0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Жаркенттіктер: зауыттың сасық иісінен ішкенімізді қайта тастаймыз

Жаз шығысымен жағымсыз иіске тұншығатын Жаркент қаласының тұрғындары тағы да бас көтерді. Күлімсі иістен құтылғанша, крахмал-сірне зауытының жұмысы уақытша тоқтатылсын деп талап етуде. Өйткені, таза ауамен тыныстау былай тұрсын, күн ыстықта есік-терезені ашудан қалдық, — деп отыр. Ал, елді сабырға шақырған жауаптылар болса, бұл мәселе жыл соңына қарай түбегейлі шешілетінін айтып сендіруге тырысты.

Подробнее...

Балабақша қызметкерлері мен жаңа меңгеруші арасындағы дау

Елордадағы мемлекеттік балабақшағы дау. Бір топ қызметкер төтенше жағдай кезінде төленуі тиіс болған үстемақымызды ала алмадық деп шағымдануда. Басшылары кейбір қызметкерді негізсіз жұмыстан шығарып жіберген көрінеді. Алайда, осы лауазымға жуырда ғана келген меңгеруші бұл қып-қызыл жала, бәрі заң аясында істеліп жатыр дейді. Оның сөзінше, жұмысты дұрыс жолға қою үшін жасап жатқан шаруалар ұжымдағылардың кейбіріне ұнамай жатқандықтан осылай даурығуда екен.

Подробнее...

Әлеуметтік желіде балаларды суицидке үгіттеген қаскөй құрықталды

Балаларды өз-өзіне қол жұмсауға үгіттеген қаскөй құрықталды. Арыс қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде арнайы топ ашып, жасөспірімдерді жаппай суицидке шақырған. Оның қоғамға қауіпті белсенділігін интернетке мониторинг жүргізген Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығы мен Түркістан облысы Полиция департаменті анықтап, жолын кесті. Бірден жедел іздестіру тобын құрып, күдіктіні қолға түсірген полицейлер оның әрекетін адам өлтіруге оқталу деп тіркеп, тергеу амалдарын бастап жіберді. Тінту кезінде …

Подробнее...

Танысының үйіне қонаққа келіп, 20 млн теңгенің затын ұрлаған

Танысының үйіне қонаққа келген шетелдік әйел 20 миллион теңгенің затын ұрлап кетті. Өзбекстан Республикасының азаматы пәтерден зергерлік бұйымдар мен танымал брендтердің киім-кешегін қолды қылған. Оның ішінде қымбат тұратын швейцар қолсағаты, әшекей бұйымдар мен басқа да заттар болған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда күдікті қолға түсті. Ол кінәсін толық мойындаған. Тергеу барысында анықталғандай, сезікті әйел пәтерге үй иесінің шақыртуымен бірнеше …

Подробнее...

ШҚО: шахтадағы жарылыстан екі кенші қаза тапты

Шахтада жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде екі кенші қаза тапты. Марқұмдардың жасы небәрі 25 пен 29-да. Отбасылы. Қайғылы жағдай Шығыс Қазақстан облысындағы Орлов өндірістік кешенінің шахтасында болған. Зардап шеккен тағы бір қызметкер аудандық ауруханаға жеткізіліпті. Компания басшылығы мен ұжымы марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Сонымен қатар, бекітілген процедураларға сәйкес қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккен жұмысшыға қажетті көмек көрсетілетінін …

Подробнее...

Мәжіліс депутаттары ұлттық деңгейде карантин жариялауды ұсынды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің тесті оң нәтиже көрсетіп, спикер оқшауланды. Ал төменгі палатының жалпы отырысын бүгін оның орынбасары Гүлмира Исимбаева өткізді. Қызығы сол, осыған дейін коронавирус туралы ләм-мим демеген депатуттар енді ғана тыпырши бастағандай. Елдегі індеттің таралуы бәсеңдемей жатқанына байланысты мәжілісмендер ұлттық деңгейдегі карантин жариялауды ұсынды.

Подробнее...

Балалар да шомылатын өзенді кешкен ит тоққа түсіп, арам қатты

Сұмдық жайт! Үлкен Алматы өзенінде шомылып жүрген ит электр тоғына түсіп, арам қатты. Ең сорақысы, бұл жерде балалар да су кешіп, өзенге түседі екен. Жануардың оқыс өлімінен секем алған тұрғындар әбден шошынып қалған. Ал демалыс орнын қауіп көзіне айналдырып, электр тоғын ашық қалдырған жан не деп ақталды?

Подробнее...

Жолаушыларды тасымалдайтын компания басшылары әкімдікті сынға алды

Шымкентте жолаушылар тасымалымен айналысатын компания басшылары бас көтерді. Олар әкімдіктің жолаушылар тасымалын жаңғырту жөніндегі жаңа жобаны сынға алуда. Жергілікті билік жаңа жүйені енгізу арқылы бұрынғы компанияларды нарықтан ығыстырып жатқан көрінеді. Салдарынан 20 шақты автопарк иелері бірнеше жылға несиеге алған автобустарын бағытқа шығара алмастан қаңтарып қоюға мәжбүр. Ал, ақжағалылар болса, халық үшін қолға алынған бастамалар міндетті түрде жүзеге асуы тиіс дейді.

Подробнее...

Құжат қолда: үй алғандар баспаналарына кіре алмай жүр

Өз үйлері болса да, пәтер жалдауға мәжбүр ақтөбеліктер әкімдік алдында айқай шығарды. Мемлекеттік бағдарламамен баспана алғандар сенделіп жүргендеріне жарты жылдан асқанын айтты. Үйдің құжаттары қолында, ал көшіп келейін десе жаңа нысанда не су, не газ, тіпті электр жарығы да жоқ. Бірақ, тұрғындар несиелерін төлеп жатыр. Әркімнің пәтерін жалдап шаршап, амалы таусылған жандардың талабы қандай?

Подробнее...

Bek Air билет ақшасын қайтаратын болды

Bek Air әуе компаниясы атышулы апатқа дейін билет алған азаматтардың ақшасын қайтаратын болды. Бүгін Түркісіб аудандық соты дәл осындай шешім шығарды. Атышулы компанияның жолаушылар алдындағы қарызы 54 миллион теңгені құрапты. Енді тез арада 900-ге жуық жанның қаражатын кері қайтаруға міндеттелген компания басшылығы судья үкімімен келісті ме?

Подробнее...
X