10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Үш жылдан кейін келсем, пәтерімді бөтен біреулер иемденіп алыпты

Өзге қалаға жұмысқа кетіп, өз үйіне оралған алматылық азамат адам сенгісіз айлаға ілікті. Үш жылдан кейін келген ер адамның баспанасын бөтен біреу қоныстанып алғаны былай тұрсын, жылжымайтын мүлікті өз атына аударып та үлгеріпті. Үйдің нағыз иесі олардың кетуін бірнеше рет талап етсе де, басынған жандардың көшетін түрі жоқ екен. полицияға да шағымданып үлгерген қожайын амалы құрыған соң арнамызға шығып, араша …

Подробнее...

Армян көліктерін тіркеуге рұқсат берді

Автокөлік иелері үшін жағымды жаңалық. 1 маусымнан бастап Армениядан алып келген көліктерді тіркеуге мүмкіндік берілді. Бірақ темір тұлпарларды сатуға рұқсат жоқ. Армян автомобильдерін алғандар тағы нені білуі тиіс?

Подробнее...

Су жаңа үй: сырты бүтін, іші түтін

https://youtu.be/jb7JOArOYhk Сырты бүтін-іші түтін! Ақтөбеде су жаңа үйге кіріп алған тұрғындар дүрлігіп отыр! Жобада бес қабатты деп салынған үйдің алтыншы техникалық қабатына жұрт қоныстанады дегенді естігелі тіпті маза қашқан. Іргетасы шыдас бермей, үйінді астында қаламыз ба деп үрейленіп отыр. Наразылықтарын баспананы тұрғызған компанияға айтайын десе, сөзімізге құлақ аспайтын көрінеді. Құзырлы мекемелер бұған не дейді? Сырты әп-әдемі, жап-жаңа үйдің ешқандай проблемасы …

Подробнее...

Атырауда 1,5 жасар сәби жоғалды

Атырауда жоғалған 1,5 жастағы сәби табылмай жатыр. Полиция қызметкерлері мен еріктілер екі тәуліктен бері айналаны түгел шолып шықса да, түк нәтиже жоқ. Әли есімді бүлдіршін кеше үйінің ауласында ойнап жүріп, із-түзсіз жоғалып кеткен. Сәбидің аула сыртына шығып бара жатқан сәті көрші үйдің бейнекамерасына түсіп қалыпты. Содан бері хабар-ошар жоқ!

Подробнее...

Парламентке жастар келе ме?

https://youtu.be/SqAo-AgOaiM Жастар мен әйелдер ел саясатына етене аралассын! Сенат депутаттары «Сайлау» және «Саяси партиялар» туралы заңдарды қабылдау барысында осындай шешімді бірауыздан қолдады. Екі құжатта бұдан бөлек, елде партия құрамын деушілерге жаңа талаптар да бар. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі мен саясаттанушылар не дейді?

Подробнее...

ТЖ кезінде моншаға барған прокурор қызметінен қуылды

Төтенше жағдай кезінде моншаға барған прокурор қызметінен қуылды. Бұл ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады. Айта кетейін, осыдан екі апта бұрын интернетте Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаевға ұқсас адам мен бір топ ер кісінің төтенше жағдай мен карантин кезінде моншада жүрген видеосы жарияланған еді. Ғаламторды шарлаған бейнежазбаға қатысты Бас прокуратура қызметтік тексеріс бастаған болатын. Міне, арада 14 күн …

Подробнее...

Соңғы қоңырау онлайн соғылады

Биыл 25 мамырда барлық мектептерде соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. 1 мен 10-шы сыныптарға арналған сынып сабақтары да осындай режимде өтеді. Онда әр сынып бойынша жыл қорытындысы шығарылады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, сынып жетекшілері оны қай уақытта, қалай өткізетіндерін өздері шешеді. Ал, маусымның 3-і мен 4-і күндері барлық түлектерге аттестат тапсырылады.

Подробнее...

Интернатта төрт баланың неден көз жұмғаны анықталды

Аягөздегі интернатта төрт баланың неден көз жұмғаны анықталды. Арнайы комиссия бүгін көптің талқысына түскен іске қатысты соңғы нүкте қойды. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, ұл-қыздар қызылшадан қайтыс болмаған. Олардың ішек инфекциясынан соң бақилық болғаны да расталмапты. Сонда бейкүнә балалардың өліміне не себеп?

Подробнее...

Сағаттап созылған кептеліс

Алатау баурайындағы екі айға жуық тоқтаған тіршілік қайтадан басталғандай. Жұмысы жанданған тұрғындар жапа-тармағай қалаға қарай өтуге асығуда. Алайда, діттеген жеріне дереу жету мүмкін емес. Өйткені, барлығы арнайы тексерістен өтеді. Сондықтан жүргізушілердің кезегін күтуден басқа амалы жоқ. Күнделікті бірнеше сағатын қара жолдың бойында өткізетіндер мен блок-бекеттердегі тексерістің қалай жүріп жатқандығын тілшіміз Бауыржан Жақсымбет көріп қайтты.

Подробнее...

Карантин кезінде жұмыс жасағандар бірнеше ай жалақы алмаған

https://youtu.be/NTP0_RMqnyw Өтемақы түгелі жалақыға зар болдық. Павлодарда карантин кезінде жұмысқа шыққан қонақ үй қызметкерлері тиісті еңбекақыларын ала алмай отыр. Мейманханаға оқшауланған тәртіп сақшылары мен медицина мамандарына қызмет көрсеткендері үшін олардың бас-басына 100 мың теңгеден өтемақы уәде етіліпті. Алайда өтемақы түгілі тиісті жалақыларын да жарытып бермеген.

Подробнее...
X