Бүгіннен бастап елдегі теміржол вокзалдарының жұмысын қайта жанданды. Ел ішіндегі пойыздар келесі айдың бірінен қатынай бастаса да, билеттер саудаға таңнан бастап түсті. Мамандарға сенсек, түске дейін 179 кассада 23 мың билет сатылған. Кейбір қазақстандықтар карантиннен кейін билеттің қалмағанына наразы. Жалпы алдағы күндері тағы қандай нысандар ашылады? Билет неге жоқ?
Подробнее...Новости
Автобустар жүре бастады
Бүгін бірнеше қалада қоғамдық көліктер жүре бастады. Карантин уақытында жұрт бағасы қымбат такси жалдап шығынданған еді. Осыны ескерген мемлекеттік комиссия жолаушы тасымалына жан бітіру жөн деп шешті. Бір ғана елордада 400-ге жуық қоғамдық көлік таңғы 7-де жұмысын бастап кеткен. Бірақ, кейбір өңірлерде санитарлық талаптар бірінші күннен-ақ бұзылып жатыр. Көлікке отырғанда нені ескеру керек?
Подробнее...Республикалық жолдардың бойына 22 дәретхана салынады
Республикалық трассалардың бойына 22 дәретхана салынатын болды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясындағылар хабарлады. Бұған дейін 2020 жылға дейін инвесторлардың көмегімен 282-сін салу жоспарланған еді. 40 нысанды орнату туралы байқауды 2019 жылға белгілеген. Бірақ, бәсекелестік болмағаннан кейін, ол өтпей қалған. Байқау шартына сәйкес, әр инвестор өз қаражаты есебінен салып, оны мемлекетке тегін тапсырады.
Подробнее...Полицейлердің оқ атуына не себеп?
Бейбіт күнде оқ атылды. Тәртіп сақшыларының пәрменімен тұрғындарға қарсы Калашников автоматы гүрс етті. Әуелі оның видеосы желіні шулатты. Бір топ адамның жанына полицей көлігімен келген ер адам әй-шай жоқ жағадан алып, жақтастарына «ұрысқа дайындал», «түгел кісенде», «ат-қират» деп айқай салды. Бұл жұрт неге жиналып тұр? Өздерін тәртіп сақшысымыз дегендер полицейлерден гөрі содырларға ұқсайды. Әйтпесе неге камуфляж киіп, бетперде тағып, кроссовки …
Подробнее...Оңтүстікті жауыннан кейін су шайып жатыр
Түркістан облысы тағы да тасқыннан зардап шегіп жатыр. Бірнеше ауылдың тұрғындары түн ішінде өре түрегелді. Бұл жолы бөгет емес, нөсер жаңбырдың кесірі. Елдімекендердің бірінен соң бірін су шайып жатыр. Үйлер мен аулалар сарқын суға толып қалған. Селдің күші көпірлерді қиратып, көлденең кездескен кедергілердің бәрін жайпап өтті. Қырық минуттың ішінде жауған жаңбырдың бір айлық нормасы тасқынға айналып, Қазығұрт, Сайрам, Бәйдібек және …
Подробнее...Саудагерлер: жабулы тұрған орнымыз үшін ақы талап етіп отыр
Елордада саудагерлер шу шығарды. Бас қаладағы орталық базар маңына жиылған 500-ге жуық кәсіпкер өздерінің заңды тауарларын ала алмай жүргендерін айтады. Шаш етектен шығынға батқан жұрт жұмыс бастайын десе, базар әкімшілігі олардан алдымен орындардың ақысы мен коммуналық үшін төлемдерді талап етіп жатқан көрінеді. Ал, бұған дейін карантинде жатқан жұрт жабық базардағы құлыптаулы тұрған орындар үшін бір тиын да төлемейміз дейді. Үш …
Подробнее...Мал өлекселері қайда жіберіледі?
Мақтааралдағы апатты аймақтан 800 бастан астам малдың өлексесі шығарылды. Ал өлекселер қалай жойылып жатыр деген заңды сауал туындайды? Зерттеп қарасақ, аумақта бірде-бір, малдың өлексесін өртейтін Беккари шұңқыры жоқ екен.
Подробнее...Жайылым жерлер жекенің қолында
Әкім уәде еткен жер қайда? Ақмола облысына қарасты Жалғызқұдық ауылының тұрғындары кең жерде отырып, жапырақтай жайылым таппай қалды. Талай жылдан бері ауызсудың азабын тартып келе жатқан елдімекенге енді жердің жыры жұдырық болды. Тіпті ауыл маңындағы көл де бәзбіреулердің иелігіне өтіп кеткен екен. «Сатылмаған не қалды?» деп налыған жұрттың жанайқайын тілшіміз Айғаным Достанбай тыңдап қайтты
Подробнее...Баға ырыққа көнбей барады
Баға бағынбай барады. Алматы дүкендеріндегі азық-түлік пен қажетті тауарлардың құны өскен. Сонымен қатар, жұрт кәсіпорындардың да қызмет құны көтерілгендігін алға тартуда. Карантин кезінде тиын санап, тиянақты жұмсауға тырысып жатқан жұртшылық ары қарай не боларын болжаудан да қалған. Өйткені, құнды құнттап ұстауға қауқар жетер емес.
Подробнее...Теңгенің жағдайы қалай болмақ?
Наурыз айында ғана бір доллардың құны 450 теңгеден асып, төгіліп кете жаздап тұрған еді. Айналасы бір айдың ішінде көпшілік болжағандай аспандап кетпей, керісінше бағасы түсіп, бұл күні 420 теңгеден сатылып жатыр. Бұл не? Уақытша құбылыс па әлде теңгені елді есеңгірететіндей еркін айналымға жіберудің алдында қолдан ұстап тұру ма?
Подробнее...






