10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Қала күніне арналған отшашу

От болып ұшқан парацетамолдар-ай. Кеше бас қалада атылған салютке желідегі жұрт осылай баға берді. Елорда күніне орайластырылған мерекелік от шашу шарасы шыны керек көптің наразылығын туғызды. Күн бұрын қала билігі от шашу онлайн болады, мемлекеттік телеарналардан көруге болады деп аңдатпа бергенімен, алаң көңілдің орныққаны көрінбейді.7

Подробнее...

Дәріні бірнеше есе қымбатқа сатқандар жаппай ұсталуда

«Жау жағадан алғанда, бөрі етекке жармасады» деуші ме еді? Коронавирус кәріні де, жасты да жығып жатқанда, дәріні қаптап алып, қымбатқа сатушылар көбейіп кетті. Елдің жартысы пневмониядан дауа таппай, дәріханалардың алдында қонып жатса, ардан безген алып-сатарлар ақшаны шытырлатып санап жатыр. Көлігінің жүксалғышымен құны миллионнан асып жығылатын антибиотиктерді алып жүрген де, үйінен жасырын аптека ашып алған да өзіңнің қазағың. Кемедегінің жаны бір …

Подробнее...

COVID-19 бойынша жедел жәрдем консультация береді

Енді жедел жәрдемге коронавирусқа қатысты өзіңізді толғандырған кез-келген сұрақ бойынша хабарласа аласыз. Сол үшін диспетчерлік бекеттерде қосымша кеңес беретін желі ашылды. Қаладағы бірнеше емханалардан жиналған мамандар тәулік бойы «Covid» инфекциясы бойынша кеңес бере алады. Ал, жедел жәрдем көлігін де бұрынғыдай сағаттап күтпейсіз шұғыл көмек керек болғанда оларда келуге дайын. Сондай-ақ, күні кеше Ресейден бір топ білікті мамандар келіп, Отандық медицинаның …

Подробнее...

Мектептердің қабырғалары жарылып, едендері шіріп жатыр

Алматы облысында апатты мектептер мәселесі әлі де өзекті. Мәселен, бір ғана Панфилов ауданының өзінде 3 білім ордасы құлайын деп тұр. Атап айтқанда Шежін, Басқұншы және Аққұдық ауылдарындағы оқу ғимараттары әбден ескіріп, тозығы жеткен. Қабырғалары жарылып, еден ағаштары шіріп кеткен. Бір жаны қисайып тұрғандықтан, қарсы бетіне тіреу қойып, уақытша ұстата салыпты. Ол жерде оқымақ түгілі ішіне кірудің өзі қорқынышты.

Подробнее...

Шымкент: 4 мыңның дәрісін 17 мыңнан сатуда

Шымкентте дәрі-дәрмек тапшылығы мен оның негізсіз қымбаттауын анықтайтын жұмыс тобы құрылып, бүгін дәріханаларды тексерді. Рейдте кейбір препараттардың расында тапшы екені анықталды. Тіпті, халық сұранысына аса қажет деген таблеткалар жоқтың қасы. Дәріхана сатушылары шын мәнінде дәрілердің жетпей жатқанын және бағасының қымбат екенін жасырмады.

Подробнее...

Жалған ақпараттар көбейіп кетті

«Түнгі 11-ден таңғы 5-ке дейін спутниктен дене қызуы өлшенеді». «Түнде тікұшақпен коронавирустың уы себіледі». Дәл осы тектес ақпараттар бүгінде әлеуметтік желіде қаптап кетті. Енді, бірі интернет беттеріндегі алып-қашпа сөздерге құдайдай сенсе, біреуі ауырғанын содан көріп жүр. Дүрлігуге негіз бар ма? Арандатушылар кімдер?

Подробнее...

Елорда күні қалай өтуде?

Бүгін республика бойынша тұңғыш президенттің туған күнімен тұспа-тұс келетін «астана» күні де тойланып жатыр. Бас қаланың әкімдігі елорданың 22 жылдығына жалпы жиыны 19 шара жоспарлап еді. Алайда енгізілген локдаунға байланысты мерекелік концерттердің барлығы онлайн форматқа ауысты. Десе де бұл мейрамды өздігінен атап өтуге болмайды деген сөз емес. Биыл қала күнінің қалай өтіп жатқанын білмекке әріптесім астананың көрікті жерлерін аралап, қала …

Подробнее...

Нұрсұлтан Назарбаев 80 жаста

Нұрсұлтан Назарбаев 80-ге келді. Жер-жаһаннан құттықтаулар жауып, ел ішінде түрлі шаралар өтуде. Көбіне онлайн форматта. Биліктегілер көк жейде кие құттықтаса, өзге мемлекет басшылары жеделхат жолдап жатыр. Жақында ғана коронавирустан айыққан Тұңғыш Президентке қандай кәде тартылуда?

Подробнее...

Дәрігер: Коронавирустан дұрыс емдеп жатқан жоқ!

https://youtu.be/RpUB5j-n2VQ «Дәрігерлер коронавирус жұқтырғандарды дұрыс емдемейді! Ауырғандар пневмониядан емес, өкпенің ісінуінен көз жұмып жатыр!». Шымкенттік Айна Бакеева есімді терапевт-реабилитолог дәл осындай жанайқайын Президент пен Денсаулық сақтау министріне жеткізгісі келген. Жылап тұрып жазған видеода дәрігер биліктегілерден клиникалық емдеу протоколын өзгертіп, адам өлімін азайтуды сұрап еді. Бұған профилдік ведомство басшысы жауап берді. Цой мырза не деді?

Подробнее...

Сұмдық! 2 мыңның дәрісін 45 мыңға сатып жатыр!

Қазір қайда бармаңыз, кімнен сұрамаңыз айтылатын әңгіме дәрі-дәрмектің төңірегінде! Бірі таба алмай жүр, басқасы таба алса да ала алмай жүр. Салдарынан онсыз да ауруханаға барсаң, коронавирус деп жатқызып тастайды деп қорқатын көпшілік, енді қорықса да орын жоқ. Сөйтіп жаппай үйде емделіп жатыр. Енді Президенттің пәрменімен бағаны негізсіз өсіргендер, заңсыз сатқандар жазаланады!

Подробнее...
X