0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Тараз тұрғыны: реанимациядан күніне он өлік шығарады

Коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен тараздықтардың туыстары наразылық білдірді. Олардың айтуынша, науқастарға дұрыс қарама йжатқан көрінеді. Құр әкеліп, қамауға қолдан беріп, өлтіріп аламыз ба деп абыржулы. Расымен де дәрігерлер ағзасынан «КОВИД-19» анықталғандарды қарамай жатыр ма?

Подробнее...

Қазақстандықтар «Цифрлық Білім» алады

«Цифрлық білім». Дәл осындай атаумен елімізде жаңа жоба іске қосылмақ. Мақсаты қарапайым қазақстандықтарды электрондық қызмет алуға баулу, ІТ мамандарының білімін арттыру. Үкімет басшысы Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге тез арада аталмыш жобаға кірісуге тапсырма берді. Карантин кезінде онлайн сабақ пен әлеуметтік төлемақыны жөндеп тарата алмаған ел шенеуніктері бұл бастамаға дайын ба?

Подробнее...

COVID-19-ды анықтайтын тест жедел жәрдем көліктерінде жасалады

Осы қиын-қыстау кезеңде тағайындалған су жаңа Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін алғаш брифинг өткізді. Жиында еліміздің бас дәрігері, коронавируспен алдағы уақытта қалай күресетінін мәлімдеді. Енді, бұдан былай науқасқа COVID-19 инфекциясын анықтайтын тест жедел жәрдем көлігінде жасалатын болады. Ол үшін, жедел жәрдем бригадасына қажетті материалдар беріледі. Айта кету керек, алдағы уақытта 1,2 млн тест сатып алу жоспарланып отыр. Сол мақсатта …

Подробнее...

Өз бетіңмен емделу қауіпті!

Елде вирус жұқтырғандар саны күн сайын көбейіп барады. Ауруханада орын жоқ, пациенттерді емдейтін дәрігерлер жетіспей жатыр. Бірақ, жұрт індеттің барына әлі де сенбейді. Тіпті халықаралық зерттеуге сәйкес, әлем бойынша халқы вирусқа сенбейтін елдердің тізімінде көш бастап тұр екенбіз. Есесіне, желіде екінің бірі вирусолог болып кеткен. Аты жаман аурудан емделудің түрлі жолдарын ұсынып әлек. Халықтың дені де ақыл айтқыштардың сөзіне еріп, …

Подробнее...

Депутаттар демалысқа кетті

Депутаттар демалысқа кетті. Бүгін кезекті сессия қорытындыланып, Парламент күзге дейін заң қабылдау процессін тоқтатат тұрмақ. Бірлескен отырыс барысында тоғыз айда тындырылған шаруа сөз болып, сесиия ресми түрде жабылды. Соңғы парламенттік маусым несімен есте қалғанын сараптауды жөн көрдік.

Подробнее...

Тығырықтан шығудың 3 сценарийі

Нокдаунда жатқан елге локдаун. Карантиннен көтерем боп шыққан көпшілікті жаңа төтенше жағдай құтқара ма? Су жаңа министр Президенттің алдына барып, эпидемиологиялық ахуалдың 3 түрлі сценарийін, 10 түрлі жолын ұсынды. Ендігі ұйғарым Қасым-Жомарт Тоқаевта. Көмек те кешікпейтін, індетті өршітпейтін, халық та өшікпейтін шешім шығаруы тиіс. Сонымен, қалаларға кіріп-шығу шектеліп, блокбекеттер қойыла ма? Сауда-ойын орталықтары мен базарлар жабыла ма?

Подробнее...

Бес балалы отбасының үйі өртеніп кетті

Алматы облысында ерлі-зайыптылар бес баласымен лашықта түнеп жүр. Талғар ауданының Еламан ауылында тұратын көпбалалы отбасының баспанасы ойламаған жерден отқа оранған. Далада қалған жанұяның жағдайын білуге жергілікті әкімдік өкілдері келмепті. Ал өрт шыққан күні шырт ұйқыда жатқан жандарды көршілері құтқарып қалған. Ішерге тамағы мен киерге киімін де тасып, қолұшын созып отырған да осы көршілері екен.

Подробнее...

Қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін

Елімізде Төтенше жағдайлар кезінде іске асқан қатаң карантин режимі қайтадан енгізілуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңесте екі күннің ішінде Мемлекеттік комиссияға тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды. Онда ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар қамтылуы тиіс. Бұдан бөлек, Президент әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды, арыз-шағымдарға дер кезінде жауап бермейді деп …

Подробнее...

Тоқаев төрт әкім мен вице-премьерге сөгіс жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрт әкім мен вице-премьерге сөгіс жариялады. Президент коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алған. Атап айтқанда, жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа және вице-премьер, Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжановқа сөгіс жариялады. Бұл жайлы …

Подробнее...

Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды

Елордалық ауруханада коронавирустан емделіп жатқан белгілі журналист, қоғам белсендісі Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды. Бүгін таңғы сағат 7.30-да оның ұлына дәрігерлер хабарласып, әкесінің өмірден озғанын хабарлаған. Қуандық Шамахайұлының көз жұмғанын Қалалық денсаулық cақтау басқармасы растады. Басқарма мәліметінше, ол 23 маусымда жедел жәрдем қызметі COVID-19 деген күдікпен 1-ші көпсалалы қалалық ауруханаға ауыр халде жеткізіпті. Дәрігерлер оған ауыр дәрежедегі екіжақты полисегменталды пневмония диагнозын …

Подробнее...
X