0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Комадағы жұмысшының бірі есін жиды

Алматыда кәріз құбырына түсіп уланып, комаға түскен екі жұмысшының бірінің беті бері қарады. №7 қалалық ауруханаға ауыр халде жеткізілген азаматтар бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алдыру апаратына қосылған болатын. Жасалған ем-домның нәтижесінде 25 жастағы Нұржан Қалыбай есін жиып, өз бетінеше тыныс ала бастаған. Ал 42 жастағы Асқар Қайназаров әлі комада, жағдайы ауыр екен. Естеріңізге сала кетске кеше «Алматы су» …

Подробнее...

Індет жұқтырғандардың 80 пайызы симптомсыз ауырып жатыр

Елімізде індет жұқтырғандардың 80 пайызында вирус еш сиптомсыз өтіп жатыр. Ғалымдар мұны бала кезде алатын екпемен байланыстырып отыр. Дер кезде салынған вакцина дертке қарсы күресетін иммунитет қалыптастырады дейді. Әріптесім дәрігерлерді әңгімеге тартып, мән-жайды толығырақ біліп көрді.

Подробнее...

Қала аумағына кіргенімен, өркениеттен жұрдай

Қала аумағына кірсе де, ауылдың күйін кешкен тұрғындар арнамыздан көмек сұрады. Алатау ауданына қарасты елдімекендегілердің шыдамы шегіне жеткен. Өйткені, мұндағы коммуникацияның барлығы жекенің қолына өтіп кетіпті. Соның кесірінен, тұрғындар бау-бақшаларын түнгі 3-те суарып, кейде мал жуынатын құдықтан өздері су ішеді екен. Жол азабы тағы бар. Алматының іргесінде тұрып, мұндай сұмдыққа тап боламыз деп ойламаған жандардың жанайқайына қатысты біз әкімдіктен жауап …

Подробнее...

Жарығы, су мен газы жоқ ауыл

Айдалада ақ отау, суы, газы жоқ отау! Ақтөбеде жылдар бойы кезекте тұрып, әрең дегенде он сотық жеріне қол жеткізген тұрғындардың көңілдері су сепкендей басылды. Өйткені, жер телімі берілген Қурайлы 2 ауылы коммуникациялық желі атаулыдан жұрдай болып шықты дейді. Көгілдір отын былай тұрсын, халық күні кешеге дейін ұялы телфонның жарығымен амалдап келгендерін айтты. Мәселе қашан шешіледі?

Подробнее...

Соққыға жығылған бозбала ауруханада көз жұмды

Шымкентте соққыға жығылған бозбала ауруханада көз жұмды. Басынан ауыр жарақат алған Абзал Ұтқыров он тәуліктен бері балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесінде ес-түссіз жатқан болатын. Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасағанымен, оны өлімнен арашалап алып қала алмады. Енді қара жамылған отбасы кінәлілердің қатаң жазаға тартылуын қалап отыр. Алайда, қалалық прокуратура мен полиция департаменті бұл іске қатысты ешқандай мәлімет берер емес. Сондықтан, марқұмның туыстары …

Подробнее...

Үлескерлер: 5 жылдан бері ақшамызды қайтара алмай жүрміз!

Елордалық үлескерлер де әлі ұлардай шулап жүр. 5 жылдан бері «Жағалау-4» тұрғын үй кешеніне қаражат құйған бес жүзге жуық отбасы, жалпы сомасы шамамен 4 миллиард теңгеден асатын қаражатын қайтара алмай әлек. Үй уақытында салынбаған соң азаматтар құрылыс компаниясынан күдіктене бастаған. Амалы құрыған соң біздің арна тілшілерін шақырып арыздарын айтты.

Подробнее...

Армениялық көліктерді тіркеу басталды

Елімізде Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу басталды. Бірінші қыркүйекке дейін барлық автокөліктер тіркеуден өтулері тиіс. Бастапқыда шу шығарып, оны заңдастыруды талдап еткен автомобиль иелері, тіркеуге келгенде аса құлшыныс танытып отырған жоқ. Бұған не себеп?

Подробнее...

Дәретханалар мен жуынатын бөлмелерді камерадан қарап отырған

«Дәретханалар мен қыздардың жуынатын бөлмелеріне камера орнатып, үлкен экраннан бәрін көріп отырған!» Павлодар облысының прокуратурасы балаларды қолдау орталығындағы сұмдық жағдайдың бетін ашты. Мекеме басшысы Асхат Қоқымбаевтың айтуынша, бақылау камералары орталықтың бұрыш-бұрышына облыстық білім басқармасының тапсырмасымен орнатылған екен. Алайда, шаш ал десе бас алатын орындаушылар дәретхана мен қыздар жуынатын бөлмені де ұмыт қалдырмапты. Бұл орталықта кәмелет жасқа толмаған қыз балалардың да …

Подробнее...

Блокпосттар ашылды: Босаңсуға болмайды

Еліміздің басым бөлігінде блок-бекеттер алынып жатыр. Кей өңірлер түнгі 12-ден жиналса, кейібірі таң ата елді мекнедер арасын бөліп тұрған постарды аша бастаған. Екі айлық кезекшілік нәтижесінде бірқатар қызметкер марапатталды. Ең бастысы адамдар мәз. Қала арасында еркін қатынайтын болдық деп. Бірақ босаңсуға әлі негіз жоқ дейді тәртіп сақшылары.

Подробнее...

Блокпосттар алынып, халықтың қуанышында шек жоқ

https://youtu.be/ZXwj4NRcjXI Еліміздің ең үлкен мегополисінде де блок-бекеттер алынды. Қалада қайтадан кептеліс. Алайда, кіреберісінде ешқандай тосқауыл жоқ. 2-3 шақырым жерді төрт-бес сағаттап жүріп өтетін жүргізушілер енді еркін жүруіне мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар, бұл төте жол тауып, тығылып кіріп-шығып жүргендер үшін де тиімді болғандай.

Подробнее...
X