Вирустың белгілері жоқ немесе инфекция жеңіл формада өтіп жатқан науқастарға дәрілермен емделуге болмайды. Бас қаладағы орталық аурухананың дәрігерлері солай дейді. Вирусқа қарсы препараттарды дене қызуы көтеріліп, өздерін әлсіз сезінгендерге ғана қабылдауға рұқсат екен. Оның өзінде, әуелі міндетті түрде барып қаралу керек. Өйткені антибиотиктер бәріне бірдей жаға бермейді. Ал симптомсыз түрде ауырып жатқандарға мамандар мынадай кеңес берді.
Подробнее...Новости
Сәбиін қоқысқа тастаған әйелге сот үкім шығарды
Қостанайда қоқыс жәшігіне жаңа туған сәбиін тастап кеткен келіншекке қатысты сот үкімі шықты. Жантүршігерлік оқиға қаладағы шағын ауданның бірінде өткен күзде тіркелген. Қоқыста жатқан шақалақты кездейсоқ әйел байқап қалып, артынша көмек шақыртқан.
Подробнее...Жігіттердің көмегі қажет
Қайратты жігіттер, қайдасыңдар? Ақтөбеде тынысы тарылған науқастарға дер кезінде оттегі баллондарын тасып, қолқабыс жасайтын адам жетіспей жатыр. Еріктілер ұйымының мүшелері мен дәрігері осылай деп дабыл қағуда. Жағдай неге ушықты? Қысылтаяң шақта көмек қолын созуға ұмтылғандар бар ма?
Подробнее...Шенеунікке сенсең, ПТР тест тапсыру оп-оңай
Коронавирусқа күдігіңіз болса, аурумен байланыста болсаңыз немесе жөтел я пневмония маза бермесе, жергілікті емханаға барыңыз. Терапевт дәрігерге айтыңыз, дертіңізге дауа тауып қайтыңыз. Ол өкпеңізді тыңдап, тест тапсыру керек пе керек емес пе соны айтады. Ал жүкті әйелдер астанадағы 6-шы және 9-шы емханада тексеріле алады. Ал егер ақылы түрде COVID-қа ПТР сынама тапсырғыңыз келсе, 8 зертхана Сізді қабылдауға дайын тұр. Қысқасы, …
Подробнее...Елордалық саудагерлер бас көтерді
Алалауды қойыңдар! Елорда саудагерлері бас көтеріп, шу шығарды. Төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп, карантин тұсында жабылуға мәжбүр болған кәсіпкерлер әкімдікке келесідей талап қойды. Егер бірі жабылса, бәрі жабылсын дейді. Кездесуге келген шенеунік тәртіпке бағынбайтындарды тезге салуға үлгермей жатқанын мойындады. Жұртқа жалбарына сөйлей кетті.
Подробнее...Елордадағы жолбарыстар тағдыры
«Тар жерде аш жатыр!». Елорда тұрғындары жеке тұрақтардың бірінде қос жолбарыстың қамауда жатқанын айтып дабыл қағуда. Осы ақпаратты анықтау үшін біздің арна тілшілері жыртқыштар тұрған жерге барып қайтты.
Подробнее...Карантинде ашылған кәсіп
Карантинде ашылған кәсіп. Елордада іскер азаматтар осынау қиын-қыстау кезеңде тұрмыстық қалдықтарды өңдеуден өткізіп, бұйымдар шығаратын шағын цехтың жұмысын бастаған. Кәсіпкерлер кәдімгі полиэтилен пакеттер мен пластикалық бөтелкелерден орындықтар мен қоқыс тастайтын жәшік дайындайды екен. Бірақ, әзірге олардың тауарларына сұраныс аз. Оның үстіне, шикізат көзін де тасымалдау қиындап бара жатқан көрінеді.
Подробнее...Басында вирус бар деп ескермедім…
«Басында вирус бар деп ескермедім, зиянын естісем де тексермедім». Оқырмандарына ойын Абайша жеткізген ақын Балғынбек Имашевтың өлеңінен келтірілген үзінді. Әу-баста жұқпалы дертті саясат деп, оның барына сенбеген айтыскер қазір сөзін кері алып, аудиториясынан кешірім сұрап жатыр. Ештен кеш жақсы ғой. Өкініштісі, өнер жолында жүрген кей әріптестері кеселге әлі де күле қарайды. Тіпті миллиондаған оқырмандарын дегеніне көндіріп жүргендері де бар.
Подробнее...7 бала суға батып кетті
Тек өткен демалыстың өзінде еліміздің әр аумағында 7 бала суға кетіп, қыршыннан қиылды. Сұмдық статистиканы алға тартқан құтқарушылар шіліңгір ыстықта ойын баласын үйде қамап ұстап отыру қиын болса да , ең болмаса есік алдына ойнауға шыққан баланы бақылаңдар деп отыр. Тақырыпты Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырады.
Подробнее...Шағын бизнес өкілдері: шығынға шаш етектен баттық
Жетімнің күйін кешіп жүрміз. Елордадағы шағын бизнес өкілдері өздерінің жұмысын шектеген санитарларға өкпелі. Қойылған талаптың бәрін сақтауға дайынбыз дейді. Бізден де қауіпті ошақ болатын нысандар жұмыс істеп тұрғанда, неге рұқсат бермейді деп налиды. Қалыптасқан жағдайға қатысты әкім пікір білдірді.
Подробнее...






