10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Арыс оқиғасына 1 жыл болса да, уәделі көмекті алмағандар бар

Дәл бүгін, Арыс оқиғасына 1 жыл. Иә, бейбіт заманда, снарядтардың аспанға атылып, оқ-дәрілердің қарша борауы құдды бір соғысты елестетті. Жылаған жүздеген ана мен баланың жан жарасы бәрімізге бірдей батты. Ал қазір сол қираған мыңдаған үй, әлеуметтік нысандар қалпына келтірілді ме? Кінәлілер жазаланып, оқ-дәрі қоймасы қауіпсіз аймаққа көшірілді ме? Бәрінен бұрын адамдардың бойындағы үрей сейілді ме? Қорқыныш басылды ма?

Подробнее...

Егіс алқаптары су көрмеген шаруалар өнімсіз қалуы мүмкін

Алматы облысындағы шаруалар биыл өнімсіз қалуы мүмкін. Өйткені егіс алқаптары мамыр айынан бері су көрмеген. Бір ғана Еңбекшіқазақ ауданында 150-ге жуық шаруа қожалығының егіні қурап барады. Ал су шаруашылығына жауапты мамандар алқаптарыңның 50 пайызын сақтап қалсаңдар соған рахмет айтыңдар деп шығарып салыпты. Жер емген диқандар Бартоғай қоймасында су тапшы дегенімен Үлкен Алматы каналы арқылы тіршілік нәрі өзге аудандарға жіберілгеніне ашынуда. …

Подробнее...

«103» нөмірі тұтқаны көтермейді

Соңғы күндері жедел жәрдем шақыру машақатқа айналды. «103» нөмірі тұтқаны көтермейді, көтерсе де, кезекті сағаттап күтуге мәжбүр боласыз. Осындай шағымдар еліміздің әр өңірінде көптеп кездесуде. 103-тің мамандары кей жағдайда бригада жіберудің орнына тек ақыл-кеңес берумен шектеліп жатыр. Шынымен елдің бәрі аурып, қоңыраудың көптігіне байланысты жедел жәрдем үлгермей жатыр ма, әлде, басқа себептер бар ма? Өйткені қоңырауы жауапсыз қалған кейбіреулер мұның …

Подробнее...

Ақша да жоқ, мал да жоқ: Фермерлер аштық жариялады

Шаруалар «Сыбағаға» сеніп сыбағасынан айрылды. Мемлекеттік бағдарламамен асыл тұқымды ірі қараға тапсырыс беріп, тақырға отырған фермерлердің басқа емес, «Қазагроға» өкпесі қара қазандай. Өйткені ұлттық компания өкілдері несие берген кезде белгілі бір ұйымның мүддесін тықпалапты. Яғни малды тек солардан аласыңдар дегенге ұқсайды. Хош, оған да көніп, үй-жайын кепілге қойып, алған кредитін көрші елге аударып, әрең әкелген қымбат сиырлары ауылға ақсақ-тоқсақ, ауру-сырқау …

Подробнее...

Нұртөре Жүсіп «Туған жерді таза ұстау» акциясын ұсынды

Туған жерге тек ауызша тамсануды қойып, іске кіріскен жөн! Парламент қабырғасында Нұртөре Жүсіп осы тақырыпты көтерді. Сенатордың айтуынша, мемлекеттің қорғауындағы ұлттық табиғи парктерден бастап, республиканың әр ауласына дейінгі тазалық ортақ талап. Депутат мемлекеттік тұрғыдан шұғыл түрде тазалықты сақтау, бақылау, реттеу тетіктерін жетілдіру қажет дейді.

Подробнее...

Жұмысына оралған Асқар Мамин жиын өткізді

Вирустық инфекцияға байланысты оқшауланған премьер-министр Асқар Мамин жұмысына қайта оралды. Шенеуніктің Covid-19-ға тапсырған екі сынамасы да теріс нәтиже көрсеткен. Одан бөлек, бұл процесстен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров, Экология және геология министрі Мағзұм Мырзағалиев сынды бірқатар ведомство басшылары да өткен. Қорытынды бойынша аталған тұлғалардың коронавирус жұқтырмағандығы анықталып отыр. Осы ретте, оқшаулану мерзімі аяқталғандықтан, Асқар Мамин …

Подробнее...

Шымкентте педофил 5 және 8 жастағы қыздарды зорламақ болды

Шымкентте ер адам кәмелетке толмаған 5 және 8 жастағы қыздарды зорламақ болды. Ата-анасының бақылауынсыз жүрген жасөспірімдерді көрген педофил бұл сәтті пайдаланып, оларды алдап, таса жерге алып кеткен. Екі жайт та бір күні, әртүрлі жерлерде және әртүрлі уақытта жасалыпты. Күдіктіні анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылып, тәртіп сақшылары оқиға болған аудандағы тұрғын үйлерді жіті тексеріп, сезіктіні қолға түсірген. Педофил жергілікті тұрғын …

Подробнее...

Ескі үй алып, есіміз шықты

Ескі үй алып, есіміз шықты. Алматы облысына қарасты Кербұлақ ауданындағы көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған жандар осылай деп мұңын шағуда. Бюджет қаржысына сатып алынып, жалға берілген баспаналардың олқылықтары жарты жыл өтпей жатып шыға бастаған. Қабырғалары сыз тартып, кірпіштері үгітіліп кетіпті. Ал, бұған әкімдік өкілдері не дейді?

Подробнее...

Қызылорда облысында 91 мектептің әжетханасы сыртта орналасқан

Қызылорда облысында 91 мектептің әжетханасы әлі де сыртта орналасқан. Тараздағы сұмдық жағдайдан бері 8 айға жуық уақыт өтсе де, жағдай өзгеріссіз. Өңір басшысы Гүлшара Әбдіхалықова оқушылардың қауіпсіздігіне салғырттық танытқан Білім басқармасын сынға алды. Мектеп ауласындағы әжетханалардың санитарлық жағдайы да оңып тұрған жоқ. Тіпті кейбірінде әйелдер мен ерлерге арналған арнайы белгісі де жоқ.

Подробнее...

Карантин қайта күшейтіле ме?

Елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны 16 мыңнан асты. Инфекция аймақтарда өршіп тұр. Осыған орай қазақстандықтарды «Карантин қайта күшейтіле ме?» деген сұрақ мазалайтыны рас. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы вице-министр Ләззат Ақтаева дәл осы сұраққа жауап берді.

Подробнее...
X