұнтақ сепкен ұшақтар
Ішкі істер министрлігі ауаға «қызыл түсті ұнтақ» сеуіп жүрген ұшақтарға қатысты түсініктеме берді. Әлеуметтік желілілерде тараған ақпаратта бұл таспаның Қазақстанда түсірілгені, ал самолеттен вирустық және биохимиялық оқ-дәрі шашылып жатқаны айтылған еді. Осыдан кейін министрлік бейнежазбаның толық нұсқасын тексеріп, оқиғаның АҚШ-та болғанын анықтаған. Сөйтсе әуе лайнері өртті сөндіруге жұмылдырылыпты. Ал, видео «Goal Aircraft» әуе компаниясының Facebook-тегі аккаунтынан көшіріліп алынынған. Айта кетерлігі, …
Подробнее...Депутат: науқастарға спорт кешенінен гөрі жатақхана, қонақүйлер жайлы
https://youtu.be/ZStupKQ3Ty0 Алматыдағы «Халық арена» спорт кешені науқастарды қабылдауды бастады. Алайда бұл мұз айдыны болғандықтан, жуынатын орындар мен әжетханалар науқастарға қолайсыздық тудыратынын белгілі. Ал парламент депутаты Ирина Смирнова спорт кешенінен гөрі жатақхана, қонақүйлер мен жекеменшік клиникаларды жұмылдырған әлдеқайда тиімді болар еді дейді.
Подробнее...Халықты індеттен құтқарам деп ажал құшқан дәрігерлер
Елімізде індетті ауыздықтаймыз деп жүріп, 3385 ақ халатты ауырып қалған. Оның ішінде «COVID-19-ды» жұқтырғандарының саны — 706. Оған қоса, пандемия басталғалы 28 дәрігер бақилық болыпты. Марқұмдардың түгелге жуығы өзгені ажалдан арашалаймын деп жүріп, өздері дертке шалдыққан.
Подробнее...Коронавирусты жеңгендер неден зардап шегуде?
Жұқпалы дертті жеңгендеріне жарты жылға жуықтаған науқастар вирустың зардабын әлі күнге дейін тартып келеді. Дем алуы қиындап, ұйқысы бұзылып, бойынан әлсіздік белгілері байқалады екен. Әлемде мұндай жайттар күннен-күнге көбейіп жатыр. Ал пандемия тарағалы бақандай 6 ай өтсе де, вирустың нақты неден шыққаны әлі де басы ашық сұрақ күйінде қалып отыр. Салдарынан вирусқа қарсы вакцинаны шығару процессі де созылып кетті.
Подробнее...Халық тиын-тебенін қосып, тыныс алу аппараттарын алдыруда
Қазақстанға жақын арада үш мың жасанды тыныс алу аппараты жеткізілуі тиіс. Қиын-қыстау заманда мұншалық жомарттыққа үкіметтегілер емес, қарапайым отандастарымыз барып отыр. Індеттен дем ала алмай жатқандарға медициналық құрылғы алуға соңғы тиын-теңгесін жер-жерден әркім қолдан келгенінше бөліп жатыр екен. Араларында кішкентай болса да, жүрегі кең балақайлар да бар.
Подробнее...






