Алматыда қалалық бағдарламамен байқаудан өтіп, баспаналы боламыз деген жастар үш айдан бері жалға алған пәтерлеріне кіре алмай жүр. Бес жылға дейін аз мөлшерде қаражат төлеп, өз үйлеріне ақша жинаймыз дегендердің тауы шағылды. Өйткені, жеңімпаздарға небәрі 15 тәуліктің ішінде кілтті табыстауы қажет екен. Ал, қазір төртінші айдың жүзі болды дейді. Ақ жағалылардың сағызша созғылаған уәделерінен шаршаған жастар, біздің арнадан көмек сұрады.
Подробнее...Новости
Премиум санатты тұрғын үйдің шаңы шығып жатыр
Ақтөбеде премиум санаттағы тұрғын үй кешенінен пәтер алғандар жарты жылдан бері ауласын даулап жүр. Атағы дардай үйде асфальт деген атымен жоқ. Шаңы аспанға шығып, балалар көршінің ауласында ойнауға мәжбүр! Қыруар ақша төлеп алған қымбат үйдің ауласын енді кім салып береді Құрылыс компаниясы неге жауапкершілікті әкімдікке ысырып отыр?
Подробнее...Қазақстандық футбол клубтарында не менеджмент, не маркетинг жоқ
Ресми дерек бойынша 1 шілдеде футболдан Қазақстанның ішкі біріншілігі қайта жалғасады. Коронавируске дейін 12 клуб бірінші орынға таласса, енді бұл тізімде Павлодарлық «Ертіс» жоқ. Миллиардтаған қарызы үшін команда турнирден өз еркімен шығып қалды. Осыған дейін 5 дүркін ел чемпионы атанған команда тіптен жабылып қалудың алдында тұр. Республикадағы басқа клубтардың да жағдайы мәз емес. Кемедегінің жаны бір дегендей, командалардың жағдайы неге …
Подробнее...Алматыда балабақша тәрбиешісі балаларға қатігездік танытқан
https://youtu.be/GhY65QTphoY Тәрбиешілердің де бәрі бірдей оңып тұрған жоқ. Әр жерде әр уақытта бір қылаң беретін қатігездік тағы да көрініс тапты. Алматыдағы мектепке дейінгі бір мекемеде бүлдіршіндердің құлағынан ұстап сүйреген тәрбиешінің видеосы желіні шулатып жатыр. Бейнебақылау камерасындағы жазбадан тәртіпке бағынбаған балаларды ары да, бері де сүйреген әйелді көруге болады.
Подробнее...Елбасы коронавирус жұқтырды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталды. Бұл ақпаратты Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі кезде Нұрсұлтан Әбішұлы өзін-өзі оқшаулады. Дегенмен, Айдос Үкібай «алаңдауға еш себеп жоқ, Елбасы жұмысын қашықтан жалғастыруда» деді. Бұл жаңалықты естіген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасыға қолдау білдірді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан …
Подробнее...52 млрд теңгенің 43 жобасы аяқсыз қалған
Елімізде 52 млрд теңгенің 43 жобасы аяқсыз қалған. Бұл туралы Сенат отырысында Есеп комитетінің төрағасы мәлімдеді. Наталья Годунованың сөзінше, аталған жобаларды бастауға қаншама шығын шыққанымен, аяқтау мүмкін болмай тұр. Кей бастамалар, тіпті, 5 жыл бойына тұралап қалған. Өткен 2019 жылы да мұндай шығындардың мөлшері республикалық бюджеттің 14 пайызын құраған.
Подробнее...Ішімдік ішкен інісін ұрып жазалаймын деп, өлтіріп қойды
Ішімдік ішкені үшін сазайын тарттырмақ болған ер адам туған інісін ұрып, өлтіріп қойды. Алайда ол қылмысын жасыру үшін барлық айғақты мұқият жойып, полицейлерді алдап, жазадан құтылмақ болған. Дегенмен, тергеуші жауап алу барысында логикалық дәлелдердің дедукциясын пайдалана отырып, күдіктінің жасаған қылмысын әшкерелеген. Ер адам туған бауырын қасақана өлтірмегенін айтып ақталып, оған физикалық күшті тек жазасын тарттыру үшін қолданғанын алға тартқан. Себебі, …
Подробнее...Өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүгедектер төрт қабырғаға қамалып отыр
Алматыда өздігінен жүріп-тұра алмайтын бірінші топтағы мүгедектер демалыс дегенді ұмытқан. Жыл басынан бері олардың жеке көмекшілеріне сенбі-жексенбі және мереке күндеріне бір тиын да төленбеген. Сондықтан ел қатарлы көшеге шығудың орнына үйлерінде отыруларына тура келеді. Өйткені республикалық бюжеттің 20 пайызын беріп отырған, еліміздің ең алып шаһарында оған қаржы қарастырылмапты. Өз құқықтарын даулаған қамкөңіл жандар соттан әділдік іздеуде. Ал қалалық әлеуметтік әл-ауқат …
Подробнее...Карантин режимі күшейтілді
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып, ауруханалардағы жағдай ушығуына байланысты карантин күшейтіледі. Бүгін Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен комиссияның шұғыл отырысында нақты қай қалаларда талап қатаңдатылатыны айтылды. Тізімге енгізілген бес шаһарда енді сауда орталықтары жабылып, қоғамдық көліктердің жүруі тоқтайды. Сондай-ақ, бірнеше аймақта карантин талаптары күшейтіліп, блокпосттар қайта қойылатын болды.
Подробнее...Туысқанының мүгедек қызын зорлаған қаскүнемге үкім шықты
Екі жыл бойы туысқанының мүгедек қызын зорлап келген қаскүнемге үкім шықты. Сұмдық жайтты ДЦП дертіне шалдыққан 28 жастағы бойжеткен әке-шешесіне ыммен түсіндіріп беріпті. 55 жастағы еркек туыстарының сеніміне әбден кіргені сондай, ешкім жоқ кезде оған бас-көз болғансып, массаж жасап жүріп, қорлап келген. Сот оған қандай үкім шығарды?
Подробнее...






