Үкіметке екі апта уақыт берілді. Жағдайды түзеуге тырыспаса, лауазымдарынан айырылуы мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, пандемияға қарсы күресте қауқарсыз болған министрлерге сын айтты. Кейбір басшылар жұмысынан қуылды. Енді олардың арнына жаңа басшы келіп, жұмысымен танысқанша, уақыт жоғалтып алмаймыз ба?
Подробнее...Новости
Пандемия қашан аяқталады?
Пандемияны қалай жеңеміз? Әлем ғалымдары осы сұраққа бас қатырып жатқанда, көріпкелдер де өз білгендерін айтуда. Ғалымдар түрлі сынамаларға сүйеніп, біршама уақыттан соң Covid-19 қарапайым тұмау түріндегі инфекция болып қалады десе, бақсы-балгерлер түрлі болжам жасап, вирус бірнеше жылға созылуы мүмкін дейді. Бұған еліміздегі көріпкелдер не дейді?
Подробнее...Отандық фармкомпания өндіріс көлемін ұлғайтты
Шымкентте орналасқан еліміздегі ең ірі фармацевтикалық компания өндіріс көлемін ұлғайтып жатыр. Тек былтырдың өзінде мұнда антибиотиктер өндірісі 15 пайызға артып, 72 млн-нан астам қорап дәрі-дәрмектер шығарылған. Дайын өнімді Қазақстан аумағынан тыс Ресей, Моңғолия және Қырғызстанға экспорттауда. Ал, әлемді жайлаған пандемияға байланысты зауыт жұмысшылары үш ауысымға көшті. Қазір мұнда мамандар тоқтаусыз еңбек етіп жатыр.
Подробнее...Перзентхана тестсіз қабылдамай, далада босанып қалды
Перзетханаға екі рет барғанда қабылдамай қойған алматылық жүкті келіншек ақыры далада босанып қалған. Енді Марина Пушко өзін сабылтып қойған дәрігерлерді жауапқа тартуды көздейді.
Подробнее...Экс-әкімге алданғандар баспаналы болды
Шымкенттің экс-әкімінен алданған тұрғындар баспаналы болды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 10 жыл бойы қаржы құйып, аяқ астынан пәтерден айырылып қалғандар ақыры армандарына жетті.
Подробнее...3 жасар баланы өгей әкесі аяусыз ұрған
Алматыда 3 жасар баланы өгей әкесі аяусыз соққыға жыққан. «Бүлдіршін қазір №1 ауруханада жатыр. Екі қабырғасы сынған», деген хабарлама әлеуметтік желіде пайда болды. Автордың айтуынша, ұлының суреттерін анасы туған әкесіне жіберген екен. Бұны көрген азамат полицияға шағымдану қажеттігін айтқан кезде, келіншек баласымен бірге қашып кеткен. Полиция қызметкерлері ана мен баланы тауып, анықтады. Бірақ та нәзік жан сөйлесуге құлықсыз болды. Қазір …
Подробнее...Шетелден тегін келген дәрі-дәрмек сатылып жатқаны рас па?
«Шетелден тегін келген дәрі-дәрмек сатылып жатыр». «Коронавируспен күресте көмек болсын деп өзгелер жіберген гуманитарлық жәрдемді өзіміздікілер талан-таражға түсірген»! Отандық фармацевтердің басына дәл осындай қара бұлт үйірілді. Белсенді блогерлер парақшаларында Катардан келген қап-қап керек-жарақтың түн ішінде дәріханаларға тығып тасылғанын жарыса жазып жатыр. АҚШ-та 40 мың теңге болатын Тамифлю қалай ғана бізде 9 мыңға тұр? Тегін келгендіктен емес пе? Әйтпесе, қымбат алып, …
Подробнее...Бір жылдан бері жалақыларын алмаған
Елордада қонақ үй ғимаратын салған жұмысшылар бір жылдан бері еңбекақыларын даулап жүр. Мердігер болып тартылған украиналық компания нысанды қысқа мерзімде аяқтап, құрылысшыларға ақшасын түрлі сылтаумен төлемей келеді. Келісілген қаражаттың тек жартысын берген олар, қалған бөлігі кепілдік мерзім өткен соң үлестіріледі деп уәде еткен. Қарыз сомасы 20 млн теңгеге жуық.
Подробнее...Жерлеу агенттіктері бағаны шарықтатып жіберді
Коронавирустан көз жұмған адамның өзі табыс көзіне айналды. Бұл жерде жеке агенттіктер мен мәйітхана санитарлары арасында ауызжаластық бар. Тілшілеріміз жүргізген кішігірім зерттеу барысында түйген ой осы. Жерлеу қызметін көрсететін агенттіктер бағаны шарықтатып жіберген. Қымбат қызметтің өзі сапалы көрсетілмейді.
Подробнее...Тұрғындар: жарық жиі сөніп қалады
Ең болмаса жарығымыз сөнбесін! Электр қуатынан әбден тарыққан Алматы облысының тұрғындары біздің арнадан араша сұрады. Айсұлу шағын ауданында жарық жиі сөніп қалатынын айтады. Ал мардымсыз қуат көзінің әр киловаты үшін 29 теңгеден төлетеді екен.
Подробнее...






