18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

«Нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді» деп айыпталғандарға қатысты сот отырысы басталды

Атырауда «нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді» деп айыпталған дәрігерлерге қатысты сот отырысы басталды. Негізгі айыпталушылардың қатарында 6 ақ халатты. Оның ішінде облыстық перинаталдық орталықтың басшысы Қуаныш Нысамбаев бар. 7 айға созылған тергеу жұмыстары аяқталып, күдіктілер фемида өкілдерінің алдында жауап беруде. Сотқа тартылған куәгерлер тым көп болғандықтан, отырыс видеобайланыс арқылы өтеді деп жоспарланған екен. Бірақ, техникалық ақауларға байланысты ол мүмкін болмапты. Сондықтан, …

Подробнее...

Тараз: автобус жүрсін, базар ашылсын!

Автобус жүрсін, базар ашылсын! Екі ай үйде отырып, табысынан қағылған жамбылдық саудагерлер бүгін бас көтеріп, осындай талаптарын жеткізді. Өзге өңірлерде базарлардың қайта ашылғанын естіген Тараздағы ағайын әкімдіктің алдына жиналып, атқамінерлердің жауап беруін сұрады.

Подробнее...

Балабақшалардың ашылу уақыты кейінге қалды

Еліміздегі балабақшалардың ашылу уақыты тағы кейінге қалдырылды. Оған себеп, Оралдағы тәрбиешілерден вирустың табылуы. Елорда әкімі Алтай Көлгінов мектепке дейінгі мекемелерді ашсақ, инфекция жұқтырғандардың саны артып кетуі мүмкін екенін айтады. Сол себепті, осындай шешімге келіпті. Ал, республика бойынша 400 мыңға жуық бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған жекеменшік балабақшалар толыққанды жұмысқа кіріспесек, банкрот боламыз, — дейді.

Подробнее...

Саяси реформалар

Бұдан былай 20 мың қол жинап, барлық талаптарды орындаған азамат партия құра алады. Бұрынғы талап бойынша кемі 40 мың қолдаушы болуы керек еді. Бұдан бөлек, жастар мен әйелдердің саяси аренадағы санын арттыру бойынша талаптар да қойылып отыр. Елімізде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңға да өзгеріс енгізілді. Бұл саяси реформалардың берері қандай?

Подробнее...

Блок-бекетті бұзып, екі адамды мерт қылған полицей болып шықты

Блок-бекетті бұзып өтіп, екі адамның өмірін қиған автокөліктің жүргізушісі де полиция қызметкері екендігі анықталды. Әуел баста бұл ақпаратты полиция департаменті растамаған болатын. Енді опат болған тәртіп сақшысының жұбайы әділ соттың өтуін сұрайды. Тіпті, жұмысқа кетер алдында ішетін тамағына дейін әзірлеп бергенін жеткізді. Ал БМВ тізгінінде болған Азат Азаматовтың көршісі оның полицияда қызмет атқарғанын, қызметтік көлікпен келіп жүргенін айтады.

Подробнее...

Облыс орталығында отырып, суды тасып ішуге мәжбүр

Қаланың қақ ортасында қурап отырмыз. Түркістан қаласындағы 30 шақты үй бірнеше жылдан бері мөлдір суды қанып ішкен емес. Ит тұмсығы өтпейтін қалың орманның ар жағындағы ат тұяғы жетпейтін алыс ауыл болса, өкпе жоқ. Білдей бір облыс орталығы саналатын, туристік қала болып есептелетін көне шаһар үшін бұл сорақылық. Тұрғындар амалсыз құдық қазып, егін салсаң ол да өспейтін, құйып берсең мал да …

Подробнее...

Түркістандық әйел 23 жыл бойы құжатсыз жүр

Түркістан облысында 23 жылдан бері құжатсыз жүрген келіншек табылды. 43 жастағы тұрғын осы уақытқа дейін, өртеніп кеткен төлқұжатын қайта рәсімдей алмай жүр екен. Оның сөзінше, тілдей құжатсыз күнделікті жұмыс түгілі, тұрақты тіркеуге де тұра алмай, әбден қиналған.

Подробнее...

Елордада автобуста маскасыз жүргендер көп

Маскасыз кірмейсіз! Қоғамдық көліктер жұмысын бастағалы елордалық жолаушыларға қойылған басты талап осы ғана болды. Алайда оған да құлақ аспай жатқандар әлі көп екен. Бұған астаналық жолаушылар тасымалы компаниясының қызметкерлері қала автобустарында арнайы рейд жүргізу барысында көз жеткізген. Жалпыға ортақ тәртіпке бағынбағандарға бірден шара қолданылды. Мамандар маскасыз жүріп, айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндірген жандардан автобустан шығып кетуін сұрады.

Подробнее...

Мүгедек бойжеткенді 3 ер адам зорлаған

17 жастағы мүгедек бойжеткенді 5 күнде 3 түрлі ер адам зорлаған. Бұл оқиғаның болғанына бір жылға таяу уақыт өтсе де қылмыстық іс толықтай ашылмай келеді. Азаматша былтыр, 13 тамыз күні емханаға барар жолда адасып кетіп, жолай кездескен тұрғындардан көмек сұрайды. Қыздың ақыл-есінде кемістік барын байқаған бейтаныс жігіт оны өзімен ерітіп әкетіп, қорғансыз қызға білгенін істепті. Психологиялық зақым алған мүгедек бойжеткен …

Подробнее...

42 500 теңгені ала алмағандарға не істеу керектігін айтты

42 500 теңгелік төлемге қатысты сауал көбейе түскен соң, Еңбек министрлігінің өкілдері арнайы брифинг өткізді. Өтініш беріп, көмекті ала алмай қалғандарға не істеу керектігін айтты. Бұл жолы әлеуметтік көмек алушы табыстан қағылғанын дәлелдейтін құжатты тапсыруы керек. Оны алдымен аудандық штаб қарастырады. Оң шешім шықпаса, облыстық деңгейде қайта қарауды талап ете аласыз. Штаб қарастырған өтінішті Әлеуметтік сақтандыру қоры тағы бір мәрте …

Подробнее...
X