9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Жұмыскерлер ПТР-тестті өз есебінен тапсыруға міндетті емес

Кәсіпорын басшылары жұмысшылардан коронавирус инфекциясын анықтайтын ПТР-тест талап етуге құқылы ма? Осы және өзге де қоғамды алаңдататын сауалдарға бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жауап берді. Біржан Нұрымбетов коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты кеңсе қызметкерлерін 100% қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруды ұсынды. Ал, жұмыс реті бұған келмейтін кәсіпорындар сақтық шараларын күшейтуі керек екенін ескертті.

Подробнее...

Өркениеттен тыс қалған ауыл

Түркістан облысында тас ғасырының тұрғындары бар. Жарыққа жарымайды, өркениет, мәдениет дегенді айтпай-ақ қояйын, ауруханасы жоқ ауыл ол. Төңкеріс деп аталады. Оқушылары каникулға елден үш ай ерте шыққан. Өйткені онлайн оқыған жоқ олар. 60 жыл бұрын тартылған электер желісін жөндей алмай жатқанда 4G қайдан болсын? Теледидардан ғана көретін өркениетті Қазақстанға қоныс аударғысы келетін ауылдағы ағайынмен тілшіміз тілдесіп келді.

Подробнее...

Туыстарын жерлей алмай отырғандар: үйіміз мәйіт сасып кетті

Алматыда қайтыс болған адамдарды туыстары жерлей алмай отыр. Кей азаматтар тіпті ақымына дейін қазып қойған. Алайда сот-сараптамалық институты өкілдері өлген адамдардың денесін бермеген. Бар гәп «короновирустан қайтыс болмаған» деген анықтамада екен. Бірақ қалада сараптама орталықтары карантинге жабылып қалыпты. Атырау, Шымкент, Алматы облыстарына апарып жерлеуді көздеп отырған азаматтар өлген адамдардың денесі бұзылып кететін болды деп дабыл қағуда. Иісі шығып кетпеуі үшін …

Подробнее...

Дәріханаларда дәрі-дәрмек жоқ

Дәріханаларда қарапайым парацетамолдың өзі қат. Індеттен шошынған жұрт жаппай дене қызуын түсіретін дәрі мен оны өлшейтін құралдарды талап алып қойған. Алып-қашпа әңгімелерден үрейленгендер соданы суша сіміріп, антибиотиктерді асап жатыр. Енді бірі маскасына спирт сеуіп, арақпен демалсаң, ауру алмайды деп ойлайды екен. Ал, дәрігерлер дабыл қағуда. Өйткені беталбатты ем-домның зияны болмаса, пайдасы шамалы. Ал, қоймадағы бар дәрі-дәрмекті расымен ел тауысты ма, …

Подробнее...

Көк туды дәретхана кілемшесіне айналдырды

Көк байрақты аяқасты етті. Шетелдік танымал сайттардың бірінде мемлекеттік туымыз бейнеленген дәретхана кілемшелері, үй жануарларына арналған киімдер мен ваннаға ілетін перделер сатылып жатыр. Ал халық ерекше дизайнға қызығып, соны жанталасып алып жатыр. Мемлекетік рәміздерді қор еткендер неге көбейіп кетті? Жалауымызды сайқымазаққа айналдырғандар жазалана ма?

Подробнее...

Өскемендіктер: радиоактивті қалдықтардың үстінде отырмыз!

Өскеменнің қауіпті қалдықтардың үстінде әлі 100 жыл отыратын түрі бар. Қалада радиоактивті қоқыс көмілген аумақ әлі қоршалмаған. Ол аздай, тұрғын үйлер мен кей білім беру ғимараттары осы улы радиацияның дәл үстінде орналасқан. «Аталған мәселе осыған дейін бірнеше мәрте көтерілсе де, нәтиже жоқ», — дейді жергілікті мамандар. Себебі жыл сайын бюджеттен бөлінетін қаражат мардымсыз.

Подробнее...

Жылу құбыры жарылып, бірнеше көлік пен кафені зақымдады

Алматыда жылу құбыры жарылып, бірнеше көлік, кафе және маңайдағы бағдаршамға зақым келтірді. Оқиға таңғы сағат 5-тер шамасында Бостандық ауданында болған. Көшеден су бұрқақ сынды атқылаған сұйықтықты маңайдағы тұрғындар түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялады.

Подробнее...

Көпқабатты үйдің пәтер иелері жер салығынан босатылады

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі өзгертілмек. Енді салық төлеушілерге ыңғайлы болу мақсатында төлем уақытын 31 желтоқсаннан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылып отыр. Бүгінгі Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылайша жеке тұлғаларға салық салу жеңілдетілетінін жеткізді. Одан бөлек, көпқабатты үйдің пәтер иелері де жер салығынан босатылады. Ол үшін жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын біріктіру ұсынылып …

Подробнее...

Қалалар карантинге жабылуда

Тағы екі қала, Көкшетау мен Степногор карантинге жабылып, шектеулер күшейтіледі. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Бүгін түнгі 12-ден бастап Көкшетау қаласы карантинге жабылса, 26 маусымнан осындай шаралар Степногор қаласында қолға алынады. Қаулыға сәйкес, барлық автокөліктер мен азаматтарға бұл қалалардың аумағына кіріп-шығуына тыйым салынады. Тек транзиттік жүк көліктері мен азық-түлік тасымалдайтын автокөліктерге рұқсат берілген. Ал Ақтөбеде …

Подробнее...
X