0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Жүргізуші куәлігі қажет болмайды

Жүргізуші күәлігі жақын уақытта қажеттілігін жоғалтады. Тоқтатқан тәртіп сақшысына сақтандыру полисі, техникалық бақылау туралы мәліметті бөлек-бөлек ұсынбаса да болады. Ішкі істер министрлігі осындай норманы ұсынуды көздеп отыр. Одан бөлек, автобөлшек саудасын қатаң бақылауға аламыз дейді. Қалайша?

Подробнее...

Мегаполистер бұрынғы тіршілігіне оралуда

Алматылықтар блок-бекеттер алынғалы қаладан шығудың қамына кіріссе, астаналықтар жаппай сауда орталықтарына ағылып жатыр. Бүгіннен бастап қаланың Бас санитар дәрігерінің қаулысымен шаһардағы ірі сауда орындары ашылды. Одан бөлек, мегаполисте қоғамдық моншалар мен сауналар да жұмысын бастады. Бұл ретте, талаптар қалай сақталуда? Екі айлық карантиннен соң шығынға батқан кәсіпкерлер тауарлардың бағасын аспандатып қойған жоқ па?

Подробнее...

Мақтааралда жаңа үйлер салынуда

Мақтааралдағы су басқан алқаптардан 900-ден астам бас малдың өлекселері шығарылды. Оның басым бөлігі Өзбекстаннан ағып келген үй жануарлары екен. Сонымен қатар, өңірде су жаңа 426 үйдің құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Подробнее...

Даудың басы – дәретхана!

Дәретханадан дау шықты! Есік алдындағы жерді бөлісе алмай, ақыры бір-бірін сотқа берген құдайы көршілер соттың шешімін естіп, тіпті есеңгіреп қалған. Енді дәрет сындыратын жер таппай қалатын болдық деп уайымдап жүр. Ал екінші қабаттың тұрғындары болса, соттыкі әділ шешім екеніне сенімді. Тараптардың тартысы немен тынды?

Подробнее...

Ұлымды өлтірген адам бостандықта жүр!

Ұлымды өлтірген адам бостандықта жүр! Осылай деп зар еңіреген ата-ана арнамыздан көмек сұрады. Түркістан облысында тіркелген қылмыс әлі күнге дейін ашылмапты. Қазығұрт ауданының күдікті 15 жастағы түрғынының кінәсі толық мойындалғанымен, оны полицейлер жазасыз жібере салған. Тіпті ол өзінің айыпты екенін мойындап та қойған екен. Сонда ұлынан айырылып, қан жұтқан отбасының талабы ескерусіз қала ма? Әлде адам өлтірген жанды бостандыққа жіберу …

Подробнее...

Тәрбиешілер мен педагогтердің жалақысына үстемақы қосылады

Биыл қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілері мен колледж педагогтерінің жалақысына 30 бен 50 пайыздың аралығында үстемақы қосылады. Мұндай жаңалықпен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бөлісті. Еліміздің бас ұстазының сөзінше, қосымша қаржы қосылу үшін олар арнайы аттестациядан өтеді. Мектепке дейінгі және кейінгі мекеме тәлімгерлерінен бөлек, орта білім жүйесіндегі ұстаздарды қосқанда жалпы саны 100 мың мұғалім өз білімін арнайы тест кезінде дәлелдеуі …

Подробнее...

Ағасы қарындасын балтамен ұрып өлтірді

Таразда 15 жастағы бозбала туған қарындасын балтамен ұрып өлтірді. Оның бұл әрекетіне екеуінің арасындағы планшет таласы себеп болған көрінеді. Жасөспірім өзінен бес жасқа іші бауырын түн ортасында мерт қылып, мәйітін далаға сүйреп, шығарып тастаған. Ал, көршілері баланың мұндай қылмысқа баруы мүмкін емес дейді. Сонда олар кімнен күдіктеніп отыр?

Подробнее...

Елордада ертең сауда, ойын-сауық орталықтары ашылады

Елордада эпидемиологиялық жағдайдың дұрысталуына байланысты ертеңнен бастап сауда орталықтары ашылады. Қаланың бас санитар дәрігері астаналықтарды осылай деп бір қуантты. Алайда, тұрғындар сақтық шараларын сақтамаған жағдайда, карантин режимі қайта енгізілетінін ескертті. Ал аймақтарда қызыл тізімнің күнделікті ұлғаюы әлі де бәсеңдемей келеді. Әсіресе, Атырау мен Қостанай облыстарындағы жағдай мәз емес екен.

Подробнее...

«5-10-20»: Баспана кімге бұйырады?

«5-10-20» бағдарламасы аясында кімдердің баспаналы болатыны белгілі болды. Оған сәйкес, азаматтардың әлеуметтік санаты рөл ойнамайды. Бұл жолы отбасы мүшелерінің айлық табысына баса назар аударылмақ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Үкіметте осылай деді. Яғни, кірісі әрбір отбасы мүшесіне шаққанда 3 күнкөріс минимумынан аспайтын азаматтар «5-10-20» бағдарламасына іліге алады. Осы орайда айлығы шайлығына жетпейтіндерді Үкімет қалай жарылқамақ?

Подробнее...

Қалың ел Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Алаш жұрты белгілі журналист, танымал тележүргізуші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Бейсен Құранбекті ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасу рәсімі өзі өмірінің соңғы жылдарында қызмет еткен «Жетісу» телеарнасының жаңа ғимаратында, Талдықорғандағы Журналистер үйінде өтті. Жаназаға жан-жақтан келген жұрттың қарасы көп болды. Қаралы митингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айту жеделхатын оқып беріп, оны …

Подробнее...
X