10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Мемлекеттік бағдарлама арқылы алынған үйдің тоз-тозы шыққан

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға алған үйдегілердің жағдайы мүшкіл. 8 жылдан бері тұрып жатқан баспаналарының тоз-тозы шыққан. Ал әкімдіктің балансындағы көпқабатты үйді күтіп-ұстауға жауапты компаниялардың жұрттан жиып алған ақшаны қайда жұмсағаны белгісіз. Тұрғындар бізге қаражаттың тіпті есебін де берген жоқ деп наразы. Жұрттың жанайқайын кім тыңдайды? Өз қарауындағы үйді бақылауға шенділер неге қауқарсыз?

Подробнее...

Кәсіпкерлерді қолдау шаралары қарастырылуда

Төтенше жағдайдан кейін есеңгіреп қалған экономиканы қалпына келтіру жоспары әзірленіп жатыр. Әзірге тек биылға арналған бағдарлама дайын. Онда шағын кәсіпкерлерді қолдауға ерекше мән берілген. Жеңілдетілген несие береміз дейді. Кәсіпкерлердің бәрі бұл бастаманы жылы қабылдаған жоқ. Құрдымға кеткендерді демеуді қояйық деп талап етуде.

Подробнее...

Балабақша аспазы: тартылған еттен сабынның иісі шығады

Балабақшада балаларыңыз немен тамақтанып жүргенін білесіз бе? Семейдегі мектепке дейінгі мекемеден шу шықты. Бүлдіршіндерге ас әзірлеп жүрген бір топ аспаз әкелінетін азық-түліктердің сапасы сын көтермейтінін, тамақты жиі пайдаланған балалардың денсаулығы сыр беруі мүмкін екенін айтып дабыл қақты. Мекемеге ең арзан тауарлар тасымалданады екен. Арасында, пайдалану мерзімі өтіп кеткен заттар да кездесетін көрінеді. Мұны естіген бір топ ата-ана басшының орнынан кетуін …

Подробнее...

Талаптар сақталмаса, карантин қатаңдатылуы мүмкін

Карантин талаптары жеңілдетілгелі жұрттың жағасы жайлауға кетті. Өзге өңірлерді айтпағанда, коронавирусты жұқтыру жағынан 2-орында тұрған астаналықтар босаңсып барады. Шағын сауда орындары мен қоғамдық көліктерде маска тақпаған ығы-жығы халық. Ол аздай іске қосылған нысандардың кейбірі санитарлық талаптарды сақтамай, ережені өрескел бұзуда. Бірнеше күннің ішінде дәл осындай 25 нысан анықталған. Жағдай осылай жалғаса берсе елордада карантин қайтадан күшейтілуі мүмкін. Ал, бүгін ашылған …

Подробнее...

Отандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуде

Отандық ғалымдар әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіле бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдар әзірлеген инфекцияға қарсы инактивацияланған вакцинаны тіркеді. Препаратты еліміздің БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірлеген.

Подробнее...

Сардобадан ағып келген балықтарды жеуге тыйым салды

Мамандар оңтүстік жұртына балықты тұтынуға, тіптен басқа да мақсатта пайдалануға болмайтындығын айтып дабыл қағып отыр. Жағдайға Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай себеп болған. Олардың айтуынша, Сардоба су қоймасынан келген қызыл сумен өңірімізге ондағы балықтар да жеткен. Тиісінше, судың ластығына байланысты желбезектілер жеуге жарамсыз.

Подробнее...

Мақтааралда малдың өлексесіне дәніккен шибөрілер қаптады

Ауылын су басқан Мақтааралдықтар енді жыртқыш аңдардан сескеніп отыр. Өйткені, қаңырап бос қалған ауылдардағы үй құстарына шүйбөрілір дәнігіп алыпты. Сонымен қатар, малдың өлекселері де тәуір жемтік олар үшін. Онсызда жығылған жұртқа жұдырық болған жағдаймен қазірде арнайы мамандар айналысып жатыр екен. Олар бар болғаны 3 күннің ішінде 11 жыртқышты ұстаған.

Подробнее...

Бейбіт күнгі жол бомба түскендей шұрқ-тесік

Жолға бомба түскендей. Тасжолдың ой-шұңқырын креативті ролик арқылы көрсеткен блогер жұрттың қызу қолдауына ие болды. Ешбір жарылыссыз-ақ жүруге келмейтін жағдайға түскен жолды келемеж еткен жігітті біздің арнаның тілшілері тауып сұхбаттасты. Ал өзге өңірде төселуі тиіс асфальттің жартысы жоқ болып кеткен.

Подробнее...

Елімізде 2 тәулік ішінде 590 адам вирус жұқтырды

Соңғы екі тәулікте ел ішінде коронавирус қайта өршіді. 48 сағатта жаңадан дәрігерлер 590 адамнан індет анықтаған. Сөйтіп, вирусқа шалдыққандар саны алты жарым мыңға жуықтады. Әсіресе, вирус жабысқандар Шымкент, Алматы қалалары мен Атырау облысында көптеп тіркелуде.

Подробнее...

Бейсен Құранбек дүниеден озды

Бүгін қазақ журналистикасы үшін қаралы күн. Майталман журналист, «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек өмірден өтті. Әріптесіміз қатерлі ісікке шалдығып, соңғы бір жылын емделумен өткізген еді. Көрерменнің көзайымына айналған білгір маман бүгін таңға жуық

Подробнее...
X