Базардағылар шу шығарды. Автокөлік бөлшектерін сататындардың ақтөбелік шенділерге өкпесі қара қазандай. Жергілікті биліктегілер бізді алалайды деп отыр. Өйткені, бір базардың ашылуына тыйым салса, енді бір дәл осындай сауда орындары алаңсыз жұмысын жалғастырып жатыр екен. Жиналған жалға алушылар мәселенің мән-жайын санитарлар түсіндіріп беруді талап етті.
Подробнее...Новости
Президенттің туған күні: отбасында туған күн тойланбайды екен
Қазақстан Президенті кеше, 17 мамыр күні 67 жасқа толды. Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет тізгінін қолына ұстағалы бері болып отырған екінші туған күні. Алайда, аспанға атылған отшашу да болмады, концерт ұйымдастырылып, құттықтаулар да айтылмады. Бұған себеп, Қасым-Жомарт Кемелұлы жылына бір келетін төл мерекесін дүбірлетіп атап өтуді жаны қаламайды екен. Неге? Ал, қарапайым қазақстандықтар Президентті қалай құттықтады, қандай өтініштерін айтты?
Подробнее...Мешіттер ашылды
Бүгіннен бастап елордада мешіттер де есіктерін айқара ашты. Екі айлық карантинде жұрт Алла үйін әбден сағынған тәрізді. Құлшылық етем деушілердің қарасы қалың. Ораза айында бәрі жапатармағай мешіттерге ағылып, намаз оқып, әруақтарға Құраның бағыштауға асық. Мұндай жағдайда санитарлық нормалар сақталып жатыр ма? Барша мұсылман қауымы асыға күтіп жүрген Қадір түнін биыл қалай күткен жөн?
Подробнее...Жедел жәрдем жүргізушілері үстемақыны толық алмаған
Ақтөбеде жедел жәрдем бекетінің жүргізушілері шу шығарды. Олар індет кезінде әкімдіктегілер тағайындаған үстемақыдан құр қалдық, дейді. Бастапқыда 100 мың теңге төлейміз деп уәде еткен. Ал қолымызға тигені тек 34 мың ғана деп отыр. Өмірін қауіпке тігіп, науқасқа бірінші жететін 103-тің бригадалары басшылықтың тіпті коронавирустан қорғанатын костюмдермен де толық қамтымағанын айтып, наразылығын білдірді. Бір рет киіп, лақтырып тастайтын қорғаныш киімдерін қайта …
Подробнее...Стоматологияда көз жұмған балаға қатысты іс тоқтатылды
Қарағанды стоматологиясында көз жұмған балаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Сот шешімі бойынша анестезиолог-дәрігер Мария Наумова кінәсіз деп танылған. Еске салсақ, медициналық маман 13 жастағы қыздың тісін емдеу барысында наркоз салып, салдарынан жасөспірімнің жүрегі тоқтап, оқиға орнында тілге келместен қайтыс болған еді.
Подробнее...Қалпына келтіру жұмыстары басталды
Түркістан облысында тасқын судан зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен сел жүрген аймақтар 4 секторға бөлініп, оған көршілес үш ауданның жұмысшылары тартылып отыр. Ал, Шымкентте су басқан 60 үй басқа жаққа көшіріледі. Қазір, тұрғындарға өтемақы беру жағы қарастырылып отыр.
Подробнее...Алматыда дауылдан ағаштар құлап, көліктерді зақымдады
Алматыда дүлей дауылдан 19 ағаш құлап, оншақты автокөлікке зақым келді. Онымен қоса шелектеп құйған жауыннан жиырмадан астам үйдің ауласын су басқан. Табиғи апаттың салдарын жою үшін төтеншеліктер түні бойы жұмыс істеді. Қазір де көшелерді құлаған талдардан тазартып жатыр. Көлігі қираған тұрғындар қиайып тұрған ағаштарды уақытылы күземеген әкімдікті кінәлайды. Олардың сөздерінің жаны бар сияқты. Өйткені бұл — Алматыдағы бірінші жағдай емес. …
Подробнее...Көне қорымдарды тонаушылар көбейген
Елімізде тарихи мұраны тонаушылар көбейді. Көне қорымдар жаппай жермен-жексен болды деп отандық археологтар дабыл қағып жатыр. Соңғы дерек, осыдан бірер күн бұрын ғана тіркеліпті. Желіде Ертістің жағасында орналасқан көне қалашықтың орнын ақтарып, рұқсат алмастан қазба жұмыстарын бастаған жастардың видеосы тарады. Олар кімдер? Құзырлы органдар қайда қарап отыр?
Подробнее...Домбыра пішінді саябақ төңірегіндегі дау
Домбыра төңірегіндегі дау. Абай Құнанбайұлының кіндік қаны тамған мекенге салынғалы жатқан саябаққа қатысты сөз жарыстыру толастар емес. Бірі домбыраны жерге таптау десе, екіншілері ұлттық дүниенені насихаттаудың ерекше формасы деп қолдауда. Ақынның мерейтойы қарсаңында басқа қандай көңілге қонымды шаруалар іске асуда?
Подробнее...Қызылағаш оқиғасына 10 жыл
45 адамның өмірін жалмаған Қызылағаш оқиғасына биыл 10 жыл. Ел аман, жұрт тынышта су қоймасының бөгеті бұзылып, тұтас бір ауылды су шайып кетіп еді. Қыруар шығынға батқан билік су сақтайтын бөгеттердің сапасын түгелдей тексеріп, жөндеуге уәде еткен сол кезде. Арада бақандай 10 жыл өтсе де, еліміздегі су қоймаларының тең жартысы жөндеуді қажет етіп тұр.
Подробнее...






