10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Қарағандыда дауыл салдарынан 19 жастағы қыз суға кетті

Қарағандыдағы дауыл тұрғындардың құтын қашырды. Суқоймасына демалуға барған 19 жастағы қыз алапат жел тұрғанда, суға кетіп қайтыс болды. Жел екпінінің қатты болғандығы сондай, елдімекенде жарық сөніп, ондаған ғимараттың шатырын жұлып кетті. Ағаштар құлап, мүлкі бүлінгендер дауылды ескертудің болмағанын айтып шағымданып, шығынын кімнен өтерлерін білмей дал. Төтенше жағдайлар қызметі бұған не дейді? Жауапты мекемелер дауылға дайын болмағаны ма?

Подробнее...

Пандемия кезінде көз жұмған танымал тұлғалар

Пандемия басталғалы бері қауіпті кесел ешкімді аяп жатқан жоқ. Жас пен кәріге қарамай, өмірлерін қиюда. Марқұм болған жандардың арасында дәрігерлер, композиторлар, әртістер, мемлекет қайраткерлері, актерлар бар. Олардың бірі коронавирустан көз жұмса, өзгесі пневмониядан қайтыс болды. Күн құрғатпай, еліміздің әр аймағынан бір суыт хабар келіп жатыр. Бүгінге дейін 70-ке жуық танымал тұлғалар келмеске кетті. Елі үшін өлшеусіз үлес қосқандар жайлы келесі …

Подробнее...

Талдықорғанда қабір қазушылар тапшы

Талдықорғанда қабір қазушылар тапшы болып тұр. Тіпті, жерлеу қызметінің өкілдері көр дайындап үлгермей жатқандарын айтады. Сондықтан, кейбіреулері түнделетіп те жұмыс істеуде. Өйткені, айналдырған екі аптаның ішінде қаладағы қос зиратқа 120-дан аса адам жерленген екен.

Подробнее...

Коронавирус елімізде қалай тарап кетті?

Коронавирус елімізге төрт ай бұрын келген еді. Содан бері бірде баяу, бірде жылдам тарап, елді әурелеп келеді. Жұмысы тоқтаған кәсіпкерлер ашулы. Ең ауыры, жақынынан айырылған азаматтар қайғыдан қан жұтуда. Қаралы хабардан көз ашпай келеміз. Бұл жағдайға қалай жеттік?

Подробнее...

Алматылық әйел ХҚКО-да босанып қалды

Алматылық келіншек Жетісу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында босанып қалды. Ол тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге тұрмақшы болыпты. Алайда, талон алып, кезекке тұрғанда, 10 минуттан соң толғағы басталған.

Подробнее...

«Бақытты отбасы» бізді бақытты етпеді!

«Бақытты отбасы» бізді бақытқа келтпеді! Ақтөбеде мемлекеттік бағларламамен салынған үйден баспана алған тұрғындар осылай деп шырылдап жүр. Өйткені, бір жыл бұрын ғана пайдалануға берілген үйдің сапасы сын көтермейді екен. Кірпіштері сөгіліп, есік-терезесі қирап, кәріз құбыры қайта-қайта істен шығып, есті шығарды дейді жұрт. Олқылықты кім түзейді: үйді қабылдап алған әкімдік пе, әлде құрылысқа жауапты компания ма?

Подробнее...

Жүкті әйел: ПТР тест тапсыру үшін таңғы бестен бері кезекте тұрмын

ПТР тесті болмаса, жүкті әйелді перзентхана да қабылдамайды. Айы-күні жетіп, толғағы қысып тұрған талай әйелді кері қайтарып жібергенін көрдік. Көрсеттік те. Ал егер, мысалға қатты қиналып, баланың басы шығып бара жатса, амал жоқ босандырып алады. Бірақ, жаңа туған сәбиіңізді көрмейсіз. Тесттің нәтижесі дайын болғанша жолатпайды. Ал оның нәтижесі кешігіп жатыр. Салдарынан қаншама әйел баласын бауырына баса алмай, құса болуда. Сөйтіп, …

Подробнее...

Қытайда қауіпті вирустың жаңа түрі шықты

Коронавирустың орнына қауіпті басқа індет келді. Аспан асты елінде жұқпалы дерттің жаңа түрі шықты. Ғалымдардың сөзінше, небәрі бір айда белгісіз инфекцияны Қытай жұртының 5 пайызы жұқтырған. Шығыстағы көршілеріміздің халық санын ескерсек, алаңдайтындай себеп бар. Оған қоса, кәрі құрлық елдері мен АҚШ-та да «КОВИД-19» бәсеңдеп, жұқпалы вирустың жаңа түрі тарап жатқан көрінеді.

Подробнее...

Ұпай жинайсыз деді: Тоқаевқа үкіметті таратуға кеңес берген

Үкіметке екі апта уақыт берілді. Жағдайды түзеуге тырыспаса, лауазымдарынан айырылуы мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, пандемияға қарсы күресте қауқарсыз болған министрлерге сын айтты. Кейбір басшылар жұмысынан қуылды. Енді олардың арнына жаңа басшы келіп, жұмысымен танысқанша, уақыт жоғалтып алмаймыз ба?

Подробнее...

Пандемия қашан аяқталады?

Пандемияны қалай жеңеміз? Әлем ғалымдары осы сұраққа бас қатырып жатқанда, көріпкелдер де өз білгендерін айтуда. Ғалымдар түрлі сынамаларға сүйеніп, біршама уақыттан соң Covid-19 қарапайым тұмау түріндегі инфекция болып қалады десе, бақсы-балгерлер түрлі болжам жасап, вирус бірнеше жылға созылуы мүмкін дейді. Бұған еліміздегі көріпкелдер не дейді?

Подробнее...
X