3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Мердігердің жауапсыздығынан балалар ойын алаңынсыз қалды

Талдықорғанда мердігер мекеменің жауапсыздығынан 24 ауланың бүлдіршіндері дәл жаз мезгілінде ойын алаңынсыз қалып отыр. Тендерді ұтып алған «Асыл тау» серіктестігі былтыр күзде басталған құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтамаған. Келісім-шарт бойынша, барлығын 15 сәуірде пайдалануға беруі тиіс еді. Бірақ, осы күнге дейін бірде-біреуі бітпеген. Неге жұмыс сағызша созылып кеткен? Бұл жайлы әкімдіктегілер не дейді?

Подробнее...

Карантинде бірқатар әнші келін атанды

Бірқатар эстрада жұлдызы карантинде келін атанды. Орамалды болғандарын айтып сүйіншілеген сахна еркелері Қазнеттегі пікірді қақ айырды. Бірі оларға бақыт тілесе, енді бірі «өнерден қол үзіп кетпей ме» деп алаңдауда. Танымал әншілердің өміріндегі өзгерістер жайлы әріптестері не айтар екен?!

Подробнее...

Алакөлге бару үшін COVID-19-ға тест тапсыру керек

Алакөлге бару үшін анықтама керек! Шіліңгір шілдені шығыстағы шұрайлы көлге шомылып өткізуді жоспарлағандар болса, мынаны ескеру керек! Биыл Алакөлдің жағасындағы демалыс аймақтарына коронавирус жоқ деген анықтамамен ғана кіргізеді. Шығыс Қазақстан облысы Бас санитарлық дәрігері Марат Исмаиловтың айтуынша, ол қағазды алғаныңызға жеті күн өтіп кетпеуі керек және бір отбасынан бір адам COVID-19-ға тест тапсырса жеткілікті.

Подробнее...

Лоторея туралы заң қабылданды

Парламент «Лоторея туралы» заңды қабылдады. Сенаттың бүгінгі жалпы отырыста Мәдениет және спорт министрі Мәжілісте әбден талқыланып, жоғары палатаға жеткен құжатты тағы бір таныстырып, бірқатар талаптарды жария етті. Енді оңды-солды лоторея ойнату былай тұрсын, оны жарнамалаудың өзіне тыйым салынбақ. Бұл жұмыспен тек арнайы рұқсаты бар мекемелер ғана айналыса алады. Ал, заңды елемей лоторея өткізуге бел буғандары әкімшілік жауапқа тартылатын болды.

Подробнее...

Мүгедек балаларды ұрған тәрбиешілердің ісі сотқа жетті

Мүгедек балаларды ұрып-соғып, қорлаған қатыгездердің ісі сотқа жетті. Атырау қаласының № 2 соты бір жылдан астам уақыт тергелген атышулы істі қарауды бастады. Ол облыстық ақыл-ойы кем балаларға арналған интернат қызметкерлерінің тәрбиеленушілерге көрсеткен қорлығына байланысты. Олар дұрыс сөйлей де, ешкімге шағым айта да алмайтын тілінің мүкісі бар кішкентайларды ұрып-соғып, жұмысқа жекті деп айыпталып жатыр. Әу баста күдік 5-6 адамға түскен еді, …

Подробнее...

Жаңа оқу маусымы қашықтан оқытылып басталуы мүмкін

Жаңа оқу маусымы қашықтан оқытумен басталуы мүмкін. Білім және ғылым министрі мұны жоққа шығармай отыр. Ал биылғы түлектерге 53 мың грант беріледі. Өткенге қарағанда өскен. Мұғалімдердің жалақысы да рет-ретімен көтеріліп, күніне тек екі ғана қағаз толтыратын болады. Бұл бүгін еліміздің бас мұғалімінің халық алдында онлайн есеп беруінде айтылған шаруалардың бір парасы ғана. Асхат Аймағамбетов тағы не айтты?

Подробнее...

Аттракциондар қашан ашылады?

Саябақта орналасқан аттракциондар қашан ашылады? Осылай өздерінің өтініштерін айтып, қаражатсыз қалғандарын жеткізген бір топ жалға алушылар Алатау баурайында шу шығарды. Сегіз айдан бері тірліктері жабулы тұрған кәсіпкерлер уақыттың тым аз екендігін жеткізуде. Өйткені маусыммен жұмыс істейтіндіктен, енді бар болғаны 4-5 айдан кейін тағы да ұзақ мерзімдік демалысқа шығып кетуіміз мүмкін дейді.

Подробнее...

Жаңадан төселген асфальт үгітіліп жатыр

Іс бітті, қу кетті! Шымкентте жаңадан пайдалануға берілген жолдардың сапасы сын көтермейді. Жерге төселген асфальттердің екі шеті күн өткен сайын үгітіліп, кейбір тұсы көтеріліп жатыр. Бірақ, мұндай олқылық мердігерге көрінер емес. Олар атқарған жұмыстың барлығы талапқа сай деумен келеді. Ал, көше тұрғындары болса, қазына қаржысына салынған жолдардың сапалы болғанын қалайды.

Подробнее...

Түлектер ішімдікке қоса, психотропты заттарды да пайдаланған тәрізді

Мектеп бітіру кештерінде дарақылықтың неше атасын көрсететін түлектер биыл да әдеттен озбады. Кортеж ұйымдастырып, коттедж жалдады. Керек десеңіз, араларында мектептегі соңғы күндерін соңғы рет қыдырғандай өткізіп, ішімдікке сылқия тойып алып, заң бұзғандары да жоқ емес. Карантин кезінде кеш ұйымдастырған түлектер тіпті арнайы рейд ұйымдастырған полиция қызметкерлерінің қолына түсіп, бөлімшеден бір-ақ шықты.

Подробнее...

Тойсыз тұрмысымыз төмендеп кетті

Карантин қажытқан тойхана иелері шынын айтты. Отбасылық мерекелерді жасауға рұқсат беруді сұраған кәсіпкерлер Қазақстанның түкпір-түкпіріннен бас көтеріп жатқандығы белгілі. Сондай азаматтардың біршамасы Түркістан облысы әкімдігінің маңында да шу шығарды. Әрқайсымыз кемінде 30-40 адамға жұмыс беріп отырмыз дегендердің сөзі қаншалықты рас? Солай болса, ол кәсіпкерлер салық органдарына неліктен жалған ақпарат береді? Бұл туралы Салық органдары не дейді?

Подробнее...
X