9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Несиесін өтегенімен, кепілдегі баспанасы сатылып кеткен

Соттан әділдік таппаған азамат Президенттен араша сұрайды. Несие алып, оны процентімен өтесе де, баспанасынан айырылған елорда тұрғыны сот шешімімен келіспей, Жоғарғы сотқа дейін барып еді. Ол жақта да қолдау таппады. Енді соңғы үміті мемлекет басшысында. Ал қазылардың алдында оның құқығын қорғаған адвокат мұндай сорақы шешімнен кейін заң саласынан кетуге дайынмын деп отыр.

Подробнее...

Косметологиялық қызметтерді несиеге рәсімдеген қыз-келіншектер алданып қалды

Елордада бір топ қыз-келіншек сұлулық салонына алданып қалды. Олар бірнеше косметологиялық қызметті несиеге рәсімдеген. Ал сол салонның иесі миллиардтаған соманы қалтасына басып, қарасын батырған. Телефон өшулі, салонның есігі тарс жабық. Ай сайын бостан-босқа несие төлеп отырған нәзік жандылар арнамыздан көмек сұрап, хабарласты.

Подробнее...

Өлтіремін деді: алматылық аруды сүйіктісі ұрып-соғып, ақша талап еткен

«Өлтіремін деді»: Алматылық ару жігіті аяусыз ұрғанын айтып, жұрттан көмек сұрады. Бұрынғы сүйіктісі бір жыл бойы таяқтың астына алып, ақша талап еткен екен көрінеді. Зәбір көрген жанның суреттерінен кейін көпшілік жапа-тармағай мұндай жағдайдың тым сорақы екендігін айтып, қолдауға кіріскен. Алайда, бойжеткен өзінің Полиция департаментіне жазған арызында ұрып-соғу туралы тіс жармапты.

Подробнее...

Қоқыс полигонындағы өрт ырыққа көнер емес

Алматы облысында қоқыс полигонында тұтанған өртті төтеншеліктер екі күннен бері ауыздықтай алмауда. Алматы-Қапшағай тас жолын өою түтін басып, көлік қозғалысына кедергі келтіруде. Ал жақын мағдағы елдімекен тұрғындары кешелі бері балаға шығудан қалған. Олар тқрмыстық қатты қалдықтар төгетін орында өзге аумаққа көшіруді талап етуде.

Подробнее...

Арыстағы жарылыс: Cот басталды

Арыстағы оқ-дәрі қоймасында болған алапат жарылысқа қатысты сот отырысы басталды. Айыптылар орындығында Қорғаныс министрлігінің бір топ қызметкері бар. Оларға әскери қызметіне салғырттық таныту, оқ-дәрі пайдалану мен оны қолданудағы талаптарды сақтамау, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу секілді бірнеше айып тағылған. Процесске тоғыз жолдың торабындағы 1500-ға жуық азамат жәбірленуші ретінде шақыртылыпты. Алайда, оның бірқатары алғашқы отырысқа қатыса алмады. Анығын айтқанда, әскерилер ішке …

Подробнее...

Елорда іргесіндегі демалыс үйлері өртенді

Елордадан 20 шақырым жердегі «Жібек жолы» ауылында екіқабатты демалыс үйлері қызыл жалынға оранды. Әзірге төрт үйдің күлі көкке ұшқан деген мәлімет бар. Және осы аумаққа тиесілі мейрамхананың да түгі қалмай жанып кеткен.

Подробнее...

Елорда іргесіндегі демалыс үйлері өртенді

Елордадан 20 шақырым жердегі «Жібек жолы» ауылында екіқабатты демалыс үйлері қызыл жалынға оранды. Әзірге төрт үйдің күлі көкке ұшқан деген мәлімет бар. Және осы аумаққа тиесілі мейрамхананың да түгі қалмай жанып кеткен.

Подробнее...

Бекшин: карантин күшейтілуі мүмкін

Алматыда карантин тәртібі қайта күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы шаһардың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Өйткені жұмыстарын жандандырған кәсіпорындар мен сауда орындарында санитарлық талаптарды сақталмайды. Егер ол короновирус індетінің өршуіне әкеп соғатын болса талаптар қайта қатаңдатылауы ықтимал.

Подробнее...

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан 6 адам мерт болды

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан 6 адам мерт болды. Сұмдық жайт Ақтөбе-Астрахань тас жолында тіркелген. Жеңіл көлік рөліндегі 24 жастағы жігіт жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Лада Ларгуспен» соқтығысыпты. Соңғы аталған автомобильдің жүргізушісі мен салондағы барлық жолаушы көз жұмған. Марқұмдардың жасы 27 мен 51-дің аралығында. Алты бірдей адамның өліміне кінәлі жігіт былтыр ғана 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған екен. …

Подробнее...

Елордаға биыл газ беріледі

Елордаға көгілдір отын ақыры биыл берілетін болды. Қызылордадан мыңдаған шақырым құбырмен тартылған газ ең алдымен қала маңындағы елдімекендерге берілмек. Қосу кезеңі тамыз-қыркүйек айларына жоспарланған. Бірақ бұл отынды пайдалану тұтынушылардың қалтасына едәуір салмақ салайын деп тұр. Себебі, тарифі қымбат.

Подробнее...
X