Теміртауда жолдан шығып кеткен жолаушылар автобусы жардан құлады. Салонда отырған 19 жолаушының бесеуі зардап шеккен. Белгілісі, қоғамдық көліктің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Оқиға видеосын әлеуметтік желіге жариялаған куәгерлердің дерегінше, жол апатына көлік тежегішінің істен шығуы және рөлдегі ер адамның жүрек талмасы ұстап қалған да болуы мүмкін. Бұл факті бойынша қазір тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Подробнее...Новости
Тұрғын үй құрылысы операторлары біріктіріледі
Еліміздегі тұрғын-үй құрылысы операторларының саны қысқарады. Осындай өзгеріс енгізілген заң жобасын екінші оқылымында сенат депутаттары мақұлады. Бұдан былай қазақстандықтардың баспана мәселесін шешуі үшін құрылған «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «Бәйтерек девелопмент» және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» өзара біріктірілмек. Осылайша, «Бірыңғай тұрғын-үй құрылыс операторына» айналады. Депутаттардың айтуынша, бұл қадам «Ұлттық басқарушы «Бәйтерек» холдингінің үш бірдей еншілес ұйымының қызметіне кетіп жатқан мемлекет …
Подробнее...Әскерге шақырылғандар тест тапсырып, карантинге жатқызылады
Қарулы күштер қатарына шақырылған сарбаздар әскери бөлімге келген соң тест тапсырып, 14 күнге карантинге жатқызылады. Ант қабылдау рәсіміне ата-аналары қатыстырылмайды. Қазір карантинге қарамастан елімізде кәмелет жасына толған азаматтарды қарулы күштер қатарына іріктеу науқаны қызу жүріп жатыр. Мәселен, биылдың өзінде 17 мың бозбала қолына қару алып, арнайы дайындықтан өтеді деп жоспарланып отыр. Әскерге шақырылғандардың қатарында қала тұрғыны Абай Үмбет те бар. …
Подробнее...Оффшорға қаржы шығару заң бойынша қылмысқа жатпайды
Шетелдегі оффшорлық есепшотқа қаржы шығару заң бойынша қылмыс санатына жатпайды. Ал, егер де осындай былық ашылып, іс сотқа дейін жетсе де, қомақты соманы Қазақстанға қайтару жолы бізде қарастырылмаған. Осындай депутаттық сауалын әрі назын сенатор Ольга Перепечина Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа жолдады.
Подробнее...37 млн доллар: 5 мың адам қаржы пирамидасына алданды
Елімізде тағы 5 мың адам қаржы пирамидасынының құрбанына айналды. Жалған жарнаманың жетегінде кеткен азаматтар аталған ұйымға 37 миллион долларын өз қолдарымен апарып санап берген. Салымшыларға ай сайын салған соманың 30 пайызы көлемінде инвестициялық табыс уәде етілген. Оңай табысқа кенелеміз деген мыңдаған қазақстандық несие алып, көлігін, тіпті пәтірін сатып инвестициялық компания құйған. Кей азаматтан 200-300 тіпті 500 мың доллар салғандар бар. …
Подробнее...Карантиндегі ауыл: суға түспегенімізге екі ай болды!
Қостанай облысында бір айға жуық уақыт өтсе де, 17 жастағы бозбала табылар емес. Үйіндегілерге балыққа кеттім деген Руслан Жұбанышев отбасына қайта оралмаған. Оны жақындары мен құзырлы органдағылар қанша іздесе де, еш нәтиже жоқ. Бірақ күн өткен сайын бұл жағдайға қатысы күдікті деректер де пайда болуда. Колледж студенті іЗ-түссіз қайда кетуі мүмкін? Жергілікті әкімнің баласының бұл оқиғаға қатысы қанша?
Подробнее...Карантиндегі ауыл: суға түспегенімізге екі ай болды!
«Суға түспегенімізге екі ай болды! Ал балаларымыз сабақты шатырға шығып оқып, аяқтады! Ақтөбеде бүтін бір ауылың тұрғындары блок-бекетті алып тастауды сұрап отыр. Осылайша, олар облыс орталығына емін-еркін кіріп-шыққылары келеді. Өйткені ауылда не дүкен, не дәріхана жоқ. Ал құрылыс материалдарын тасып алайын десе, жеке көліктер бағаны аспандатып жібергенін айтады. Карантиннің тәртібіне бағынғысы келмеген қай ауылдың тұрғындары? Шенділер елдің өтінішін еледі ме?
Подробнее...Дәрігерлердің жалақысы артады
Ауқатты азаматтардың баласы грантқа таласпауы керек. Тегін білім жағдайы төмен отбасыдан шыққан түлекке бұйырғаны жөн. Ал жоғары оқу орындары мемлекеттік және жеке меншік емес, жаман-жақсы деп бөлінуі тиіс. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы білім және денсаулық сақтау саласына арналды бүгін. Жалақы, шәкіртақы біраз өсетін болды.
Подробнее...Депутат: «Даму» қоры жұмысын атқара алмай отыр
«Даму» қоры өзінің қарапайым қызметтерін атқара алмай отыр. Онысымен қоймай мемлекетке қыруар шығын әкелуде. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Аманжан Жамалов кәсіпкерлерді қолдайтын қордың жұмысын сынға алды. Депутат карантин уақытында шағын және орта бизнес қызметінің құрдымға кеткенін айта келе, осындай қысылтаяқ шақта бизнес өкілдері «Даму» тарапынан тиіттей де пайда көрмегенін алға тартты.
Подробнее...Блок-бекеттегі сұмдық: 3 адам жұмыстан қуылып, бірқатары «қатаң сөгіс» алды
Алматыда блок бекеттегі қайғылы жағдайға жол берген 3 лауазымды тұлға жұмыстан қуылды. Ал, 6 басшы тәртіптік жазаға тартылды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Алматы қалалық полиция департаментінің патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Қуаныш Сатаев, департаменттің кадрлық саясат басқармасының басшысы Олжас Мырзабеков және жеке құрам бойынша инспекция басшысы Арнұр Ақылбеков қызметінен босатылды. Өзіне сеніп тапсырылған жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін қалалық …
Подробнее...






