Сөзі мен ісі бір-біріне сай келмейтін министрлерді студенттермен бірге бір оқытып алу керек. Бүгін Мәжіліс төрағасы бюджетті берекелі жұмсай алмаған министрліктерді сөзбен сыбап алды. Айтуынша, салаларға бөлінген қаражат игерілмеген, игерілсе де іс бітпеген. Ал Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қажет болмаса да қордан қаржы алып, қай-қайдағы коворкинг-орталықтың отызын бір-ақ ашыпты. Қазіргі уақытта әр үтір арасында үнемдеу туралы айтып үлгеретін …
Подробнее...Новости
Экономика: 90-шы жылдардағыдай күн кешуіміз мүмкін
Ел экономикасына жөнді көңіл бөлінбесе, 90-шы жылдардағыдай күн кешеміз. Ең қауіпті болжам осы. Экономистер уақылы шаралар қолданылмаса халықтың дені жұмыссыз қалады дейді. Бұл күні нәпақасын ірілі-ұсақты кәсіптен тауып жүргендердің саны елімізде 3 миллионның айналасында. Дағдарыс алқымнан алса екі қолға бір күрек іздегендердің үлес салмағы артып кетпек. Расымен ел экономикасы минусқа кете ме? Алаңдауға негіз бар ма?
Подробнее...Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғынына уәде етілген пәтер берілмеген
Әкім сөзінде тұрмады. Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны дүниеге келгенде сүйіншілеген шенділер оған қаладан бір пәтер уәде етіп, тілшілерді шақырып, газет-жорналдардың бәріне жазғызып, дабыра қылып еді. Қала тарихында аты жазылған Әлинұр бала туралы шенділер ұмытып кеткен сияқты. Ол отбасымен көпқабатты үйдің қоймасында тұрып жатыр. Ал әкесі болса, «Әу баста-ақ басыбайлы баспана бере қояды дегенге күмәнмен қарап едім, ипотеканың өзіне жете алмай …
Подробнее...Вирустың жаңа ошағы анықталды
Елімізде инфекцияның жаңа ошақтары анықталды. Мамандар соңғы уақытта вирусты барлық отбасы мүшелерінің жұқтырып жатқанына алаңдаулы. Бәріне үйдегі мерекелер себеп дейді. Одан бөлек, жұрттың сақтық шараларын сақтамауы да, дертті жұқтырғандар санының күрт артуына алып келгенін айтады. Өткен тәуліктің өзінде жұқпалы инфеяға бірден 245 отандасымыз шалдығыпты.
Подробнее...Шымкентте көз емдеу орталығы жұмысын қайта бастады
https://youtu.be/19CW6vaQieE Шымкентте көз ауруларын емдеу орталығы өз жұмысын қайта бастады. Білікті дәрігерлер науқастарға тегін медициналық көмек көрсетіп, ота жасап жатыр. Мамандардың сөзінше, катаракта дертіне көбіне 40 жастан асқан азаматтар шалдығатын көрінеді. Осы күні сондай пациенттер білікті дәрігерлердің көмегінен кейін, өмірге қайта оралғандай болып жүр.
Подробнее...Атырауда жойқын жарылыс болды
Атырауда жарылыс! Газ құю стансасында автоцистернаның күлі көкке ұшып, жанармай құю бекетінің маңында алапат өрт шықты. Апат салдарынан төрт адам жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліпті. Оның екеуінің жағдайы ауыр деген ақпарат бар! Жарылыс кезінде көшедегі жандар беттерін ыстық леп қарып, қатты қорқып кеткендерін айтуда. Жарылысқа не себеп? Зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Подробнее...Аты дардай, асфальттан жұрдай!
Көшеге көршімнің атын беріңдер! Әйтпесе, батыр Махамбеттің есімі құты қашқан көшеге лайық емес! Ақтөбеде Махамбет Өтемісов көшесінің тұрғындары наразылықтарын білдірді. Екі жыл бұрын мұнда күрделі жөндеу жасаймыз деп ескі асфальты алып тастапты. Ал жаңасын әлі төсемепті. Тұрғындар асфальттың жылда тек Атырау облысы экс-әкімінің жақындары тұратын аумақты жөндеуге жетіп, қалғандарына неге артылмай қалатынын түсіне алмай әлек. Бұл кездейсоқтық па?
Подробнее...Көлікте отырып-ақ COVID-19-ға тест тапсыруға болады
Тест тапсыру үшін аурухана не зертханаға барудың қажеті жоқ. Көліктен шығудың да керегі шамалы. Елордада кәдімгі көлік тұрақтарының бірінде мобильді зертхана жұмысын бастады. Ал қаланың өзге бұрышындағы спорт кешенінде соңғы үлгідегі лабораториялық кешен іске қосылды. 2 млн долларлық нысан демеушінің көмегімен Қытайдан жеткізілді.
Подробнее...Профессор: әйелдерді ұруға болады!
«Әйелдерді ұруға болады, тіпті ара-тұра ұрып тұру да керек!» Бұл елімізге белгілі жоғары оқу орнының білдей бір профессорының пікірі. Әрине, маманның былай ағынан жарылуы көп нәзік жанға жаға қоймағаны анық. Тіпті желіде желдей ескен бұл жазба әп-сәтте қоғамда үлкен резонанс тудырып та үлгерді.
Подробнее...Шіркей аузы-мұрнымызға кіріп, көшеде жүргізбейді
Ал Ақмола облысында тұрғындар шіркейге таланып жатыр. Қорғалжын ауданының жұрты күн ысыса болды осы бір жәндік қаптап, далаға шығуға мүмкіндік бермейді дейді. Содан қашқандар жаздың жаймашуақ күнінде үйлерінде тығылуға мәжбүр. 9 мыңға жуық халқы бар ауданда бұл жағдай бірнеше жылдан бері қайталанып келеді екен. Ал, жергілікті әкімдік зиянкестермен күресуге не кедергі екенін айтты.
Подробнее...






