Түркістан облысында студенттер көліктерге мініп алып, тасжолда ойларына жасады. Жол ережесін өрескел бұзып, автошеру ұйымдастырған бір топ жастың видеосы әлеуметтік желілерге тарап кетті.
Подробнее...Новости
Жаппай вирус жұқтырған мұнайшылар президентке үндеу жолдады
«Отбасымыз үшін алаңдаймыз!» Вирус жұқтырған Маңғыстау кен орнының жұмысшылары Президентке үндеу жолдады. 95 мұнайшысынан инфекция табылған Солтүстік Бұзашы кен орнының мамандары «Коронавирус жұқтырғанымызға қарамастан, басшылық бізді үйге қайтуға мәжбүрлеп жатыр!» деп мұңын шақты. Өйтпесе кеніш маңында жатын орын жоқ, жатақханалар лық толы. Осында жатып ем-дом алуға еш жағдай жоқ.
Подробнее...Пандемия кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейді
Елімізде осы пандемия кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейіп кеткен. Мұндайды тоқтату үшін үйдегі есерсоқтарды ғана емес, құзырлы органдарды да жауапқа тарту мәселесі қаралуда. Қазіргі таңда Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен әлеуметтің, әсіресе әлсіз топтың мәселесіне жауаптылардың жұмысы мен міндеттерін айқындайтын жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр екен. Бұл құжат отбасындағы әлімжеттікпен күресте тікелей жауапты мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырып, жұдырық ала жүгіретіндердің жазасын қатаңдатуды көздейді. …
Подробнее...Су орнына антифриз ішкен
Судың орнына шатастырып антифриз ішіп қойған. Көкшетауда әкімшілік жазаны өтейтін мекеменің камерасында 6 бірдей адам, көліктің салқындатқыш жүйесіне құйылатын ерітіндіні қолданып, ауруханадан бір ақ шықты. 4 адам көз жұмса, екі азамат жарым жан болып қалды. Қайтыс болған марқұмдардың туыстары, полиция департаменті істі жылы жауып қоймақшы деп дабыл қақты. Оқиға болғалы бір ай уақыт өтсе де, олар құзырлы орган тарапынан ешқандай …
Подробнее...Елорда су астында қалды
Толассыз жауған жаңбырдың соңы тасқынға ұласты. Өткен сенбіде бас қаламызда нөсердің бірден айлық нормасы құйып, тұрғындарды біраз әбігерге салды. Көшедегі қоғалыс қиындап, жүздеген үйді су басты. Сонымен сәл жаңбыр жауса болды, шағын Венецияға айналатын елорданың проблемасы қашан шешіледі? Бұған қатысты әкімдіктегілер не дейді? Астанадағы апокалипсиске сіз де куә болыңыз.
Подробнее...Денсаулық сақтау министрлігі індетке дайын болмай шықты!
Індетке Денсаулық сақтау министрлігі дайын болмай шықты. Депутаттар қазақстандықтардың хал-жағдайына жауапты бола алмаған ведомстводағыларды сынады. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы шенеуніктер вирусқа қарсы күресте олқылық жіберді десе, мәжілісмен Ирина Смирнова министрліктегілерден «тегін емдеу мен қолдау жоқ» деді.
Подробнее...Шымкентте пневмония өршіді: 41 адам көз жұмды
Шымкентте де пневмония өршіп тұр. Өкпесі қабынғандар қатары осы айдың өзінде 5 есеге артып кеткен. Өкінішке қарай, 41 адам қайтыс болыпты. Жедел жәрдем қызметіне күніне 2 мыңнан астам қоңырау түсіп жатыр дейді дәрігерлер. Сондықтан, қала әкімдігі науқастарды қабылдайтын күндізгі стационарлардың санын көбейтуді қолға алған. Емхана мен ауруханалардан бөлек, медициналық орталықтар, мектеп, жатақхана, тіпті, спорттық нысандарды төсек орынмен жабдықтауға кірісті. Оларды …
Подробнее...Ақтөбеде пневмониядан 47 адам көз жұмды
Ақтөбеде өкпенің қабынуы «асқынып» тұр. Тек соңғы екі аптада 47 адам пневмониядан қайтыс болған. Жедел жәрдем көліктері тәулік сайын провизорлық орталықтарға жүздеген пациентті тасудан қолдары тимей жатыр. Ауруханаға баруға жүрексініп, үйден қатынап, амбулаториядан ем алып жүргендердің өзі 800-ден асып кеткен. Ал еріктілер болса, күйзеліске түскен пациенттерге көмектесетін психологтар іздеп әлек. Ақтөбе қашан пневмониядан «айығады»? Жағдай неге бұлай ушықты?
Подробнее...Рейтингтерге сенуге бола ма?
«Халықаралық рейтингте топ жарды». «Әлемнің үздік 200 оқу орнының қатарына еніпті». Мектептен түлеп ұшқан талапкерлерді жоғары оқу орындары тары шашқандай осындай мадақ-марапаттарымен өз қатарларына шақырып жатады. Әсілінде солай ма? Қазақстандық университеттер әлемдік білім альма-матерлерімен иық тіресе алатындай деңгейде ме? Жоқ әлде үздік білім орындарын анықтайтын компанияларды жалған статистика алып, алданып жүр ме?
Подробнее...Елордалықтар демалысты карантинде өткізеді
Елордалықтар алдағы демалыс күндерін үйде өткізетін болды. Өйткені шаһарда карантин шаралары күшейеді. Мауысымның 27-28 күндері қалада тек шағын азық-түлік дүкендері мен дәріханалар, жазғы тамақтану орындары ашық болады. Оның өзінде де бұл нысандар таңғы 10-нан кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді. Ал ірі сауда орталықтары, желілік дүкендер, жабық базарлардың есігіне құлып салынады. Сенбі-жексенбіде нұр-сұлтандықтарға тек азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға баруға рұқсат. Сондай-ақ, …
Подробнее...






