Қала арасындағы блок-бекеттер алынған соң, ізін ала, пойыздар іске қосылды. Бүгін еліміздің түкпір-түкпіріне жолаушылар мінген 54 құрам шойын жолмен діттеген жеріне аттанды. «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» бағыты бойынша қатынайтын пойыз ұзақ уақыт үзілістен соң, жолға шыққан алғашқы құрам ретінде ел тарихына енді. Ал, вокзалға бұдан былай тек қолында билеті бар азаматтар ғана кіруге құқылы. Шығарып салушы, күтіп алушылар кешенге жіберілмейді.
Подробнее...Новости
АҚШ-тағы ереуілдер Еуропаға да жетті
АҚШ-тағы толқулардың толқыны Еуропаға да жетті. Қара нәсілді жігіттің қазасына кәрі құрлық та наразы. Берлин мен Лондон жұрты жаппай шерулетіп жатыр. «Бізді өлтіру доғарылсын!», «Енді кімнің мойнын аяқпен басасыңдар?» деген сияқты плакаттарды ұстап мыңдаған адам АҚШ елшіліктерінің алдына жиналды. Дәл осы сәтті ұтымды пайдаланғандар да жоқ емес! Отқа оранған мемлекеттік нысандар мен тоналған дүкендердің санында шек жоқ! Қазірдің өзінде жаппай …
Подробнее...Өткенге қайта үңілу
Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын толық аяқтауымыз керек. Күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде осылай деді. Мемлекет басшысы мемлекеттік комиссия құрылатыны туралы да ескерді. Өткен күнге көз тіксек бұл тақырыпқа 1993 жылдан бері жөнді көңіл де бөлінбеген екен. Ештен кеш жақсы. Аталған жұмыстар қалай жүргізіледі? Комиссия құрамына кімдер кіруі тиіс?
Подробнее...Балалар күні қалай атап өтілуде?
Бүгін Балаларды қорғаудың халықаралық күні. Әдетте, осы уақытта қаланың бас алаңдарында жұрт боп, мерекені дүрілдетіп тойлаушы ек. Биылғы жағдайға байланысты мейрам басқа форматта өтіп жатыр. Десе де, қай ата-ана баласының көңілін жыққысы келеді. Әркім бұл күнді естен кетпестей өткізуге ынтық.
Подробнее...Шымкентте тойхана әкімшілері мен шоу-бизнес өкілдері бас көтерді
Шымкентте тойхана әкімшілері мен шоу-бизнес өкілдері бас көтерді. Олар қаланың Бас санитар дәрігерінің қаулысына қарсылық білдіріп, карантин талаптарына өзгертулер енгізілсін деп етіп отыр. Екі-үш айдан бері жұмыстары кенжелеп қалған олар, күнделікті табыстан қағылып, тұрмысымыз күннен-күнге кері кетіп барады дейді. Ал, 1 маусымнан бастап ашылатын нысандар қатарында тойхана мен той салондары жоқ екен. Амалы таусылғандар әкімдік алдына жиналды.
Подробнее...Екі адам кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалды
Алматыда жол бойындағы кәріз құдығына жұмыс істеу үшін түскен екі адам есінен танып құлады. Құдық ішіндегі батпақта ес-түссіз жатқан жұмысшыларды Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері көріп қалған. Дереу екеуін сыртқа алып шығып, өмірлерін сақтап қалды. Оқыс жайт Наурызбай ауданында болған. Ол жерде газ құбыры болды.
Подробнее...Дәретханалар мен жуынатын бөлмелерді камерадан қарап отырған
«Дәретханалар мен қыздардың жуынатын бөлмелеріне камера орнатып, үлкен экраннан бәрін көріп отырған!» Павлодар облысының прокуратурасы балаларды қолдау орталығындағы сұмдық жағдайдың бетін ашты. Мекеме басшысы Асхат Қоқымбаевтың айтуынша, бақылау камералары орталықтың бұрыш-бұрышына облыстық білім басқармасының тапсырмасымен орнатылған екен. Алайда, шаш ал десе бас алатын орындаушылар дәретхана мен қыздар жуынатын бөлмені де ұмыт қалдырмапты. Бұл орталықта кәмелет жасқа толмаған қыз балалардың да …
Подробнее...1 маусымнан бастап барлық блок-бекеттер ашылады
Көптен күткен жаңалық! Еліміздегі барлық блок бекет 1 маусымда ашылады. Бұл жөнінде Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлімдеді. Жол ашылған соң, сәйкесінше азаматтар өз көлігімен басқа қалаға қатынай алады. Ал, 5 маусымнан бастап қалааралық автобустар жүреді. Жолаушылар тасымалына жауаптылар алыс жолға шығатын көліктердің салонын ұдайы дезинфекциялап отыруға міндеттелді. Медициналық маска мен антисептиктер де ұмыт қалмауы тиіс. Айта кетейік, елімізде …
Подробнее...Ұлымның жұмыстан өз еркімен кеткенін енді білдім!
«Жұмыстан өз еркімен кеткенін енді білдім». Алматыдағы блок-бекеттегі апатқа кінәлі азаматтың әкесі жаңа мәлімдеме жасады. Көз жасына ерік берген Талғат Мұқашев марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, барша қазақ елінен кешірім сұрады.
Подробнее...Иранда әкесі 14 жасар қызын жауыздықпен өлтірген
Иранда туған әкесі 14 жастағы қызын асқан жауыздықпен өлтіріп тастады. Сұмдық оқиға Талеш қаласында болған. Жергілікті басылымның мәліметінше, қатыгез ер адам ұйықтап жатқан жасөспірімнің басын орақпен шауып тастаған. Ромина Ашрафи қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын 35 жастағы сүйіктісімен үйінен қашып кетіпті. Қыздың әкесі олардың қарым-қатынасына қарсы болған екен. Жасөспірімді тауып алған полиция оны отбасына табыстаған. Бірақ оқушы қыз тәртіп сақшыларына …
Подробнее...






