14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Ашаршылықты әлемдік деңгейде «геноцид» деп мойындату керек!

Ашаршылықты әлемдік деңгейде «геноцид» деп мойындату керек! Большевиктердің тоталитарлық билігі ұйымдастырған қазақ жеріндегі жауыздықты Біріккен ұлттар ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, АҚШ Конгрессі, Еуропарламент сияқты халықаралық ұйымдар деңгейінде «ресми түрде қасақана жасалған қырып-жою» деп құқықтық баға беру қажет! Мәжілісінің отырысында «Ақ жол» партиясының өкілі Берік Дүйсенбинов Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа осындай депутаттық сауал жолдады. Ақжолдықтар ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін …

Подробнее...

Ақтөбелік зауыт: тағы бір жұмысшы қайтыс болды

Ақтөбеде зауытта жарақат алған тағы бір жұмысшы қайтыс болды. 32 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде жатқан болатын. Денесінің 65-80 пайызын күйік шалған пациентті аман алып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер оның ес-түсі болғанымен, басы мен беті, аяқ-қолы, тыныс алу жолдары буға әбден күйіп қалғанын айтты. Шоктан арылып, беті бері қарағаннан кейін емін жалғастыру үшін республикалық орталыққа тасымалдауды жоспарлаған екен.

Подробнее...

Тоқаев: Қазақстан Ресей мен Беларусь одағына қосылмайды

Қазақстанның Ресейге қосылатын жоспары жоқ. Біз Одақтас елдермен, яғни Ресей мен Беларусьпен бірікпейміз. Көрші елдің «Комсомольская правда» басылымына сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президенттің айтуынша, бізді Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін барынша пайдалану мәселесі қызықтырады.

Подробнее...

Бозбаланың өлімі: жаңа деректер

Шымкенттегі дүйім жұртты дүрліктірген бозбаланың өліміне енді дәрігерлер жауап беруі мүмкін. Бұған марқұмның ағасы жазған Фейсбуктегі пост себеп болып отыр. Ал қылмысқа қатысты бес күдікті бүгін ұсталыпты. Олардың арасында депутаттың інісі де бар деген ақпарат тарауда. Бұл қаншалықты рас? Ақ халаттылардың кінәсі не? Медицина қызметкерлері өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын неге білмейді?

Подробнее...

Көкжайлау қорғауға алынады

Басынан дау арылмаған Көкжайлауға ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі қайтарылады. Бұл туралы Мәжілісте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заң жобасын қарау барысында белгілі болды. Төменгі палата депутаттары құжатқа біраз өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Әуел баста Көкжайлауға жерге 230 миллион долларға бағаланған курорт салынуы тиіс еді. Бұдан былай парктің жайы не болмақ?

Подробнее...

Полигоннан тұншыққан ауыл: малдың өлексесіне дейін тастайды

https://youtu.be/CbKHtUfAzg4 Түтінге тұншыққан ауыл. Табиғаты әсем Қорғалжын тұрғындары елдімекен маңындағы қоқыс полигонымен күресіп әлек. Жылдар бойы жиналған қалдықтар әбден шіріп, одан қалды күні-түні өртеніп жатады екен. Содан шыққан қолқаны қабатын иіс ауыл ішіне кіріп, тұрғындар демалу мүмкін емес, — дейді. Қоқыстан бөлек полигонға малдың өлекселері тасталандықтан, бұл жер жабайы аң-құстардың мекеніне айналған.

Подробнее...

Вирус жұқтырғандар науқастарды, мәйіттерді тасығандар үстемақы алмаған

Не ақша бермейді, не үйге жібермейді. Нұр-Сұлтандағы фтизиопульмонология орталығында, яғни тубдиспансерде карантинде жатқан 40-қа жуық қызметкер бүгін біздің тілшілермен тығылып тілдесуге мәжбүр болды. Өйткені басшылық базынасын айтқан жұмысшыларына «мәселелеріңді әне шешем, міне шешем» деп басу айтып келген. Бірақ шыдамның шегі жетіп, бар түйткілді тарқатып берді. Айтуларынша, коронавирус жұқтырған науқастармен тікелей қарым-қатынас жасаса да, мемлекет уәде берген ешқандай үстемақы алмаған. Үстемақы …

Подробнее...

Моншаны ашқанда, неге тойхананы ашпайды?

Қоғамдық монша, спа-салон, сауда орталықтары, базарлар мен спорт залдар жұмысын бастағанда, мейрамханалар неге жабық болуы керек? Бұл сұрақ қазір жұмыссыз қалған мыңдаған той бизнес өкілін мазалап жүр. Үш айдан бері тойларын кейінге шегеруге мәжбүр болып жүрген халық та, банкет залдарының қашан ашылатынын асыға күтуде. Бүгін той саласының қызметкерлері бас қаладағы әкімдіктің алдында жиналып, базынасын айтты. Сонымен асабалардың әзілін тыңдап, сағаттап …

Подробнее...

Түлектер аттестаттарын алды

Көңілсіз түлектер, күтпеген қоштасу! Елімізде пандемияның беті қайтпаса да түлектер мектеп бітіргендерін растайтын аттестатты қолдарына алды. Олар өздері білім алған орданың ауласына жиналып, 1 метр ара қашықтықты сақтай отырып, шағын жиын өткізді. Алайда, мектеп бітірушілердің көңілі күпті. Олар жылдағыдай аста-төк кештер мен түнгі қыдырыстың болмағанына қынжылады.

Подробнее...

Жұмыссыздар саны артады

Елімізде жыл соңына дейін жұмыссыздар саны артады. Оның себебін төтенше жағдаймен түсіндірген Біржан Нұрымбетов жұмыссыздық деңгейін 6,1 процент төңірегінде сақтап қалуға тырысатындарын жеткізді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мәліметінше, карантиннің кесірінен екі ай бойы 4 млн-нан аса адам табыссыз жатты. Шектеулерді кезең-кезеңмен жеңілдетудің арқасында бұл көрсеткіш мамыр айында 1 млн адамға кемуі тиіс. Ал жыл біткенше мемлекеттік бағдарламалардың аясында …

Подробнее...
X