Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы бес күнінде смартфон, шпаргалка және өзге де көмекші құралдарды пайдаланғаны үшін 500-ге жуық түлек аудиториядан шығарылып, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігінен айрылды. Мұндай мәлімет Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Одан бөлек, 12 талапкердің дене қызуы көтерілген соң олар көппен бірге емтихан тапсыра алмады. Алайда бұл түлектер сынақтың соңғы күндеріне дейін тестілеуден міндетті …
Подробнее...Новости
Карантин кезінде үш ай дала көрмеген үндістандық студенттер еліне қайтты
Үш ай бойы дала көрмеген үндістандық студенттер елдеріне қайтты. Қазақстанның көктемі мен жазын жатақханада өткізген олар 82 күннен кейін ғана таза ауаға шықты. Сөйтті де, дереу телефондарын алып, солтүстіктің табиғатына тамсанып түсіре бастады. Қуаныштарында шек жоқ. Әрине, балаларды осынша күн қамақта ұстау қиын болғанымен — қажет болды дейді. Біреуі ауырып қалса, жағдайдың ушығып кететінін медицина факультетінде оқитын студенттер жақсы түсінді. …
Подробнее...Тойды ангарда жасырын жасаған
Әлеуметтік желілердің бірінде ауыл шаруашылығына арналған ангарда той жасауға дайындық сәті түсірілген видео жарияланды. Мерекелік шара Қарағанды облысы, Осакаров ауданында ұйымдастырылғаны анықталды. Осы бейнежазбаға қатысты жергілікті полицейлер тексеріс жүргізіпті. Жеке кәсіпкер той ұйымдастырғанын жоққа шығарған. Алайда тойға дайындық жүргізгілгенін жасыра алмады. Нысан иесі іссапарда болғандықтан, бұл жайттан бейхабар болыпты. Көңілді кеш ұйымдастырған жеке кәсіпкердің інісі екен. Облыстың санитарлық қызметінің мәліметінше, …
Подробнее...Эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр
Коронавирустан бір ғана елорданың өзінде өткен тәулікте 7 адам көз жұмды. Осылайша инфекция құрбандарының саны еліміз бойынша 147 адамға жетті. Covid-19 жаңа қарқынмен белең алып келеді. Вируспен ауырғандар саны 20 мыңға жетіп қалды. Одан бөлек тәж вирусының симтомсыз түрі де өршіп жатыр. Оның саны 14 мыңға жуықтапты. Ел болып індетпен күресіп жатқанда, жұрт арасында өкпенің қабыну да басылар емес. Қазір, …
Подробнее...Шетелде жұмыс жасамақшы болған студенттер төлеген ақшаларынан айрылды
Жаздың үш айында шетелде еңбек етіп, қаржы табамын деген 200-ге жуық қазақстандық студент арнамыздан көмек сұрады. Олардың айтуынша, «Work and Travel» бағдарламасы аясында АҚШ-қа жіберетін елордалық компания өз міндетін дұрыс атқармай отыр. Біріншіден, мамандар пандемия кесірінен студенттерді шекара асырмаған. Екіншіден, жұмыстарындағы олқылықтар бар болса да, компания төлеп қойған ақшалардың көп бөлігін кері қайтармапты.
Подробнее...Іле алатауы ұлттық паркі дамыған аймаққа айналады
Қысы-жазы адам үзілмейтін Іле-Алатау ұлттық паркі үш жылдан кейін эко-туризмі дамыған аймаққа айналуы әбден мүмкін. Өйткені, пайдалануға алған инвестор 12 млрд теңге қаражат салып, АҚШ елінің моделіне ұқсатып жасамақшы. Бұған дейін етегінде қоқыс жиналып, экологиясы нашарлап кетті деген мәселені де жоба иесі жаңаша шешуге кірісіпті.
Подробнее...Карантин кезінде тауарларды онлайн алдырған халық алданып қалды
Елде карантин енгізілгелі жұрт жаппай онлайн саудаға көшкені белгілі. Алайда, халық оның қызығынан гөрі, шыжығын көп көрген тәрізді. Небәрі бірнеше айда онлайн сауда арқылы тауар алған 50 мыңнан астам адам шағымын айтып, тиісті органдарға наразылығын білдірген. Сонымен үйден шықпай, телефон арқылы шопинг жасағандарға нені білу керек? Түйеге тапсырыс беріп, биеге де жете алмай қалғандар ақшасын қайтара ала ма?
Подробнее...Кімдер тегін тест тапсыра алады?
ПТР тест не үшін керек? Медициналық сақтандыру қорында қаражаты барларға сынама неге тегін емес? Осы сияқты сан сұраққа Алматыда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, қор басшысы және денсаулық сақтау министрлігі, ұлттық медициналық орталықтарының мамандары көптің көкейіндегі бірқатар сұрақтарға жауап берді. Олардың сөзінше, тегін тест тапсыруға құқылы жандар төрт топқа бөлінген. Бұл санаттағылар кім? Олар неге ақысыз …
Подробнее...Пәкістанда ұшақ апатынан 97 адам қаза тапты
Пәкістанда Airbus A320 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 97 жан қаза тапты. Тек екі адам ғана тірі қалған. Апатқа пилоттардың коронавирус туралы қызу әңгіме айтып, диспетчерлердің ескертуін елемеуі себеп болып отыр. Бұл туралы осы елдің азаматтық авиация министрі Гулам Сарвар Хан мәлім етті. Әуе көлігі қонуға 100 пайыз дайын болған және ешқандай техникалық ақаулар тіркелмеген екен. Тек өзара пікір таластырған ұшқыштар …
Подробнее...Бірнеше аймақта карантин күшейтілді
Карантин шаралары тағы бірнеше аймақта күшейтілді. Алматы облысында түрлі жиындарға тыйым салынып, қоғамдық тамақтану орындары жабылды. Балабақша, білім беру орталықтарының бәрінің қызметі тоқтады. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың өзі жоспарлы консультацияны енді қашықтан береді. Ал Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы және Ақтау қаласының арасындағы жолдарға блок-бекеттер қойылады. Елді мекендерді қоршап, кіріп-шығуды шектемек. Солтүстік Қазақстан облысының бас санитары да қатаң шараларды қолға алды. …
Подробнее...






