«Жұмыстан өз еркімен кеткенін енді білдім». Алматыдағы блок-бекеттегі апатқа кінәлі азаматтың әкесі жаңа мәлімдеме жасады. Көз жасына ерік берген Талғат Мұқашев марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, барша қазақ елінен кешірім сұрады.
Подробнее...Новости
Иранда әкесі 14 жасар қызын жауыздықпен өлтірген
Иранда туған әкесі 14 жастағы қызын асқан жауыздықпен өлтіріп тастады. Сұмдық оқиға Талеш қаласында болған. Жергілікті басылымның мәліметінше, қатыгез ер адам ұйықтап жатқан жасөспірімнің басын орақпен шауып тастаған. Ромина Ашрафи қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын 35 жастағы сүйіктісімен үйінен қашып кетіпті. Қыздың әкесі олардың қарым-қатынасына қарсы болған екен. Жасөспірімді тауып алған полиция оны отбасына табыстаған. Бірақ оқушы қыз тәртіп сақшыларына …
Подробнее...Павлодарда бала ұрламақшы болды
Павлодарда далада жүрген баланы белгісіз біреу анасының көзінше ұрламақ болды. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған күдіктінің видеосы Facebook-те жарияланды. Видео авторының сөзінше, оқиға 18 мамыр күні кешкі сағат жетілер шамасында болған. Беймәлім ер адам жеткіншекті тығылып отырған жерінен тауып алып, оның анасы және тағы бір куәгердің көзінше ұрлауға әрекеттенген. Мұны көрген келіншек оқиға жайлы бірден полицейлерге хабарлапты. Жағдайды жіті тексерген тәртіп …
Подробнее...Іле Aлатауы ұлттық паркі 49 жылға жекеге берілді
Іле Алатауы ұлттық паркінің 35 гектар аумағы жекеге берілді. Ең күмәнді тұсы тендерге бір ғана компания қатысып, жеңіп алған. Алма Арасан, Үлкен Алматы көлі, Есік және Солдан шатқалдары сынды табиғат жауһарларын 49 жылға жеке алған кәсіпкердің эко туризм саласында мүлде тәжірибесі жоқ. Алайда салаға жауапты министрлік оған шаң жуытпай отыр. Қомақты қаржы құюды жоспарлап отырған кәсіпкер 10 жылдың ішінде туристер …
Подробнее...Зауыттағы апатқа кім кінәлі?
Жығылғанға жұдырық болды! Ақтөбедегі хром қосындылары зауытында 4 бірдей жұмысшының қазасынан кейін марқұм Орынбасар Бисембиннің туған ағасын тергеу изоляторына қамап тастаған. Қайғыдан қан жұтқан отбасы неден күдіктенеді? Цех қызметкерінің өз інісін қасақана өлтіруі мүмкін бе? Апаттан зардап шеккен тағы екі жұмысшының жағдайы қалай?
Подробнее...Байдың балаларына оқу гранты берілмесін!
«Мемлекеттік оқу гранты — кедейдің несібесі! Ал, ақылы білім алуға жағдайы жететіндер, конкурсқа қатыспасын!» Соңғы күндері көптің қызу талқысына түскен бастама осы. Оны көтерген — белгілі кәсіпкер Асылбек Қожахметов еді. Ал оған қоғам не деп жауап берді дейсіз ғой? Ұлттық сенім кеңесінің мүшесіне халық «Олай болса, ЖОО-ның ақысын төлеп, балаларды өзің оқыт» деді. Өз пікірін білдіргендердің қатарында танымал тұлғалар да …
Подробнее...Бізді құрылыс компаниялары алдап кетті
Алып үйлердің арасындағы алақандай алқап. Астана арқаға көшкенде жер үйлердің денін құрылыс компаниялары сатып алып, орнына биік ғимараттар сала бастады. Алайда, жеке сектор иелерінің бәріне бірдей мұндай бақыт бұйырмады. Арнамызға хабарласқан елорданың оң жағалауындағы тұрғындар, «бізді құрылыс компаниялар алдап кетті» деп шағым айтты.
Подробнее...Зұлмат жылдардың зардаптары
31 мамыр – Кеңес үкіметінің қарамағынан шыққан елдер үшін азалы күн. Халық жаппай саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алады. Сталин режимінің сұрапыл саясаты миллиондаған адамның жазықсыз жанын алды. Ұлтымыздың зиялы азаматтары, олардың жарлары мен жақындары, балалары атылды. Қазақты қынадай қырған ашаршылық құрбандарын да еске аламыз бұл күнде.
Подробнее...Жасөспірімдер күйзелісте жүр
Еліміздегі әрбір бесінші жасөспірімнің бойынан депрессия белгілері байқалады. Бұл туралы Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Олар жастармен тілдесіп тест жүргізген екен. Нәтижесі көңіл көншітерлік емес. Жалпы, бұрыннан бар ғой. Жасөспірімдер тұйықталып, я қандай да бір сынақта сынып қалып жатса, бәріміз бірауыздан өтпелі кезең ғой деп кесе саламыз. Бірақ оның психологиялық астарына үйңіле бермейміз. Жас буынның жан дертіне душар болуына не …
Подробнее...Пандемия кезінде пойыз вагондарындағы талап қандай?
1 маусымнан бастап елімізде пойыздардың қозғалысы қайта жанданбақ. Пандемияның беті қайтпаса да, халықтың сұранысына орай осындай шешім қабылданды. Бірақ, жолға шығар алдында бес қаруыңыз сай болсын. «Бес қару» деп отырғанымыз бетперде, қолғап, антисептик сынды сақтық шаралары. Вокзалдар мен вагондардағы өзге де талаптар туралы тілшіміз сабақтайды.
Подробнее...






