Жамбыл облысында екі әйелді асқан айуандықпен өлтіріп, қашып кеткен күдіктінің денесі асылып тұрған күйінде табылды. Жеке заттарын тексерген тәртіп сақшылары марқұмның қожалықтағы қылмысты жасаған 54 жастағы күдікті екенін анықтаған. Сұмдық оқиға мамыр айында Тұрар Рысқұлов ауданының Мамай ауылында болған еді. Таудағы қожалықта бірнеше ай малшы болған ер адам екі әйелді бауыздап өлтіріп, мәйіттерін тапшанның астына жасырған. Марқұмдардың бірі 50, екіншісі …
Подробнее...Новости
Дәрі еккеннен кейін көз жұмған
Алматыдағы ардагерлерге арналған аурухағана өз аяғымен барған зейнеттегі полковник екпе салдырғаннан кейін көз жұмды. Орын жоқ деп ғимарат есігінен кіргізбеген дәрігерлердің қабылдауында болу үшін ол екі сағаттан астам сыртта күткен екен. Ақ халаттылар қарт кісіге қандай екпе салған? Марқұмның туыстары не айтты?
Подробнее...Қызылорда облысында базар өртеніп, 150-ден астам кәсіпкер жұмыссыз қалды
Көмекке зәруміз! Қызылорда облысында бір мезетте 150-ден астам кәсіпкер жұмыссыз қалды. Бір апта бұрын Қазалы ауданында ірі сауда орталығы өртенген болатын. Кәсіпкерлер осы уақыт аралығында жергілікті билік тарапынан еш көмек болмады дегенді айтып отыр. Несиелерін қалай төлерін білмей дал болған қазалылықтар мәселеге Президент араласып, өтемақы төленсе екен дейді!
Подробнее...«Қауырт Желі» іске қосылды
Науқастарға қанша төлейсіздер, мен де ауырайын? Ақтөбеде COVID-19 қауырт желісіне осылай деп хабарласатындар бар екен. Енді ғана іске қосылған орталыққа тәулік бойы түрлі сауалдар түседі. Телефон тұтқасында отырған операторларға тіпті пандемияға қатысы жоқ сұрақтарға да жауап беруге тура келеді. Колл-центрдегілерді тығырыққа тіреген қандай сауалдар?
Подробнее...Келген өрт сөндіру көлігінің суы таусылып, үй жанып кетті
Елорда іргесіндегі 85 мыңға жуық тұрғыны бар елді мекендерге небәрі 3 өрт сөндіру көлігі қызмет көрсетеді. Тілсіз жаумен күресушілердің жетпеуінен жұрт зардап шегуде. Мәселен, Тайтөбе ауылындағы әйел адамның жалғыз баспанасы отқа оранып, үш баласымен далада қалды. Барлық құжаттары жанып кеткен. Ең жақын 30 шақырым жердегі Қабанбай батыр ауылынан келген, техникада су жеткілікті болмапты. Аймақ басшылығы осы мәселені шешсе дейді ашынған …
Подробнее...Елордада ашық аспан астында кинотеатр ұйымдастырылды
Аты жаман вируспен ауырғандар саны артса да, елорданың туған күні аталып өтіледі». Қала әкімдігінің күні кеше жасаған осы бір мәлімдемесі ел-жұрттың екіұдай ойға ұалдырды. Қалалар карантинге жабылғанда, бұлары несі деп наразылық білдіргендер де болды. Алайда алғашқы мерекелік шаралар басталып та кетті. Мәселен, кеше ашық аспан астындағы кинотеатрдың шымылдығы түрілді. Ал бүгін қалалар бесінен бастап карантинге жабылады деген ақпарат шықты. Енді …
Подробнее...Соңғы тәулікте коронавирустан 10 адам, пневмониядан 20 адам көз жұмды
Елімізде соңғы тәулікте коронавирустан тағы 10 адам көз жұмды. Ал пневмониядан қайтыс болғандар одан да көп. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Науқастар саны соңғы күндері тым көбейіп кеткендіктен, қонақүйлер мен спорт кешендеріне төсектер қойылып, пациенттер сонда жатқызылуда. Ал осынау қысылтаяң шақта құдалық өткізіп, той тойлап жүрген кімдер?
Подробнее...2 апталық карантин: қандай шектеулер қойылады?
Осы жексенбіден бастап елімізде карантин талаптары күшейтілетін болды. Әзірге мерзімі 2 аптаға белгіленген. Бірақ нәтиже болмаса ұзартылуы, тіпті одан әрі күшейтілуі мүмкін екен. Біраз нысан жұмысын қайта тоқтатады, жұмыс істейтіндері санитарлық талаптарды сақтауы тиіс. Өйтпеген жағдайда жаза қатаң болады екен. Шектеу мәжбүрлі болғанымен экономикалық салдарымен күрес бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін мамандар болжауда.
Подробнее...Жаңа «Жас Отбасы» бағдарламасы іске қосылды
Бүгіннен бастап елімізде «Жас отбасы» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл жоба бойынша несие стаскасы 6 процент. Екі жылдан кейін 5 пайызға төмендетіледі. Қарыз 6-дан 9 жылға дейін беріледі. Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың бірі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен «Жас отбасы» деген депозит ашуы керек. Сөйтіп, бір жылдың ішінде баспананың жалпы құнының 50 пайызын жинап, «5» деген бағалау …
Подробнее...Алматыда коронавируспен күресетін дәрігерлер жетіспейді
Алматыда коронавируспен күресуге дәрігерлер жетіспей жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді. Ол өзінің Facebook парақшасына ақ халаты абзал жандарға үндеу тастады. Індетпен күресу үшін дәрігерлер мен еріктілерді ауруханалар мен call-орталықтарда жұмыс істеуге шақырды. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері тұратын жер мен тегін тамақпен, жұмыс орны мен тұрғылықты жеріне тасымалдау, айлығы уақтылы төленіп, үстемеақы қарастырылғанын жеткізді.
Подробнее...






