Түркістан облысында тауда адасып кеткен үш жасөспірімнің бірі өлі табылды. Болжам бойынша, 17 жастағы бозбала жартастан құлап кеткен. Қалған екі бала абырой болғанда дін аман. Бірақ, оларды шатқалдан жерге түсіру оңайға түспеді. Төтенше жағдай қызметінің мамандары бүгін оқушыларды ата-анасына табыстады.
Подробнее...Новости
Біртанов вирус жұқтырды: Үкіметтегілер карантинге кетіп жатыр
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та вирус жұқтырды. Министрде жұқпалы дерт симптомды түрде өтіп жатыр. Қазір ол бас қаладағы стационарда ем қабылдауда. Одан бөлек, инфекция «Әлем барысының» екі дүркін чемпионы Айбек Нұғымаровтан да табылған. «Пандемияны саясат» деп, оның барына сенбеген палуан да қазір ауруханада жатыр. Ал өткен тәулікте індеттің ілмегіне тағы 800 отандасымыз ілігіпті. Көз жұмғандардың саны да бірден 4 …
Подробнее...Карантин күшейтіліп, блок-бекеттер қойылуда
Қатаң карантиндік талаптар республиканың өңір-өңірлерінде қайта енгізілуде. Қысқаша айтар болсақ, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында індеттің таралуы мен санитарлық талаптардың сақталмауы режимді қатаңдатуға әкелді. Ал Алматыда Көк базар осындай ескертпе негізінде жабылған. Вирустың көбею салдары Қарағанды, Маңғыстау облыстарын да карантинге қайтарды.
Подробнее...Көмек көрсетілмеді: баламыз ауруханада қансырап өлді
Тараздағы Шөлдала шағын ауданының жасөспірімдері демалыста ойран салды. Көрші ауылдың 16 бірдей баласы, 4 жеткіншекке әлімжеттік көрсеткен. Үшеуін пышақтап, біреуін таспен ұрып, тісін сындырған. Ауыр жарақат алған 15 жастағы бозбала ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай қайтыс болды. Ал, марқұмның ет жақындары баламызға тиісті деңгейде көмек көрсетілмеді, — дейді. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, даудың басы көрші ауылдың қызынан басталған.
Подробнее...АҚШ полицейлері тағы бір қара нәсілдіні атып өлтірді
Отқа май құйды. АҚШ полицейлері тағы бір афроамерикалықты атып өлтірді. Оқиға Атланта қаласында, дәмхананың алдында болған. Онсыз да ашуға булығып, үш жұмаға жуық басыла алмай жүрген жұрт тағы да өре түрегелді. Билік елдегі тәртіпсіздікті шешуге әлек боп жүргенде, полицейлер оны одан бетер ушықтырып жіберді. Тәртіп сақшылары қара нәсілдіні бұл жолы не үшін өлтірді? Қайта қылаң берген қақтығыс қашанға дейін созылады? …
Подробнее...Елде жоқ тариф: жарықтың өзіне 23 мың теңге төлейміз
https://youtu.be/W3uyCv9KZXI Қараусыз қалған ауыл. Шымкентте өркениеттен жұрдай қалған елдімекен табылды. Атаусыз көше, асфальтсіз жол және таза ауыз суы жоқ елді мекенде жұрт электр жарығын қымбат бағамен сатып алуға мәжбүр. Тіпті, әр киловатына 36 теңгеден есептеп, айына орта есеппен 23 мың теңге ге дейін төлем төлейді екен. Соған қарамастан, жарық жиі-жиі сөніп қалатын көрінеді. Бір таңданарлығы тұрғындардың бұл мәселесі жергілікті билікке …
Подробнее...Жансақтау бөлімінде жатыр: Түркістан халқын пневмония қыспаққа алды
Ал Түркістан облысының тұрғындарын вируспен қоса пневмония қыспаққа алып отыр. Олай дейтініміз, бар-жоғы екі аптаның ішінде 400-ге жуық адамның денсаулығы нашарлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болыпты. Оның 50-ден астамы қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр екен. Симптомдық белгілері короновируспен ұқсас келетін дерттің мұншалықты таралып кетуіне не себеп?
Подробнее...4 жасар өгей ұлының аяқ-қолын байлап, сарайға қамаған
Батыс Қазақстан облысында ер адам 4 жастағы өгей ұлының аяқ-қолын байлап, бірнеше сағат бойы сарайға қамап тастаған. Оқиға Қазталов ауданы Бостандық ауылында болған. Бүлдіршінді ауылдастары араласып жатып, босатып алыпты. Кейбір мәліметтер бойынша, баланы байлап қоюға өгей әкесінің жеңгесі мәжбүрлепті. Өңірдің полиция департаменті азаматта психикалық ауытқу бар екенін атап өтті. Оқиғаның жай-жапсарын заң өкілдері мен білім бөлімінің мамандарынан құралған арнайы комиссия …
Подробнее...Көлгінов елорда халқына үндеу тастады
Індеттің өршуіне байланысты елордада қосымша 400 провизорлық орын ашылды. Ал санитарлық талаптарды сақтамау қатаң карантин режиміне оралуға әкелуі мүмкін. Коронавирустық инфекцияның көз ілеспес жылдамдықпен таралып, науқастардың саны жылдам артып бара жатқанын айтып, бас қала әкімі тағы да ьүндеу жариялады. Алтай Көлгінов өзінің Фейсбуктегі парақшасына пандемияға салғырт қарап, бейқам жүрген елордалықтарды ес жиюға шақырып жатыр. Оған қоса дәрігерге уақытылы қаралмай, өзін-өзі …
Подробнее...Зауыттағы апатқа кім кінәлі екені белгілі болды
Ақтөбедегі хром қосындылары зауытының бес бірдей жұмысшысы көз жұмған апатқа кімнің кінәлі екені белгілі болды. Арнайы құрылған комиссия жуырда өз жұмысын аяқтап, қорытындысын жариялады. Тексеру барысында комиссия мүшелері 80 пайыз қателік зауыт басшылығынан кетсе, кінәнің 20 пайызы марқұмдардың абайсыздығынан болған деген ұйғарымға келіпті. Арнайы топтың материалдары бір аптаның ішінде құқық қорғау органдарына жіберіледі. Әрі қарай процессуалдық шешім қабыладанатын болады.
Подробнее...






