0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Диқандар суға таласып, 12 адам жарақаттанды

Суға талас — жаппай төбелеске себеп болды. Егістік басында тіршілік көзін бөлісе алмаған диқандар бір-бірінің басын жарып, жағасын жыртты. Куәгерлердің айтуынша таяқ ала жүгіргендер екі әулеттің адамдары. Бұл жұдырық жұмсау олардың арасындағы алғашқы қақтығыс емес екен. Сонда, елді екіге бөлген бұл неғылған су? Ағып жатқан арық болса, оны қалай біреулер иемдене алады?

Подробнее...

Карантиннің салдарынан қазынаға 125 млрд теңге түспей қалды

Ал, осы карантин салдарынан соңғы 5 айдың қорытындысы бойынша қазынаға 125 миллиард теңге түспей қалған. Бұл жайлы халыққа есеп берген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Оның сөзінше, бұған салықтан босату шаралары мен бизнестің зардап шегуі әсер еткен. Мәселен, жоспар бойынша бюджетке 2 трлн 236 млрд теңге құйылуы тиіс болыпты. Алайда, мақсат 94,4 пайызға ғана орындалған. Ал, сәуір айынан басталған салық …

Подробнее...

Әлібидің әкесі: Ақтөбенің екі сотынан да әділдік таппадым!

Лагерьде лаң салды деп айыпталып, 10 жылға сотталған тәрбиешінің ісіне қатысты тың деректер белгілі болды! Әліби Өтепбергеннің үстінен арызданған ата-аналар ұзақ уақыт үнсіздіктен соң сұхбат берді. Біздің арнадағы «Басты прайм» бағдарламасы кезінде тікелей байланысқа шығып, не себепті ойларынан айнып, арыздарын қайтып алғанын айтты.

Подробнее...

Сот заңсыз түрде мойныма 45 млрд теңге іліп жіберді

Миллиондаған тұрғыны бар мегаполисте 45 миллиард қаражат қарыз арқалаған тұрғын өзінің қалай ақталатынын білмеуде. Бұрын жұмыс істеген компаниясы банктен несие алып кейін жабылып ізім-қайым жоғалыпты. Бірақ, проблемалық кредиттер қоры қосымша көрсетілген азаматтардан өндіріп алуды көздеген екен. Ешқандай құжатқа қол қоймадым деген азаматша, кімге арызданарын білмей әлек.

Подробнее...

Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырып алды. Мәжіліс депутаты өзінің науқас екенін әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Бастапқыда үйінде ем алып бастаған ол, қазір ауруханаға жатқызылыпты. Вирус демекші, елімізде осы инфекция бір күнде 944 адамнан табылды. Әсіресе дәрігерлер аталмыш індетке көп шалдығып жатыр. Мұның бәрі қауіпті ескермей, аурудан сескенбей жүргендердің кесірі дейді, мамандар. Қорқынышты статистиканың соңы тағы да карантин талаптарының күшейтілуіне алып келе …

Подробнее...

Мембағдарламамен алған баспаналарының қабырғасы сөгіліп, төбесінен су ағып тұр

Бас ауруым – баспанам. Мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алғандарына жарты жыл да болмаған елордалықтар бас көтерді. Үйлерінің қабырғасы сөгіліп, төбесінен су ағып, жертөлесі шіріп кеткен екен. Тұрғындар тіпті қарапайым қара судың өзіне де жарымай отырған көрінеді. Ал 6 айда бұл маңға бірде-бір рет ат басын бұрмаған жауаптылар журналистер келеді дегенді естіп қана алғаш рет қимылдай бастапты.

Подробнее...

Екі әйелді айуандықпен өлтірген малшыға қатысты тың дерек

Жамбыл облысында асқан қатыгездікпен өлтірілген екі әйелдің ісіне қатысты тың деректер шықты. Шаруа қожалығында кісі қолынан көз жұмған аспаздың қызының ай айтуынша, іс басқа бағытқа бұрмаланып, бір жақты қаралып жатыр екен. Ол, күдікті деп жан-жақтан іздестіріліп жатқан қойшының екі бірдей әйелді жалғыз өзі өлтіруі мүмкін емес дейді. Себебі, тергеуде көрсетілгендей оқиға қожалықта емес, басқа жерде болған. Қаскөй ізін жасыру үшін …

Подробнее...

Халық пен зауыт суқоймадағы балыққа таласып отыр

Балыққа талас! Түркістан облысында бір топ ауыл тұрғыны жасанды су қоймасының балығын бөлісе алмай әлек. Шардара суқоймасының етегіне орналасқан Алтын кемер елдімекеннің жұрты осындағы балық өңдеу зауыты басшылығының рұқсатынсыз ау салғандары үшін шетінен қудалауға түсіп жүргендерін айтады. Әзірдің өзінде, 10 адам «айыпты» деп танылып, күдікке ілінген. Арасында әйелдер де бар. Ал, зауыт қожайыны жылдан жылға күрделенген мәселені шешудің орнына, әлі …

Подробнее...

81 жастағы әжейді ұрып, алтындарын тонап кетті

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Үлкен Бөкен ауылында жалғызбасты кейуананы ұрып, тонап кетті. 81 жастағы қарт әжейдің үйінің кіреберіс есігін бұзып кірген қаскөй одан ақша мен алтын бұйымдар талап етіпті. Ал бағалы ешнәрсе таппаған соң, зейнеткерді соққыға жығып, қарапайым әсемдік бұйымдарын қолды қылған. Зардап шегуші оқиға туралы полицияға өзі хабарлап, күдіктінің қандай киімде болғанын айтып беріпті.

Подробнее...

«Денсаулық» кодексі талқыланды

Елімізде дәрігерлердің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салынбақ. Жөн-жосықсыз киліккендер әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Себебі, соңғы жылдары «дәрігерлердің қателігінен болды» деген желеумен қозғалған қылмыстық істер көбейгендіктен, бұл салада жұмыс істеуден қорқатындар көбейіпті. Бүгін Сенатта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заң жобасын талқылау барысында осындай ойлар айтылды. Бұдан бөлек, қоғамда үлкен тау тудырған вакцинация мәселесі де сөз болды. Сенаторлар маңызды …

Подробнее...
X